Жұма, 19.04.2024, 21:36
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Оқу үшін

Главная » Файлы » Пәндер » Математика

ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ ҚАЛЫПТАСҚАН ЖОҚ
19.09.2011, 12:59
Асқар Жұмаділдаев, академик: – Аға, жақында билік шет елдегі ғалымдарды қайтару жөнінде мәселе қозғады. Қателеспесем, 125 ғалымды. Осы мәселеге қалай қарайсыз? – Министрдің шет елдегі ғалымдарды қайтару туралы мәселесіне оң көзбен қараймын. Игі жақсылардың өз отанымызда, өз елімізде болуын дұрыс деп есептеймін. Бірақ, меніңше, бұл мәселеге басқа бір тұсынан келген дұрыс сияқты. Сол ғалымдар келе ме? Біздің ұсынысты қабылдай ма? Шет елде жалпы екі түрлі жағдаймен жүреді. Біріншісі, perment pozition – тұрақтылық. Тұрақты жұмысы бар адам келе қалса, мен оған үлкен таң қалыспен қарайтын едім. Ал уақытша жүргендер болса, келісім-шарт уақыты бітіп қалса, грантының уақыты біткен болса, оның келуі әбден мүмкін. Орыстар айтады: «Хорошо там, где нас нет» деп, ал қазақтар «көршінің тауығы қаздай, қатыны қыздай» деп. Шындығында, біз ойлаймыз, шетелде бәрі де керемет деп. Ал дүниенің барлық жері бірдей. Көзге көрінбегеннің бәрін жақсы деу тек иллюзияға сену. Қазақта мақал бар, «Отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмайсың» деген. Атақ-даңқ дегеннің бәрі бос сөз. Негізінде бізге тек күш-қуаты тасып тұрған, жиырма-отыз бестердегі жастар керек және ол жақта тұрақты жұмыс орны бар адам ғана керек. Грантының уақыты келіп, тәуір жағдайда өмір іздеп, елге қайтушыларды қолдамаймын. Мәселен, америкалық профессор мен біздегі академикті салыстырсақ, бізге қарағанда ол жақтың тұрақты қызметінде болу жүз есе артық. Себебі шет елдің профессорының тоғыз айлық, яғни бір жылдық жалақысы мен біздегі академиктің жылдық табысын салыстыра алмайсыз. Бізде ғылымға қосымша ақша төленбейді. Ондай туралы естіген емеспін. Шет елдің бір пайдасы, шынтуайтында, сол. Мысалыға, Бостон, Гарвард, Пенсильвания университеті деген университеттерден ғалымдар келіп жатса, мен оған таң қалатын едім. Ал олар келе алмайды, себебі, оның сонда лабараториясы, тақырыбы, шәкірті, жалақысы, үйі бар. Осыдан кейін ол неге келу керек? Бұл бірінші мәселе. Ал екінші мәселеге көшейік, жалпы солар бізге керек пе? Енді тағы да бір мысал айта кетейік, бізде әлемде бірен-саран ғана кездесетін ғарыш айлағы бар. Бізде космодром дамыған, керек десеңіз, ғарышқа ең бірінші Қазақстаннан ұшқан. Қазақта екі ғарышкер бар. Бірақ та, қазір сол кісілер қайда? Ал неге сол кісілерді белгілі бір жұмыспен қамтамасыз ете алмаймыз? Неге орынды сый-құрмет жасалмайды? Айналдырған екі ғарышкерге жұмыс табылмаса, ал қалған шет елден келетін ғалымдарға немізді ұсынамыз? Менің ойымша, бізге жетпей тұрған екі нәрсе бар: бірінші логиканың жоқтығы, ал екінші салыстырмалық теорияның жоқтығы. Оны былай түсіндіреміз, бізде теория жүзінде ғалымдар керек те, ал практика жүзінде керегі жоқ болып шығады. Енді ойлаңыз, мен кімнің келетінін, кімнің келмейтіні туралы айта алмаймын, ал меніңше, үкіметтің логикасы мен ісі сәйкес келу керек. Өкінішке орай бізде бәрі де керісінше, бізде мінбеде жақсы сөздер айтылады. Елбасы Н. Назарбаев бір сөзінде айтты: «Кеңестік дәуірде бізге теорияны оқытты, ал практиканы оқытқан жоқ» деп. Рас сөз. Мен тек сол ойды жалғастырушымын. Сондықтан, мен игі жақсыларды елге шақыруды батырлық екен деп білмеймін. – Кезінде жеке оқу орындарының шоқтығы биік деп саналған жеке университеттер болатын. Енді қазір де Н.Назарбаев атындағы университет ашылды. Бұған көзқарасыңыз қандай? – Мұнда бір емес, үш-төрт сұрақтың астары бар. Рет-ретімен келейік. Жалпы кімнің атымен, қандай болып ашылғандығын айтпасақ, университеттің ашылуы өте дұрыс. Казиноңыз бен барахолкалардың ашылуына қарағанда, оқу орнының бой көтеруі жағымды әсер. Өйткені сан сапаға көшеді деген принципті білесіз. Президенттің өз бастамасымен, өз бақылауына алып отырған ісін құптаймын. Бірақ бұл жерде тағы бір жағдай туындайды. Мәселен, бұл оқу орны шын мәнінде алғашқы орындағы университеттер қатарында ма? Мен үшін университет сапасы турасында үш түрлі принцип бар. Олар: бірінші, онда қандай профессорлар сабақ береді және оның қандай еңбегі бар? Екінші, оның қандай кітапханасы бар? Үшінші, оның студенті қандай ғылыми олимпиадада қандай жетістіктері бар? Ал мен аталмыш оқу орны жайында ешқандай ақпаратпен таныс емеспін. – Біз әлемде жалпы білімнен он төртінші орындамыз. Ал төртінші сыныпқа дейінгі аралықта төртінші орында екеніміз белгілі. Осы орынға қаншалықты лайықпыз деп ойлайсыз? – Иә, осы орын алып, марапатқа ие болып жатқандар қайда? Солай қарастыру жөн шығар. Ғылымның екі түрі бар. Бірі тұлпар ғылым. Мәселен, тарих ғылымы. Ол керек, оған көптің қызығушылығы да бар. Бірақ адамға ең көп пайда әкелсе де, өмір бойы сөгіс естіген бір жануар бар. Ол есек. Яғни есек ғылым. Оның бір мысалы – математика. Жаңағы айтылған жеңімпаздар сол, мектеп жасына дейін дұрыс жүйеде болады, ал әрмен қарай бұрыс жолмен жүруіне тура келеді. Себебі көбісі ғылымға келмейді. Бізде ғылымды дамытудағы дұрыс жүйе әлі қалыптасқан жоқ. – Оқу орындарында жаңа білім беру жүйесі қалыптасты. PhD үрдісін қалыптастырдық. Яғни, кандидаттық пен докторлықты қорғай алмайсыз. Мұндағы негізгі себеп, ғылымды жаңа бір түрде дамыту. Сіздің осы мәселеге көзқарасыңыз? – PhD дегеннің негізі Ұлыбританияда пайда болған. Түптеп келгенде, кандидаттық та, докторлық та, PhD дегеніңіз де бір нәрсе. Мен үшін ол маңызды мәселе емес. Жалпы білімде реформа көп, бітер де емес. Оның әрбірін таңсық етіп қабылдай беру білім мен ғылымды дамытып жібереді деп ойламаймын. – Қазір де университет көп. Барлығы да жоғарғы оқу орындарының түлектері. Ал техникумдар, кәсіптік білім беру саласы дамымай жатыр. Осыған қалай қарайсыз? – Жалпы, қазақтың бәрі университет бітіру керек деген сөз қайдан шыққанын білмеймін. Қайда барсаң, екі-үш дипломы бар қазақ жұмыс таппай жүреді. Путин Ресейдің өнеркәсібіне 80 пайыз көлемінде кәсіптік білімі бар адам керек екенін айтты. Грантты азайту керек те, оқудың ақысын көбейту керек. Себебі қазір ғылым ойыншық болып кетті. Әлдекімдер келіп, оқу орнынан ешқандай да білім алмай, дипломын сатып алып-ақ кететін үрдісті шығарды. Бұл қатерлі нәрсе. Жемқорлық, парақорлық деген індеттер кең етек жайды. – Қазір де білім дамыса, ұлттық өнім де дамитыны белгілі. Ал енді ұлттық өнімнен импорттың тоқырайтынын еске алсақ, біздегі әлеуметтік жағдай шама-шарқынша дамуды бастан өткеретін еді. Бір қиыны, ғылымның дамуы жоғарыдағы белгілі бір топтардың мүддесіне қайшы келеді деген лепес бар. Сондықтан, ғылым қасақана дамымай отырған сияқты. – Теория мен практикаға тағы да келеміз. Теория жүзінде біз мемлекетті дамытуымыз керек. Ал практика жүзінде ол ешкімге өнімсіз. Сондықтан да, механизмді қайта қарап шығу керек сияқты. – «Болашақ» бағдарламасы бізге не береді? – Мен білетін анық нәрсе, математика ғылымына келген ешқандай ғалым жоқ. Бірақ мен «Болашақ» бізге ештеңе де бермейді деп кесіп айта алмаймын. Бұған біржақты қарай алмаймын. – Сіздің салаңызда Нобель сыйлығы берілмейді. Неліктен? – Оның әңгімесі көп қой. Өз басым сыйлықтың неге берілмейтіні жайлы ойланып та көрмеппін. Сый жайлы ғалым адам ойламауға да тиіс . – Әңгімеңізге рахмет! Ардақ ҚҰЛТАЙ
Категория: Математика | Добавил: Amankulov | Теги: ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ
Просмотров: 1621 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Математика [5]
Математика
Химия [1]
Химия
Физика [2]
Физика
Биология [1]
Биология
Информатика [0]
Информатика
Қазақ тілі [0]
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақ әдебиеті
Русский язык [0]
Русский язык
Русская литература [0]
Русская литература
География [3]
География
Қазақтан тарихы [0]
Қазақтан тарихы
Дүние жүзі тарихы [0]
Дүние жүзі тарихы
Шетел тілі [0]
Шетел тілі
Бастауыш сыныптар [0]
Бастауыш сыныптар
Адам және қоғам [0]
Адам және қоғам
Ән күй (Музыка) [1]
Ән күй (Музыка)
Еңбек (Технология) [0]
Еңбек (Технология)
Сурет, сызу [0]
Сурет, сызу
Құқық негіздері [0]
Құқық негіздері
Дене шынықтыру [0]
Дене шынықтыру
Өзін-өзі тану [0]
Өзін-өзі тану
Экология [0]
Экология
Экономика [0]
Экономика

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу