Бейсенбі, 25.04.2024, 22:45
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Оқу үшін

Главная » Файлы » Рефераттар » Рефераты на казахском

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы Математика
19.08.2011, 13:19
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы қарастыру
2. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштары жөнінде түсінік енгізу.
Дамытушылық:
1. Творчестволық және логикалық ойлау-қабілетін дамыту.
2. Өзіндік ойлау қабілетін жалпылай дамыту.
3. Ауызша жауап беруге дағдылау.
4. Сан ұғымы туралы біліктілігін дамыту.
Тәрбиелілік:
Әрі нақты, әрі қарапайым сөйлесу мәнерін тәрбиелеу.

ЖОСПАР:
1. Жалпы сынып назарын аудару.
2. Осы уақытқа дейін алынған білімдерін, біліктіліктерін бекіту; тереңдету; қолданыста қажеттілігін көрсетіп, маңыздылығын түсіндіру.
3. Жаңа материалды қабылдауға оқушыларды дайындау.
4. Материалды өздіктерінен оқу.
5. Бекіту.
6. Сабақ қорытындысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып сабаққа дейін үш топқа бөлінеді:
1-топ - білімдері жоғары оқушылар
2-топ - білімдері орташа оқушылар
3-топ - білімдері төмен оқушылар.

2-3 топтар кроссворд шешеді (жұптасып жұмыс жасайды)
1-топ сұрақтарға жауап береді.
1. Үшбұрыштың төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? (Медиана)
2. Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш. (Тік бұрышты үшбұрыш)
3. Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер.
4. Бұрыштардың өлшем бірлігі.
5. Тік бұрыштан кем бұрыш.
6. Тік бұрыш шамасы.
7. Ішкі бір жақты бұрыштардың қосындысы неге тең?
8. Екі параллель түзулерді басқа қиюшы (секущая) қиып өткенде пайда болатын бұрыштарды атаңыздар.
9. Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не?
10. Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы үш нүктені қосатын 3 кесіндіден құралған фигура.
11. Тесттер. Әр оқушыда 10 жұп үшбұрыш болады. Олар тең немесе тең емес екенін анықтау керек және егер тең болса, қандай қасиеттерімен тең екенін көрсету, егер тең болмаса «-» таңбасын қою.

Кроссворд.
Горизонталь бойынша:
1. Бір жағы ортақ, ал басқа жақтары қосымша жартылай түзулер болатын бұрыштар.
2. Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер.
3. Бір нүкте мен осы нүктеден тарайтын екі сәуледен тұратын геометриялық фигура.
Вертикаль бойынша:
4. Бұрыштардың өлшем бірлігі.
5. Бір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден тұратын фигура.
6. Үшбұрыштың төбесін, оған қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық:
Есеп. АВС үшбұрышының В тік бұрышынан АС қабырғасына а түзуін
жүргізген. АВС үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.

Оқушылар есепті өздіктерінен шығарады. Сурет тақтада салынады. 1 оқушы тақтаға қысқаша берілгенін жазады.
Қосымша сұрақ: бұл үшбұрыштың бұрыштарының қосындысын табыңдар.
Оқушылардың алдына келесі мәселе қойылады:
- Берілген үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180 болуы кездейсоқтық па, әлде бұл қасиет барлық үшбұрыштарға тән бе?

Балалар! Бүгінгі сабақта сіздер үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теоремамен таныстыңыздар. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыпты жазып алайық: «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы». Оқулықтың 79-бетін ашып, теореманы оқиық. Теореманың шарттары мен қорытындысын жазып алу керек.
Теореманы дәлелдеуге өзіндік жұмыс:
1+2+3=180 екенін дәлелдеу.
АВС – кез-келген үшбұрыш.
∆АВС-ның В төбесі арқылы m АС түзу жүргізеді. Егер АВ – қиюшы болса, онда 4=1, Егер ВС-қиюшы болса, онда 5=3, ...
4+2+5=180  1+2+3=180, т.с.с.

Бекіту
Екі оқушы тақтада карточкалармен жұмыс жасайды.
Карточка 1. ∆ДКС бұрыштарының қатынасы 1:2:3. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.
Карточка 2. ∆АВС бұрыштарының қатынасы 2:3:4, үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.
Сыныппен ауызша жұмыс жасау:
1 2 3 Үшбұрыш түрі
18 65
30 70
53 94
35 55

Тақта алдында тапсырмаларды тексеру:
1. 1+2+3=6 1. 2+3+4=9
2. 180:6=30 2. 180:9=20
3. 30,60,90 3. 40,60,80

Үш оқушы тақтада:
1-топ №10, 2-топ №16; 3-топ №15
Тақта алдында тапсырмаларды тексеру.
Бүгінгі сабақта сіздер геометрияның негізгі теоремаларына жататын және есеп шығару мен теоремаларды дәлелдеуге кең қолданылатын теоремамен таныс болдыңыздар. Сонымен, бұл қандай теорема?
Оқушылар теореманы айтып-түсіндіреді.
Өткен материал бойынша оқушылардың білімін бекітіп, тексеру.
Категория: Рефераты на казахском | Добавил: Amankulov | Теги: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосынд
Просмотров: 3501 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Asel   (07.11.2013 06:34) [Материал]
тупые я о чем прошу и вы о чем пишете

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Рефераты на казахском [7]
Рефераты на казахском
Рефераты на Руский [1]
Рефераты на Руский

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу