Жұма, 26.04.2024, 18:16
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

ӨМІРДІ СҮЙГЕН ӨЛМЕЙДІ
Теріскейінсіз күнгейі көңірсімейтін бұл өмірде әлдебір қиналыссыз, моншақтаған ащы терсіз кімде-кімнің саусағына жеміс дәні ілінбек емес. Бірақ, бұл Өмірден баз кешіп, сары уайымға салынып кету керек дегенді меңземесе керек. Ақтөбеде «Екі езу» театры әртістерінің қатысуымен 23-24 тамызда премьерасы болатын сатиралық спектакль «Әттең, қысқа өмір-ай...» деп аталады. Спектакль өмірге құштарлықты, өмірді өліп-өшіп сүюді, осы өмірдің қызығын талмай жұтуды насихаттайды. Адасып жүрген жастар үшін де тәрбиелік мәні жоғары.

«ҚОЙЫЛЫМ ӨМІРДІ СҮЮГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ»
Дейді сатиралық жанрдағы спектакльдің режиссері, Ғабит Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының қызметкері Сағызбай Қарабалин.
- Спектакль сатиралық жанрда көрсетіледі. Басты кейіпкер 80-ге келген үш шал. Әзірейіл жанын алуға келсе де, «өмірді сүйетіндіктерін» дәлелдеп, өлімнің өзін жеңіп шығады. Пенде деген қай уақытта болсын, өз еркімен өлгісі келмейтіні шындық қой. Бірақ сол өлгісі келмейтінінің өзін Әзірейілге дәлелдеп шығып, 40 жастағы келіншекке үйленетін адамның басынан кешкен оқиғасы әдемі әзілмен, астарлы қалжыңмен үндескен. Тіпті бір персонаждың мынадай сөзі бар «Өлімнің өзі менің өмірді сүйетіндігіме уәж таппағасын, кері кеткен» деген! Міне, көрдіңіз бе? Өмірге деген ынтықтық, ғашықтық, сүйіспеншілікті дәлелдеу де үлкен күш! Спектакль туралы айтар болсам, ұзын-ырғасы, мағынасы осыған саяды. Әрине, естіген бір бөлек, көрген бір бөлек. Сондықтан премьераны өз көзімен көруге шақырамын.
«Әттең, қысқа өмір-ай» сатиралық спектаклінде басты рөлдерді жергілікті «Екі езу» театрының әртістері Берік Нұрмағамбетов, Қаржау Тәңірбергенов, Бекбол Тәтебаев және Құралбек Құрманғалиев ойнайды. «Пай, пай, Өмір! Өтесің-ау бір күні,
Тиясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген — бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген — көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір! Өтесің-ау бір күні», — деп арқалы ақын Мұқағали Мақатаев күрсіне жырлағандай, өмір — таңғажайып дүние, сырлы, жұмбақ, қайталанбас әлем. Бірақ, әттең, тым шолақ-ау, шолақ.
«Өмір — теңіз, Өтіп кетем демеңіз,
Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз», — дейді шығыстың бұлбұл ақыны Рудаки. Шынында, өмір өткелі жеңіл емес. Одан қиналмай өту — әркімге көгілдір арман, тәтті қиял.
Міне, Өмірдің мәні дегеніміз осы.
Нұрлыбек Жұбатқан, «Екі Езу» театрының директоры:
- Қазір өмірді емес, өлімді көп айтатын болып кеттік. «Ана өмір» жайлы бесіктен белі шықпаған балаға дейін пәлсапа соққан кезде, жағаңды ұстайсың... Ау, алдымен осы өмірді жарытып сүріп алайық та?! «Ана өмірге барғанда бәлен боласың» дейді. Сол жақтың да жағдайын осы жақта жасап алған дұрыс емес пе? Өзі қамшының сабындай қысқа өмірде алысып, жұлысып, біреуге кек сақтап, өштесіп, қырғи-қабақ болып өтудің қандай қажеттілігі бар? Бұл спектакль де көрген адамға ой салатындай, ойландыратындай терең философияға құрылған. Адамдарды оптими-змге жетелеу, өмірді барлық қиындығы мен теперішіне қарамай сүюді насихаттау мақсатында құрылған астарлы спектакль әлемі әзілдермен көмкерілген. Сондықтан қазіргі пассивтік көзқарас жастарды жаппай жаулап кетпей тұрғанда, мұндай тәрбиелік мәні бар дүниелерді көп көрсетуіміз қажет деп есептеймін.
Ойтүйін:
Сонымен сатиралық спектакльдің премьерасы 23-24 тамызда Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында өтеді. «Әттең, қысқа өмір-ай» деп өкініп емес, өмір сүруге бекініп шығатындарыңызға күмәнім жоқ. Ал Өмір дегеніміз не? Бұл сұраққа кім
Индира Кереева
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 1547 | Теги: ӨМІРДІ СҮЙГЕН ӨЛМЕЙДІ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу