Жаңалықтар
В категории материалов: 13 Показано материалов: 5-6 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 » |
Сортировать по:
Дате ·
Названию ·
Рейтингу ·
Комментариям ·
Просмотрам
АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» Ақтөбе өңірін ғана емес, Қазақстанның облыстарын аралап, көрермендерді күлкіге кенелтіп жүрген «Екі Езу» миниатюралық театры Наурыз мерекесі қарсаңында екі күн қатарынан кезекті қойылымын көрсетті. Театр әртістері бұл жолы жаңа бағдарламасымен жаңа қырынан танылды. Екі күн бойы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер сарайы көкірегі ашық, көзі қарақты көрерменге толы болды. Өйткені «Екі езу» ұсынған жаңа мерекелік бағдарламаның айтары көп екен. Бір байқағанымыз, жаңа бағдарлама бүгінгінің өзекті мәселелеріне арналған. Театрдың басшысы әрі көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқанның сын-сықақтарды саралап, жеңіл күлкіге ұрынбай, халыққа ой салатындай етіп жазғаны, кемшілік - міндерді түзеуге ұмтылғаны көрініп тұрды. Концерттік бағдарлама өн бойы тұтас композицияға құрылған. Интермедиялар мен монологтарда, сахналық көріністер арқылы қазақтың бойындағы кемшіліктер мен қоғамдағы олқылықтарды шебер ашып көрсете ойнаған әртістердің өнерін қарап отырған әр көрермен күле отырып, ойға қалғаны анық. |
Қиял мен қылқалам Сағыныш. Мұң. Қуаныш... Бір минуттың ішінде осыншама сезімді бойдан кешірдім. Оған не себеп болды дейсіз ғой? Әңгімені әріден баста-йын. Бір кеңседе ілулі тұрған суретке көзім түсті. Келген жұмысымды ұмытып, керемет туындыға қарай беріппін. Майлы бояумен салын-ған шығармада кең жазық дала, шағын қыраттар және бұлтты аспан бейнеленген. Суреттің ерекшелігін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес, тек көзбен ғана көріп тамашалау керек. Туындыға қарап отырып, балалық бал дәуренім өткен Кішіқұм өлкесін елестеді. Ал суреттің иесі, мемлекеттік қызметкер шығармада өзінің туған жері Қарғалы ауданы бейнеленген деп қоймады. Не десек те ерекше шығарма авторы көрермендердің көңілін дөп басыпты. Картинадағы қолтаңбаға қарап «Тұрар Ұзақбаев» деген азаматты іздеуге кірістім. «Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан» дегендей, оны әріптестерімінің бірі танитын болып шықты. Сонымен кезекті кейіпкеріміз жас суретші, дизайнер - Тұрар Ұзақбаев. |
|
Счетчик
Comments: 854 Forum: 14/15 News: 11 Downloads: 28 Publisher: 27 FAQ: 6 Guestbook: 4
|