АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. BNews.kz – Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына байланысты салтанатты жиналысқа қатысты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Президенті атап өткендей, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары, олардың экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды.