Қазақстанның пошта трафигінде қажетсіз корреспонденция, яғни спамның таралу үлесі мамыр айына қарағанда 0,4%-ға өскен. Сөйтіп, еліміз әлемнің жетекші спамер елдерінің 18-орнына көтерілді.
Business Resource-тің хабарлауынша, мұны «Касперский зертханасы» сарапшылары 2011 жылдың маусым айындағы спамдарға қатысты жүргізілген талдау нәтижесінде анықтады. Еліміздің маусым айындағы спам белсенділігі орташа есеппен 83,3%-ға тең. Қазақстан Орталық Азиядағы спамер-көшбасшы атағын сақтап келеді. Біздің елден осы аймақтағы барлық спам атаулының 94,5%-ы тарайды. Әлемдік рейтингте Қазақстан 18-орынға көтерілсе, көрші Өзбекстан мен Қырғызстан – 103-інші және 118-інші орындарда. Ал дүниежүзі бойынша спам таратудан Үндістан, Бразилия және Индонезия көш бастайды.