Жұма, 29.03.2024, 00:13
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Қоғам

Дәстүрлі және индустриялық қоғам. Қазіргі заманғы өркениет
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар туралы,қазіргі заманғы адамзат өркениеті тақырыбын ашып көрсету.Экология мәселесімен айналысатын ұйымдарға сипаттама беру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың қоғам туралы ойларын өрбіте отырып сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын үйрету ,қоғамға деген қызығушылығын арттырып,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Оқушыларды өз елін құрметтеуге,жерін сүюге тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін бойларына сіңіру арқылы қоғамдық сананы қалыптастыру, өркениеттілік идеяларына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, таратпа материалдар,
ҚР Конституциясы, Н.Назарбаевтың жолдаулары, дүние жүзі, ҚР саяси карталары.
Сабақтың техникасы: интерактивті тақта,слайдтар,магнитті тақта.
Сабақтың әдісі: СТО(Ч.Тэмпл), ТСН(В.Шаталов), деңгейлеп саралап оқыту,
дамыта оқыту технологиялары (Л.Выготский), сұрақ-жауап,инсерт әдісі.
Базалық білім: аграрлық,индустриялық қоғамдар,монархиялық мемлекеттер, құқықтық мемлекет, қазіргі заманғы өркениет, ғаламдық проблемалар, экология,биосфера, тұтыну,табиғатты қорғайтын ұйымдар, жахандану.
Пәнаралық байланыс: география , тарих , биология.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,бүгінгі сабақ ерекше екенін атап өту.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Үлестірмелер арқылы деңгейлік сұрақтарға жауап алу. Тест тапсырмаларын орындату. « Миға шабуыл » сұрақтар қою арқылы оқушылар ойын айтқызу.
3.Үй тапсырмасы және жаңа сабақ арасындағы байланыс: Сұрақ:Көшпелілер өркениеті кезіндегі шаруашылық түрлері қандай ? Жауап: Егін және мал шаруашылығы.Бұл әр мемлекет басынан өткерген дәстүрлі қоғамдар болып есептеледі.
Жаңа сабаққа кіріспе. Шығыстың атақты ғұламасы әл-Фарабидің сөзімен ашылады: «Қоғам мемлекеттен бұрын пайда болды.Мемлекеттік ұйым болып табылмайтын қоғамның болуы мүмкін,ал мемлекеттің қоғам болмауы мүмкін емес»
Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамзат өркениеті тарихи дамуы жағынан 3-ке бөлінеді:
1.Дәстүрлі қоғамдар.
2.Индустриялық қоғамдар.
3.Постиндустриялы қоғамдар.
Дәстүрлі қоғамдар-мәдени реттелуі дәстүрге негізделген, егін және мал шаруашылығымен айналысатын қоғамдар.
Бұл қоғамдарға аграрлық тұрпаттағы елдер кірді. Азия мен Европаның индустриялы қоғамға дейінгі кезеңдегі даму сипаттары бар елдер өте көп болды.Мысалы, жіктелуі аз, қауымдық рулық, тайпалық кезеңдерді басынан өткерген барлық елдерді айтуға болады. Ол қандай елдер?
Оқушыларға сұрақ қою арқылы бірнеше елдерді ататып өту.
Индустриялық қоғам-қазіргі қоғамдардың шығуын және сипатын анықтауда қолданылатын, капиталистік қоғаммен қатар аталатын өнеркәсіпті қоғам.
Белгілері:
1.Машиналы өндірісі бар
2.Еңбекті фабрикалық және тәртіпке құрған.
3.Ерікті саудасы бар.
4.Жалпы нарығы бар.
5.Капиталы бар.
6.Ұлттық жүйеге лайық.
ХVIII ғасырда құқықтық мемлекеттер құрылды. Батыс елдерінде капиталистік өндіріс тәсілі орнады.
Оқушылар картадан Англия,Франция, АҚШ-ты көрсетеді.
Постиндустриялы қоғам-өте күшті даму үстіндегі қоғамдар.
Белгілері:
1. Қызмет көрсету.
2. Жаппай коммуникация.

4. Ақпарат саласының дамуы.
5. Білімдер экономикасы.
Оқушыларға сұрақ: Осы елдерді атап, картадан көрсете қойыңдар?
Постиндустриялық қоғамда «адамсыз», яғни, автоматтар,компьютерлер, роботтар пайдаланылады. Мұндай қоғам міндеті: адам қабілетін дамыту.
Қазіргі заманғы өркениет-ХХ ғ.ІІ жарт.-ХХІғ. алғашқы онжылдығын қамтитын Жердегі адамзат қоғамы жасаған өркениет.
Бұлар:1. БҰҰ-дағы 192 мемлекет. 2.Мемлекеттік құрылымы анықталмаған
60 аумақ.
Қазіргі заманғы өркениетті айта отырып, ғаламдық проблемаларды топтастыру стратегиясы бойынша оқушыларға жаздырту.Слайдтар,суреттер арқылы оқушыларға әңгімелету.
Ғаламдық проблемалар:
1.Ядролық соғысты болдырмау.
2.Экологиялық дағдарыстың бетін қайтару.
3.Демографиялық ахуал.
4.Ұлтаралық кикілжіңдерді шешу.
5.Даму жөнінен жоғарғы және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту.
Адам және табиғат.Оқушылардың осы тақырыптағы ойларын тыңдау.
Тақтада суреттер көрсету.
Экология, биосфера ұғымдарына тоқталу.
Табиғатты қорғайтын ұйымдар.
Қазақстанда:
Семей ядролық полигонын жабу, Арал теңізі суын қалпына келтіру, жерді мұнаймен ластамау сияқты мәселелермен айналысатын ұйымдар ашылып, жұмыс жасауда.
Бекіту:
1.Қоғам түрлерін белгілеріне қарай бөліп айтыңдар?

2.Табиғатты антропогенді ластау сызбасын толтырыңдар?
3.Біздің өлкенің экологиялық жағдайы қандай?
4.Оны шешу жолдары қандай?
Сабақты қорытындылау. ҚР Конституциясының алғашқы бетіндегі сөздермен аяқтағым келеді: «Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,өзімізді еркіндік, теңдік, татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп есептейміз» Оқушылар, осынау жахандану заманында қазақ ұлтының тілі, діні, еркіндігі, тәуелсіздігінің шоқтығы биік тұратындай етіп көтеруге жаңа заман жастары ретінде өз кезегімізде ат салысайық .
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. «Өлке табиғатын қорғау» тақырыбында пікірлерін дәптерге жазу.
Бағалау.
Категория: Қоғам | Добавил: ZHUMALIEV_NURKEN (14.10.2011)
Просмотров: 7064 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
0  
1 Ербол   (08.10.2013 01:35) [Материал]
жақсы деп үміттенем! Рахмет!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу