Жұма, 26.04.2024, 12:02
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Оқу үшін

Главная » Файлы » Пәндер » География

География
19.08.2011, 16:06
Анықтама География (грек. ge — Жер және graphо — жазу) — Жердің географиялық қабығындағы табиғи-аумақтық және аумақтық-өндірістік кешендерін және олардың құраушыларын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі. Г-лық зертеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғыл. негіздерін жасау. География өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған. Геогр. алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті. Б.з.б. 6 ғ-да Г-да екі бағыт — жалпы жер тану (негізін Аристотель қалады) және ел тану (Геродот) айқындала бастады. Содан бері География өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Эллиндік дә-уірде Эратосфен өзінің “География” атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды. Б.з.б. 1—2 ғ-дағы күрделі Г-лық еңбектерге Страбонның “Географиясы” (ел тануы), Птолемейдің “География жөніндегі нұсқауы” (геогр. координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады. Орта ғасырларда География Қытайда, Парсы, Орт. Азия және Араболып келді. 16 ғ-дан бастап География аса маңызды ғы-лымға айналып, жеке салаларға бөліне бастады. Осы кезеңдерге Г-ның ерекше ғыл. тілі картография қалыптасты. Ұлы геогр. ашылулардың ғыл. қорытындылары голланд ғалымы Б. Варениустың“Жалпы география” атты еңбегінде (1650 ж.) жинақталды. 17 — 18 ғ-ларда түрлі елдердің табиғат жағдайларын зерттеуге және оларда өтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге көңіл күшейе түсті (Г. Лейбниц, Ж. Бюффон, М. В. Ломоносов). 19 ғ-да неміс саяхатшысы А. Гумбольдт өзінің “Космос” (1845—1862) атты еңбегінде физ. географияның міндеті — табиғат құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі өзара байланыстарын зерттеу десе, неміс географы К. Риттер өзінің “[[Dіe Erdkunde іm Verhalt-nіs zur Natus und zur Geoschhіchte des Menschen[[” (1822 — 1859) еңбегінде Г-ның басты міндеті — табиғаттың адамға тигізер әсерін зерттеу ғана деп түсіндірді. География өзінің одан әрі даму сатысында (18 ғ.) геологияға, 19 ғ-дың 1-жартысында экон. (алғашында “статистикалық”) және физ. геогр-ларға жіктелді. Г-ның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, 20 ғ-дың басында География ғылымдарының жүйесін қалыптастырды. Г-лық ғылымдар негізінен 2 топқа бөлінеді. Физикалық географиялық ғылымдарға: физикалық география (өз кезегінде жертану, ландшафттану, палеогеография, елтану, т.б. салаларынан тұрады), геоморфология, климатология, құрлық гидрологиясы, мұхиттар гидрологиясы, гляциология, геокриология, топырақ географиясы, биогеография; қоғамдық географиялық ғылымдарға: экономикалық география, әлеуметтік география, өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылық географиясы, транспорт географиясы, халықтар географиясы, мәдениет географиясы, саяси география, т.б. кіреді. Бүкіл География ғылымдары картографиямен тығыз байланысты. География табиғатты зерттеуде физика, химия, геология және биология, т.б. ғылымдармен ұласып отырады. Қоғамдық-аймақтық зерттеулерде экономикаға, социологияға, демографияға арқа сүйейді. Олармен түйіскен бағыттарда жаңа ғыл. салалар — аймақтық экономика, геодемография, т.б. бөлінеді. Қазақстан аумағында табиғатты құраушы объектілер 20 ғ-дың басына дейін жеке-жеке зерттеліп келді. Тек 1920 жылдардан бастап Қазақстанда физ. география бойынша деректер жүйелі түрде жинала бастады. Осы жылдары (1930) табиғи құбылыстар мен процестерді зерттеу бойынша жеке салалар (климатология, гидрология, гляциология, геоморфология, топырақ географиясы, биогеография, т.б.) қалыптаса бастады. Кейіннен оларға ландшафттану, топонимика қосылды. Қоғамдық геогр. ғылымдар Қазақстанда табиғи қорларды, шикізат ресурстарын, халықтың өсуін, әл-ахуалын, шаруашылық жағдайын, ірі аумақтық-өндірістік кешендерді тиімді орналастыруға, т.б. байланысты дами бастады. Понтийские горы.jpg Понтиийские горы. Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы. Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактык қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және коршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және баска белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары Қосымша География — Жердің географиялық қабыгын, табиғи, өндірістік-аумақтық және әлеуметтік-аумақтық кешендер мен олардың құрамбөліктерін зерттейтін жаратылыстану (физикалық-географиялық) және қоғамдық (экономикалық және әлеуметтік-географиялық) ғылымдар жүйесі. Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі нақ осында, ғаламның өзімізге белгілі бөлігінде тіршілік бар, осы қабыктан өз өмірі үшін ресурстар алатын және оған осер ететін адамзат пайда болды және дамуда. Соған байланысты адам мен табиғаттың өзара әрекетгестігі процестерің зерттеу географиялық зерттеудің ең маңызды міндетіне айналды. Қоғамды аумақтық ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын, оның ішінде халықтың қоныстануын, өндірістің орналасуын, табиғат ресурстары мен қоғамдық өндірістің жағдайларын тиімді пайдалануды, осы ресурстар мен жағдайларды қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақтауды және жаңартуды ғылыми негіздеу мақсатында география географиялық қабықтың құрылымы мен динамикасын, оның құрамбөліктерінің өзара әрекеттестігі мен кеңістік бойынша таралуын зерттейді. География өзінің даму жолында бірнеше кезеңнен өтті, олардың орқайсысы осы ғылымның әр түрлі қоғамдық функцияларымен сипатталады. Пайда болуы сотінен бастап, Ұлы географиялық ашылуларга дейін географияның негізгі функциясы танымдық-сипаттау бағытында болды. Нақ сол кезеңде картография пайда болды да, географияның ерекше ғылыми тілі қалыптасты. Алғашқы ғылыми революция заманында және одан кейінгі кезеңде оның талдаулық және түсіндірулік функциясы басым бола бастайды; осы кезенде география жеке ғылыми пәндерге бөліне бастады. XX ғасырдың географиясына қайта құру бағытының дамуы мен орнығуы, жеке географиялық пәндердің арасындағы интеграцияның күшеюі тән болды. Бірақ қазіргі кезде "интеграциялық беталыстың" басымдылығьша қарамастан, географияда жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуы мен тармақталуы жалғасып келеді. Бұл орайда ғылым дамуының әрбір келесі кезеңі географияның мұның алдындағы кезеңдегі өзіне тән функцияларын жоймайды, оларды басқа сапалық деңгейге көтереді. географиядағы жаңа бағыттар бір-бірінен канша алшақтап кетсе де, географиялық әдістің жалпы ерекшеліктері (аумақтық, кешендік, ғаламдық) барлық географиялық ғылымдар картографиямен байланысты. География өзінің даму барысында басқа ғылыми пәндерден - бөлектенген жоқ. Дүниетанымдық ғылым ретінде ол философиямен, географиялық қабықтың табиғи қырларын зерттегенде - физикамен, химиямен, геологиямен, биологиямен, ал қоғамның аумақтық ұйымдастырылуының оңтайлы нысандарын негіздеуде экономикамен, социологиямен, демографиямен және тағы да басқалары тығыз байланысты. Географияда басқа ғылымдардың тарихи, жүйелік, математикалық, кибернетикалық және тағы да басқалары одістері тиімді пайдаланылады. География өзінің теориясымен және әдіснамасымен іргелес ғылымдарды байытады, осы арқылы аймақтық экономика, геодемография, аудандық жоспарлау секілді және тағы да басқалары ғылыми бағыттар жедел дамуда. Қазіргі кездегі География зерттеудің ғарыштық әдістерін пайдаланбайынша дами алмайды. Географияның ерекше функциясына өзіміздің планета мен оның табиғи-тарихи дамуы; туралы, елдер, қалалар, жерлер және оларды мекендейтін халыктар туралы білімді; жинау, қорыту және тарату жатады. География басқа ғылымдармен бірге отаншылдық пен интернационализмнің негізін қалыптастыратын дүниетанымдық және гуманитарлық ғылым болып табылады. Географиялық білім, "картаны оқи" білу дәстүрі бойынша мәдениет пен ғылыми дүниетанымның қажетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны оқыту барлық елдер мектептерінің, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының бағдарламасына енгізілген.
Категория: География | Добавил: Amankulov | Теги: жер шары, пән, география, қосымша, анықтама
Просмотров: 6670 | Загрузок: 0 | Комментарии: 83 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
0  
1 Adeteelvext   (03.11.2012 04:49) [Материал]
[color=color_url - Здравствуйте уважаемые люди. Увидел наш хороший сат http://ustaz-kz.ucoz.com и подумал что тут мне помогут.
Прошу всех желающих присоедениться.
Увидев эту тему этот надеюсь нужную, если не ту прошу Модераторов перенести ее в категорию которую посчитаете нужной.
Я очень люблю кино. У кого хороший инет могут себе позволить http://kinozal.in - фильмы кино скачать[color=color_url - .
Или просто смотреть онлайн.
Ка на меня я болше люблю с женой смотреть http://kinozal.in/erotika - скачать эротическое кино[color=color_url - . Вообщем кому что лучще. Но проблемма в том что у меня слабый интернет.

Так вот пожалуйста помогите мне найти сайты где можно смотреть кино или скачать даже с плохим инетом.
Сайти пожалуйста пишите в личку, на емейл unsomimmusemm@gmail.com или icq 9448995

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Математика [5]
Математика
Химия [1]
Химия
Физика [2]
Физика
Биология [1]
Биология
Информатика [0]
Информатика
Қазақ тілі [0]
Қазақ тілі
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақ әдебиеті
Русский язык [0]
Русский язык
Русская литература [0]
Русская литература
География [3]
География
Қазақтан тарихы [0]
Қазақтан тарихы
Дүние жүзі тарихы [0]
Дүние жүзі тарихы
Шетел тілі [0]
Шетел тілі
Бастауыш сыныптар [0]
Бастауыш сыныптар
Адам және қоғам [0]
Адам және қоғам
Ән күй (Музыка) [1]
Ән күй (Музыка)
Еңбек (Технология) [0]
Еңбек (Технология)
Сурет, сызу [0]
Сурет, сызу
Құқық негіздері [0]
Құқық негіздері
Дене шынықтыру [0]
Дене шынықтыру
Өзін-өзі тану [0]
Өзін-өзі тану
Экология [0]
Экология
Экономика [0]
Экономика

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу