Теріскейінсіз күнгейі көңірсімейтін бұл өмірде әлдебір қиналыссыз, моншақтаған ащы терсіз кімде-кімнің саусағына жеміс дәні ілінбек емес. Бірақ, бұл Өмірден баз кешіп, сары уайымға салынып кету керек дегенді меңземесе керек. Ақтөбеде «Екі езу» театры әртістерінің қатысуымен 23-24 тамызда премьерасы болатын сатиралық спектакль «Әттең, қысқа өмір-ай...» деп аталады. Спектакль өмірге құштарлықты, өмірді өліп-өшіп сүюді, осы өмірдің қызығын талмай жұтуды насихаттайды. Адасып жүрген жастар үшін де тәрбиелік мәні жоғары. |