Бейсенбі, 28.03.2024, 16:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ»
АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ»
Ақтөбе өңірін ғана емес, Қазақстанның облыстарын аралап, көрермендерді күлкіге кенелтіп жүрген «Екі Езу» миниатюралық театры Наурыз мерекесі қарсаңында екі күн қатарынан кезекті қойылымын көрсетті. Театр әртістері бұл жолы жаңа бағдарламасымен жаңа қырынан танылды.
Екі күн бойы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер сарайы көкірегі ашық, көзі қарақты көрерменге толы болды. Өйткені «Екі езу» ұсынған жаңа мерекелік бағдарламаның айтары көп екен.
Бір байқағанымыз, жаңа бағдарлама бүгінгінің өзекті мәселелеріне арналған. Театрдың басшысы әрі көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқанның сын-сықақтарды саралап, жеңіл күлкіге ұрынбай, халыққа ой салатындай етіп жазғаны, кемшілік - міндерді түзеуге ұмтылғаны көрініп тұрды. Концерттік бағдарлама өн бойы тұтас композицияға құрылған. Интермедиялар мен монологтарда, сахналық көріністер арқылы қазақтың бойындағы кемшіліктер мен қоғамдағы олқылықтарды шебер ашып көрсете ойнаған әртістердің өнерін қарап отырған әр көрермен күле отырып, ойға қалғаны анық.
Бұған мысал керек пе? Мәселен, «Жанжал» интермедиясында қандай да бір шаралардың басшылар келмейінше, мейлі уақытынан асып кетсін, басталмайтынын, сондай-ақ өнерге жаны ашымайтын басшылардың концерттерге бармайтынын айтып, бір түйреп кетті. Залдан айқай сала, өре түрегеліп, қойылымды әкім келмей бастатпаймын деп, жанжал шығарған Қарақалпақстаннан оралған қандасымыз Қаржаубай Тәңірбергенов сомдаған қарияға алғашында көрермен кәдімгідей нанып қалады. Әртістің өзі айтқандай, Қаржаубайды көрерменге тауып берген «Екі езу» театры. «Территория» интермедиясында қылмысты ашудан, адамға көмек көрсетуден бұрын «мынау маған қарасты аумақ немесе менің аумағым емес» деп, өзінің қара басының амандығын ойлайтын полиция қызметкерлері мен тек пайда табуды көздейтін дүмше молдалар сынның өткір найзасына алынды.
Телеарнадағы «Бармысың, бауырым?» бағдарламасына ұқсас «Біз тауып береміз» көрінісінде ар-ұятын жоғалтқан бетсізге ұятын, сайлау кезінде дауысын жоғалтқан, тек құрғақ уәдемен бәрін қарқ қылатын депутатқа дауысын, қылмыскерді жоғалтқан полиция қызметкеріне қылмыскерін тауып беруі өте сәтті шыққан. Сәтті болатын себебі, мұның бәрі өмірде болып жатқан, күнделікті көзімізбен көріп жүрген оқиғалар.
«Екі езу» сынға алған басқа да кемшіліктер шынайы орындалды. Сын-сықақтарда бүгінгі күннің басты проблемасы — ұлттық тіліміздің жағдайы да назардан тыс қалмаған. Тіл тазалығы орынды көтерілген. Мәселен, жастар жағы кейбір сөздерді орынды-орынсыз қолдануға әуестеніп кетті. Мысалы, керемет, тамаша актер дегенді жынды актер екен дейді. Риза болып отырып, жынды дегені несі? Картоп жарды, домбыраны жейді екен деген сияқты жастар көп қолданатын, бай таза тілімізді шұбарлау мәселесі өткір көтерілгені сондай, тыңдап отырып, күлесің, күліп отырып, тілдің мүсәпір халіне жылағың келеді.
Тастанды балалар тақырыбы -қазіргі кезде ұлт қасіретіне айналды. Ащы да болса, шындық, қазір тастандылар көбейді. «Тастанды шарана» интермедиясында мұхит асырып АҚШ-қа алып кетпек болған шетелдік, өз жетімін өзге елдің адамына бермек болған қазақ... Жат жерде өсетін баланың тағдыры... Бәрі де нанымды, көзбен көріп, құлақпен естіп жүрген рас оқиғалар. Мұның арғы жағында жеңілтек қыздардың көбейіп бара жатқаны, балалар үйлерін қаракөздер толтырып отырғаны, ақша үшін тастанды баланы сатып жіберуге дайын шенеуніктер, осындай ұлтымызға жат оқиғаға тоқтау салу мәселесі өткір көтерілген.
Өшіп барып, қайта тірілген қазақтың айтыс өнерінің де соңғы жылдары тұралап қалғаны рас. Ал айтыскерлер арасында сөз сайысы кезінде басшыларды орынсыз мақтап, жағынып қалатындары бар екені де өтірік емес. Немесе сен ананы айтпа, мынаны айт деушілер де кездеседі. Міне, осындай келеңсіз көріністер «Екі езу» бағдарламасында ашық көрсетілді.
Өмірдің осындай түйткілдеріне құрылған сықақтарды Нұрлыбек Жұбатқан, Құралбек Құрманғалиев, Мұхит Нұрдәулетұлы, Қаржаубай Тәңірбергенов, Бекбол Тәтебаев, Берік Нұрмағамбетов және Алтынгүл Жұбаниязова сенімді орындап шықты. Артистердің қай-қайсысы да өздерінің актерлық шеберліктерінің жетілгенін, қандай рольді болмасын алып шыға алатындарын көрсетті. Тіпті театрға жаңадан алынған Алтынгүл Жұбаниязова, Мұхит Нұрдәулетұлы сияқты жастар кәнігі төселген Берік Нұрмағамбетов, Бекбол Тәтебаев, Құралбек Құрманғалиев сияқты байырғы «екі езуліктерден» кем ойнамайтындықтарын көрсете білді.
«Екі езу» артистері тек интермедияларды ғана емес, монологтарды да өте жақсы орындап шықты. Шындығын айту керек, монолог орындау, оны көрермендерге жеткізе білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Біздің орындаушылар осы үдеден шығып, көрермендер көңіліне жол таба алды.
—Біз үнемі ізденіс үстіндеміз, — дейді Нұрлыбек Жұбатқан. — Бағдарламаны қайта қарап, түбегейлі жаңарттық. Және тек бәрін өз күшімізбен жасадық. Жеңіл күлкіден гөрі тәрбиелік мәні бар, айтар ойы бар шығармаларды әдейі таңдап алдық. Өйткені біз көрермен талғамының жоғарылығын ескердік. Шындығында көрерменді қазір сайқымазақ көрініспен, идеясы жоқ, арзан күлкіге құрылған сықақпен қызықтыра алмайсың.
Нұрлыбек Жұбатқан қазіргі кезде сахнаға лайық сатиралық шығармалардың жоқтығын да айтады. Негізінде сықақ әңгімелер аз емес. Бірақ сахнаға арналған, актерларға лайықталып жазылған шығарма жоқтың қасы. Сондықтан, әсіресе соңғы кездері Нұрлыбек Жұбатқан өз театрының әртістері үшін сықақ, монолог, интермедияларды өзі жазуға мәжбүр. Театр өмір сүруі үшін тың дүниелер керек. Авторлар қашан жазып, ұсынады екен деп күтіп жүрмейді. Ол әсіресе ауылдық жерлерге гастрольге барған сайын өз сықақ әңгімелеріне, интермедияларына тың тақырыптар тауып келеді. Авторлығы үшін бір тиын алмайтынына қарамастан, жоқтан бар жасайды. Театр әртістері оны халыққа сенімді етіп жеткізіп жүр. Олардың бәрі қалт еткенді құр жібермей, құлақтарын түріп, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ізденген мұратына жетеді дегендей, «Екі езу» миниатюралық театры қазір шығармашылық өсу үстінде. Оны халқы да көріп, бағалап отыр. Екі күн қатарынан болған концертке билет түгел сатылып кетті. Бұл «Екі езудің» қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Айтпақшы, көрермендер үшін таяу күндері тағы да көңіл көтеруге мүмкіндік бар. «Екі езу» езуіңді жидырмайтын концертін көрермендердің сұрауымен 1 сәуір-де сағат 19.00-де Студент-тер сарайында Күлкі күніне арнап тағы қайталап, ұсынады. «Екі езудің» жап-жаңа бағдарламасын көре алмай, күпті болғандарға еске саламыз.
Бердібай КЕМАЛ, kemal_62@mail.ru
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 1808 | Теги: АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу