Оқу үшін
В разделе материалов: 13 Показано материалов: 6-10 |
Страницы: « 1 2 3 » |
Математика (гр. μάθημα — ғылым, білім, оқу; μαθηματικός — білуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1]
Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.Мазмұны [жасыр]
1 Математика тарихы
1.1 Көне Мысыр математикасы
1.2 Ежелгі Бабыл математикасы
1.3 Ежелгі Урарту математикасы
1.4 Ежелгі Грекия
1.5 Үндістан
1.6 Қытай
1.7 Араб математикасы
1.8 Орта ғасырлар математикасы
1.8.1 Әл-Хорезмиге дейінгі ислам математиктері
2 Араб сандары
3 Әл-Хорезми
4 Насыр ад-Дин ат-Туси
5 Шамс ад-Дин ибн Ашраф Ас-Самарқанди
6 Абу ал-Қужанди
6.1 Еуропалықтар
6.2 Заманауи математика
6.3 Арифметика
6.4 Геометрия
6.4.1 Планиметрия
6.4.2 Стереометрия
6.5 Алгебра
6.6 Алгебралық өрнек
6.7 Анықталмаған теңдеу
6.8 Архимед акциомасы
6.9 Аполлониус теоремасы-1
6.10 Аполлониус теоремасы-2
6.11 Алгебралық функция
6.12 Айнымалы шама анализі
7 Пайдаланылған әдебиеттер
8 Сілтемелер |
Биографиясы
Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (25.2.1956 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – ғалым, физика-математика ғылым докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі (1995). 1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, [[Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. [1] |
К.А.ХАСЕИНОВ
МАТЕМАТИКА КАНОНДАРЫ, Алматы, 2004 жыл, тираж 3 000
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарының студенттері үшін жоғары математика курсының оқулығы ретінде ұсынған
Әкем,математик Әкбар Хасеиновке,
анам, тіл маманы Нәзира Асанбаеваға
арнаймын.
К.А. Хасеинов |
Асқар Жұмаділдаев, академик:
– Аға, жақында билік шет елдегі ғалымдарды қайтару жөнінде мәселе қозғады. Қателеспесем, 125 ғалымды. Осы мәселеге қалай қарайсыз?
– Министрдің шет елдегі ғалымдарды қайтару туралы мәселесіне оң көзбен қараймын. Игі жақсылардың өз отанымызда, өз елімізде болуын дұрыс деп есептеймін. Бірақ, меніңше, бұл мәселеге басқа бір тұсынан келген дұрыс сияқты. Сол ғалымдар келе ме? Біздің ұсынысты қабылдай ма? Шет елде жалпы екі түрлі жағдаймен жүреді. Біріншісі, perment pozition – тұрақтылық. Тұрақты жұмысы бар адам келе қалса, мен оған үлкен таң қалыспен қарайтын едім. Ал уақытша жүргендер болса, келісім-шарт уақыты бітіп қалса, грантының уақыты біткен болса, оның келуі әбден мүмкін. |
Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы.
Химия элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді. Химиялық жеке заттар бір-бірінен химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша ажыратылады. Әр зат белгілі жағдайдағы физикалық қасиеттері (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді.
Заттар құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Олардың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп, химиялық қосылыстар деп атайды. Химиялық элементтер жерде шашыранды түрде таралған, әрбір химиялық элемент – атомдардың, ал химиялық қосылыс молекулалардың белгілі бір түрі. Материя қозғалысының химиялық өзгеру процесі химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакцияға атомдар, молекулалар қатысып, оның нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Реакцияға қатысқан атомдардың тек сыртқы қабаттарындағы электрондардың тығыздығы өзгеріп, ішкі қабат пен ядро өзгеріссіз қалады.
Зерттелетін нысанына қарай химия негізгі екі топқа бөлінеді: органикалық бейорганикалық
Органикалық химия негізінен көміртек атомдарынан тұратын заттардың құрылысын, химиялық қасиеттерін, құрамын, қолданылуын, табиғатта таралуын, тағы басқа зерттейді.
Бейорганикалық химия немесе анорганикалық химия барлық қалған химиялық элементтер түзетін қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді.
Quote (Мазмұны)
1 Басқа ғылымдармен байланысы 2 Салалары 3 Химияның тарихы 4 Химияның маңызы 5 Химияның міндеті 6 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Quote |
|
Счетчик
Comments: 854 Forum: 14/15 News: 11 Downloads: 28 Publisher: 27 FAQ: 6 Guestbook: 4
|