Жұма, 10.05.2024, 19:36
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

Қиял мен қылқалам
Сағыныш. Мұң. Қуаныш... Бір минуттың ішінде осыншама сезімді бойдан кешірдім. Оған не себеп болды дейсіз ғой? Әңгімені әріден баста-йын. Бір кеңседе ілулі тұрған суретке көзім түсті. Келген жұмысымды ұмытып, керемет туындыға қарай беріппін. Майлы бояумен салын-ған шығармада кең жазық дала, шағын қыраттар және бұлтты аспан бейнеленген. Суреттің ерекшелігін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес, тек көзбен ғана көріп тамашалау керек. Туындыға қарап отырып, балалық бал дәуренім өткен Кішіқұм өлкесін елестеді. Ал суреттің иесі, мемлекеттік қызметкер шығармада өзінің туған жері Қарғалы ауданы бейнеленген деп қоймады. Не десек те ерекше шығарма авторы көрермендердің көңілін дөп басыпты. Картинадағы қолтаңбаға қарап «Тұрар Ұзақбаев» деген азаматты іздеуге кірістім. «Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан» дегендей, оны әріптестерімінің бірі танитын болып шықты. Сонымен кезекті кейіпкеріміз жас суретші, дизайнер - Тұрар Ұзақбаев.
Суретші дегенде көз алдыма қаба сақалды, орта жасты алқымдаған, басына қисайта киген бас киімі бар адам елестейді ғой. Сөйтсем, қиял мен қылқаламды серік еткен суретші не бары 21 жаста. Көршілес жатқан мұнайлы өлке Атырау облысының Құлсары қаласында дү-ниеге келіпті. Туған жерінде орта білім алып, осыдан төрт жыл бұрын білім іздеп Ақтөбе шаһарына келген. Қазір Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде дизайнер мамандығы бойынша оқып жатыр. Ал суретші Тұрармен әңгіме – көктемнің ызғырық желіне қарамастан көше бойындағы гүлзарда өтті.
- Тұрар, суретшілер сұхбат беру үшін кездесуді өзінің шығармалары қойылған көрме залдарына немесе майлы бояудың иісі аңқып тұрған жұмыс орнына белгілейтін еді. Желді күні менің сауалдарыма жауап беремін деп тоңып қалмайсың ба?
- Бірнеше күннен бері бір суретті аяқтау үшін үйден шықпаған едім. Қайта далада серуендеп рахаттанып тұрмын. Өзім көктем маусымын ерекше ұнатамын. Көпшілік қар еріп, жер балшық болған кезде әбігерге түседі ғой. Мен керісінше қаланы аралап, ерекше көріністерді жадыма тоқып қалғым келеді. Мінезімде осы көктемнің алғашқы айына ұқсайды-ау деймін. Достарымның айтуынша, тұйықпын. Бірақ мықты ашуландырса, мұздай шытынап кетуім мүмкін. Бірақ еріген қар суындай тез қайтамын.
- Сөз саптауыңа қарағанда, шабытың табиғат аясында оянатын болып тұр ғой?
- Мен қиялдағаннан гөрі дәлдікті ұнатамын. Суреттерімінің басым көпші-лігінде табиғат бейнеленген. Қай жерде жүрсем де ерекше сәттерді жадымда ұстап қалғым келеді. Соны қылқаламмен суретке түсіремін. Ақтөбе - мен үшін өте әдемі қала. Әсіресе, сәулет жағынан ерекше. Қазір оқып жатқан мамандығыма да байланысты болар, соңғы кездері ғимараттардың картинасын салып жатырмын. Оның ішінде «Нұрғасыр» мешітінің көрінісі ұнайды.
- Сурет салумен қашанан бері машықтанып келесің?
- Үйдегілердің айтуына қарағанда кішкентайдан қарындашқа әуес болыппын. Алғашқы өнер туындыларымды 3 жасымда үйдің жарына салдым. (күліп.) Ол үшін әке-шешемнен сөз естігенде болармын есімде жоқ. Бірақ сол сәби жастағы қызығушылықты ұштау үшін ата -анам Құлсары қаласындағы көркемсурет мектебі-не мені оқуға берді. Сол білім ошағында осы өнердің бар қыр-сырын үйрендім. Түрлі байқау-ларға қатысып жүлдегер де атандым. 11 жасымда Италияның Неополь қаласында өткен халықаралық байқауда алғаш рет «Үздік жас суретші» деген аталым бойынша марапатталдым. Ол кезде қуанышымда шек болған жоқ. Араға бес жыл салып 2007 жылы Чехияда Лидице қаласында өткен байқауда тағы бақ сынап көрдім. Ол жақтан олжасыз қайтқам жоқ. Былтыр Қазақстан халық-тарының бірлігі күні қарсаңында өткен «Менің Отаным Қазақстан» атты шарада марапатталдым. Сол байқау нәтижесі бо-йынша өзім оқып жатқан университет қабырғасында «Дуэт» деп аталатын жеке көрмем өтті.
- Дизайнер мен суретші негізі үлкен шығармашылықты қажет етеді. Бірақ екеуі екі түрлі сала ғой. Келер жылы қолға диплом алып дизайнер атанасың. Ал суретші-лікке өміріңде орын болады ма?
- Суретші болу ол бір Алланың берген дарыны ғой. Қылқалам мен майлы бояуды қанша қолға алмаймын десем де, көңілдегі қалауға кедергі жасай алмаймын ғой. Әрине мамандығым бо-йынша жұмыс істегім келеді. Бірақ сурет салуды доғармаймын да. Қазір студент болсам да осы картиналар арқылы нәпақа тауып отырған жайым бар. Ата-анамның мойнына ауыртпалық салып отыр-ғаным жоқ.
- Суретті күн көріс қамы үшінде саласың ба?
- Енді картиналарымды жаппай сатып, байып кетіп жатқан ештеңем жоқ. Барлық шығармашылық адамдар өздерінің қабілеттеріне сай қаржы табады ғой. Мен «Solo» галереясымен келісімшартқа тұрған едім. Туындыларым сонда қойылып, қалаған адам сол жерден сатып алады. Тапсырыс бойынша да портрет, картиналар саламын. Суретші үшін туындысы елеусіз шаң басып жатқанан гөрі, бір үйдің немесе бір ғимараттың бөлмесінің төрінде ілініп тұрғаны ғанибет емес пе?
- Қазір адамдардың ғаламторға телмірген заманы болды. Шет елдерде суретшілер халықтың көрмеге, галереялар-ға аз баратындығын айтады. Сондықтан оларда өздерінің туындыларын жеке сайттарына орналастырып жатыр. Бұл жаңалыққа көзқарасың қалай?
- Ғаламторды белсенді пайдаланушылардың бірі менмін. Сондықтан мен де өз парақшамды дайындап, суреттерімді сонда орналастырып қойдым. www.uzakbaev.kz осы сайт-қа кіріп, халық менің шығармашылығыммен таныса алады. Дегенмен, көрмелерді барып тамашалаған дұрыс қой. Жақында өзімнің картиналарымның басын құрап, көрме ұйымдастырсам деймін. Ол үшін қамданып та жатырмын.
- Сәттілік тілеймін!
Сұқбаттасқан Жаңалық Ахаш
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 1833 | Комментарии: 1 | Теги: Қиял мен қылқалам | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу