Сенбі, 05.07.2025, 05:35
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

ӨСЕТІН БАЛА ӨРГЕ ҰМТЫЛАДЫ
Дана халқымыз «болар бала боғынан» дейді. «Болатын баланы бесігінен емес, төрінен ізде» деген де жақсы сөз бар. Халқымыз қашанда «ел іші-өнер кеніші» деген қанатты тіркесті кейінге өсиет еткен. Қоғамның басты байлығы адам десек, адам өмірінің мәні дүниеге бала әкеліп, ұрпақ өсіру екені белгілі. «Балалы үй-базар» деп көнекөздер бекер айт-паса керек. Дүниеге бала әкеліп, отбасына, әулетке ұрпақ сыйлайтын аналар қауымы қашанда құрметке лайық. Бүгінгі әңгімеміз – осындай тектінің тұяғы Әбубәкір Елеусін туралы.

«АЙГӨЛЕКТЕ» АҚТӨБЕЛІКТЕРГЕ ТӘНТІ БОЛДЫ
«Қазақстан» Ұлттық арнасында күллі республиканың бүлдір-шіндерін біріктіріп, үлкен сынға салған «Айгөлек» байқауы талай өнерлі баланың өрге жүзуіне себепкер болды. Әрине, біздің батыр да, ақын да шыққан Ақтөбе өңірі жүлдеден кенде қалған жоқ. Әсіресе, төрт жас-тағы балдырғандардан құралған «Балбөбек» би ансамблінің «Қара жорға» биі елді дүр сілкіндірді. Жұрттың тәнті болғаны соншалықты, зал тұрып қол соқты.
Редакциямызға осы бөбектер туралы жаңалығын арқалап, қуанышымен бөліспек болып «Балбөбек» би ансамблінің мүшесі Әбубәкір Елеу-сіннің әжесі Райса апай келді. Кішкентай балдырғанның жетістіктеріне біз де риза болыстық.

ТҮРІКТЕРДІҢ ЕЛІНЕ САЯХАТ
Кішкентай өнерпаздың биші достары «Айгөлектен» Түркия еліне саяхат жасау үшін жолдама алған екен. «Балбөбек» би ансамблі мектепке дейінгі балақандардан құралған. Жетекшілері – Салтанат Өтеталиева. Түркия еліне де алғашқы сапарлары екен. Алған әсерлері мол. Тіпті әсер ғана емес, алғыс та ала келіпті. Енді ше? Қазақтың «Қара жорғасын» шыңына жеткізе билеген бөбектердің өнеріне тек өлі адам ғана тамсанбайтын шығар?!
Кішкентай бөбектің әжесі Райса апаның айтуынша бүкіл республикаға Ақтөбенің атын танытқан «Балбөбек» би ансамблінің өнерпаздары тек Түркия еліне саяхат жасаумен шектелмейді. Болашақта балғын бүлдіршіндерді Венгрия, Румыния еліне шақырып жатыр екен. Бәрекелді демей көріңіз енді?!

ҚАЗАҚТА БАР ЖІГІТТЕР ӨНЕР СҮЙГЕН
«Балбөбек» би ансамблінің байқауға қатысуға кеткен шығындарын өз мойнына алған ауылдың кәсіпкер жігіті – Төлеген Шәудіров деген азамат болып шықты. Жас өнерпаздардың талабын қолдап, өнерге деген ұмтылыс-тарын биік бағалай білген кәсіпкер балақандардың жол шығыны, тағы да басқа мұқтаждарын өз міндетіне алыпты. Бұл туралы Райса апай былай дейді:
- Әбубәкір Елеусін менің немерелерімнің үлкені. Жасы биыл төртке толады. Ауылдың кішкентай өнерпаздарын үлкен байқауға жіберуге көмектескен ауыл әкіміне, кәсіпккер жігітке алғысымыз шексіз. Қазақ «бұлақ көрсең көзін аш» деп жатады. Болатын баланы асығынан танитын елміз. Сондықтан кәсіпкер жігітке де, аудан мен ауыл әкімдеріне де алғысым шексіз. Кішкентай дарындарды елге, жұртқа танытып жатқандарына қарап, біздің адалды айнымай танитын асыл қасиеттеріміздің жоғалмағанына тәубе деймін.

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР – БІЛІМДІ БОЛУ КЕРЕК
«Балбөбек» би ансамблі әзірге мектеп жасына дейінгі балалардан құралған. Олар ауылдағы балабақшаның жас өнерпаздары. Олардың ендігі өнері өрге жүзу үшін білімдері де мықты болу керек. Балалар әдебиеті дегенде көбіміздің есімізге бала-ларға арналған фольклор, ауыз әдебиетіндегі өлең-тақпақтар мен ертегі, аңыз-әңгімелерден бастап, ақын-жазушылардың балалар үшін жазылған өлеңдері мен дастандары, әңгіме, повестері, романдары түседі. Шынтуайтқа келгенде балалар әдебиеті мұнымен бітпейді. Балаларды имандылыққа, адамгершілікке, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке баулитын шығармалардың, асыл сөздердің бәрі жатады. Санамаласақ, әлгі аталған шығармалар, пьесалар, ән өлеңдері, ғылыми-көпшілік, танымдық, тарихи, ел тану, жер тану, табиғат тану, жан тану болып жалғаса береді. Бұлардан кинофильмдер мен мультфильмдердің де аулы алыс емес. Сондықтан да балаларға арналған көркем әдебиет, оның проблемалары туралы сөз қозғағанда, танымдық әдебиеттер, өнер туындылары, оқулықтар туралы да көкейкесті мәселелерді ортаға салудың артықтығы болмайды.
P.S.: «Болар бала боғынан» дейді қазақ. Осы жерде бір аңызды ғибрат етіп кеткім келеді. Баяғыда немересінен
- Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.
- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті бала.
- Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Сy тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады,... ақылсыз адам ағайыннан безеді, - депті қарт.
Болашағы бар бүлдір-шінге біз де бақытты келешек тілейміз!
Индира Кереева.
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 3618 | Комментарии: 4 | Теги: ӨСЕТІН БАЛА ӨРГЕ ҰМТЫЛАДЫ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 3

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

ақын жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Vatel / ვატელი (2000/ქართულად) Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз лемур КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық для недизайнеров Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Мұхтар Ғалиұлы АРЫН Предельное психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб Chillar Party The Monster (2016) АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем Sakura Dungeon КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің наурыз география Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары перекрывающихся пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы сцене» Мәдениеттану Kabali саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Иманжүсіп Amateur Night (2016) Басқа ғылымдармен байланысы Салалары химия Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары The Event Sezonul 1 Episodul 8 акымак болган жаналыгы жасар жыгыт К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА ложку обезжиренного творога отыр реперитор турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар festék Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим Султаном Зиной Математиканы оқытудың теориясы мен содержание змей ашық энциклопедия Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет Bridget Jones's Baby (2016) Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу