Бейсенбі, 18.04.2024, 22:37
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Жеке өмір » Махаббат » Махаббатқа махаббат жасап жүрміз бе? (Махаббатқа махаббат жасап жүрміз бе?)
Махаббатқа махаббат жасап жүрміз бе?
AmankulovДата: Сәрсенбі, 20.09.2011, 06:02 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Сайтың бастығы
Сообщений: 15
Репутация: 0
Статус: Отырған жоқ


Махаббат – дегеніміз не нәрсе осы? Ғашықтық, сүю, құмарлық, бір жанды өлердей жақсы көру секілді адамның ең ыстық сезімдеріне бас қатырам. Бұл жағдайға итермелеген өзімнің ішкі ойларым мен басымнан өткергендерім. Бала кезімізден оқып-білген «Ромео–Джульетта», «Тристан–Изольда», «Қозы мен Баян», «Ләйлі мен Мәжнүн» сияқты аңыз жыр-дастандардан қос ғашықтың арасындағы мәңгі махаббат жайында біліп келдік. Солайша түсіндік те. Өзіміз де сондай сәтті армандадық. Керемет ғаламат сұлуды кездестіргіміз келді. Шамамызға қарай кездестірген сұлу деген қызға өлдім-талдым, сенсіз өмір жоқ деп күйіп-пістік. Шабыттанып өлең шығарып, парақ-парақ хаттар жаздық. Жатсақ-тұрсақ сол қызды ойлап, ғашықтық дертімен ауырдық. Міне махаббат, па шіркін дедік. Одан өзгенің керегі жоқтай, басқа әлемде өмір сүріп жатқандай әуре-сарсаңға түстік. Ернінен бір сүюді армандап, жынды болдық. Мүмкін осы шығар–ғашықтық, осы болар нағыз махаббат? Менің басымнан өткен бір жайт. Жоғарыда айтылғандай ел қатарлы мен де бір қыза ғашық болдым. Ол қыздың да маған деген сезімі тәп-тәуір тұғын. Тіпті, бірінші болып ойын, ішіндегі ыстық ілтипатын да білдірген өзі еді. Не керек күндер өте-өте құмартқан ернінен сүю, белінен қыпсыра құшақтау артта қалды. Болашақ туралы әңгіме, жанұя құру мәселелері күн тәртібіне шыққан. Бірақ күндердің күнінде бір мәселеге тоқтала алмай, қатты ренжістік. Оның алдында да осындай келеңсіздіктер болған. Кімнің басынан өтпей жатыр?! Татуласатынбыз. Бірақ бұл жолы екеуміздің де шыдамымыз таусылды. Мәңгі махаббат, ғашықтық – қош бол! Әлі алдымыздан талай қыз жолығар, неміз кетіпті. Әйтеуір анда-санда еске алып тұрам. Мүмкін осы шығар – ғашықтық, нағыз махаббат?! Әдебиетші болған соң біршама осы тақырып аясында кітаптар ақтардым. Осыны анықтап білгім келді. Білгіштер, адамзат тағдырына қам жегендер не депті? Ақындардың көбісі менімен тағдырлас болып шықты. Әрине жазушылар да баршылық. Ақындардан – Абайға, жазушылардан – Толстойға тоқталдым. Екеуі де сөзсіз тегін адам болмағандар. Абай атам адам оғлының барлығын Алла тағала ұлы сезім – махаббатпен жаратқанын алға тартады. Әсіре күшсіз мұқалмайтын тастың өзін балқытып жібереді екен махаббат. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Кеудемізде дүрсіл қаққан, Алла деген жазуы бар жүрегімізде махаббат бар екен. Толстой жазған роман-повестерінде ол махаббатың адам мен Алла арасындағы екенін айтады. Құдайдың рақымына бөленіп, ырзашылығын алып, сол үшін ізгілікке ұмтылғанның мықты махаббаты жайында сөз қозғайды. Адамдар бір-бірімен бауырласа, түсінісе, сыйласа келе барша Алла жаратқан адамзаттың ертеңі үшін аянбай қызмет етіп, келешекке өз ұрпағын әкелсе – сол махаббат. Біздің айтып жүрген Отанға деген, ата-анаға деген, досыңа, жұбайыңа, бала-шағаңа тағы толып жатқан махаббаттың барлығы сол Аллаға деген махаббаттан аясынан шыққан жылы сезімдер секілді. Егер адам шексіз махаббаттың иесіне барынша қарсы жүріп, сондай жауаппен келсе–барлығы өз ретімен шешіле түспек. Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қырыз емес пе? Осы айтқанымыз неғұрлым берік болса, қалған тіршілік те соғырлұм мықты болмақ. Сол сезімі мықты жандар ешқашан өмірден тарлық көрмесе керек. Ол бұл өмірдің барлығына қанағатшыл, мейірімшіл, рақымды. Сонда адам өзінің Алла алдындағы махаббатының арқасында ғана өмірлік досымен түсіністікке, сыйластыққа келіп, бес күндік тіршіліктегі ащы мен тұщынының дәмін бірге татуға бейім болар. Ал сыртқы келбетіне қызығып ғашық болу – таза тәнқұмарлық. Жалпы ғашықтық дегенімзге тоқталайық. Ол өзі қайдан шыққан? Шіркеуде бір рет қана Лаураны көрген Петрарка ақын өмірінің соңына дейін Лаураға ғашық болып өтіпті-міс. Барша ғұмырында жазған өлеңдерін тек сол аруға ғана арнапты. Сонда Петрарка оның сырт келбетіне бір көргеннен қызыққан, сұлулыққа мас болған. Екеуі бірақ қосылмаған. Ақын ол арудың жанын білмеген, рухани дүниесінен бейхабар қалған. Егер Франческо Петрарка Лаура де Новпен (ол дәл сол екені әлі күнге дейін нақты емес) табысатын болса, екеуі мәңгі өмір сүрер еді деу артықтық. Кім біледі, Лаура оның нәзік жаны мен бейсаналық ойлау деңгейін түсіне алар ма еді, жоқ па? Петраркада онымен тілдескен соң, мінез-құлқын аңғарған соң, тіршілік-тұрмыста бірге бола алмасын сезер ме еді? Одан кейін ол Лаураға осылай мәңгі ғашық болып жүре бермейтін бе еді? Тіпті, әлем әдебиетінің негізіне баланған сонеттер келмес пе еді дүниеге? Сыртқы формаға қызығып ғашық болу – нәпсіге апарар төте жол. Әдемі аппақ беттен сүю, алқызыл еріндерін өбу, қап-қара қою шаштарын сипалап, аймалау барлығы өз денеңнің қалауынан шыққан арам ой. Бір сөзбен айтқанда – құмарлық. Мінезді, тұлғалық қасиетті, сұлу таза жанды қалау, рухани бауырластықты сезу – ғашықтық. Жанына ғашық болу. Сол жанды жаратқан киелі рухқа ғашық болу. Бұл алдыңғысына қарағанда – таза. Бөлек нәрсе. Яғни: Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. Сөзімді қорыта келе қатарлас-құрбыластарға айтарым, осы айтылғаннан бір ой түйіп, керегіңе жаратуыңды сұраймын. Иманды, сөз ұғарлық қыз-жігіттер болса, осы әңгіменің байыбынан керегін ала жатар. Әрқашанда өтпелі рахат пен уақытша ләззатқа алданып қалмаңыздар. Бізге деген шексіз махаббаттың иесіне өзімізде маххаббат қылайық! Алла разы болсын!
 
AmankulovДата: Сәрсенбі, 20.09.2011, 06:06 | Сообщение # 2
Рядовой
Группа: Сайтың бастығы
Сообщений: 15
Репутация: 0
Статус: Отырған жоқ
Махаббат жайлы Өлеңдер 2 ай., 4 апта. Артқа Репутация: 0
мұнлық

Қашып құтылмайсың тәңірің кескен жазадан
Жалғанда мына жаныңды ұғар аз адам,
Жазыла бермеген пешенесіне бүкіл пенденің
Махаббат деген екеуміз айтар ғажап ән.
Үн түнсіз ғана мөлдіреп көзім ботадай
Қараймын саған...тәтті мұң жанға батады-ай
Сезімді сұлу сездірмей ұстап бөтенге,
сағынтып қойған тағдырдың мына қаталы-ай!

Ринат Калуов

Жүрек назы
Армандаймын,қиялдаймын
Басқа жанға қиялмаймын
Сүйген жүрек шыдасын ба
Жүрегімді жиі алдаймын

Baktikerei Amankulov
Е-Мail: make.bake.dux@inbox.ru
Шығармаларыңыз:

Сені алғаш көрген күннен ұнаттым,
Тазасың сен нақ суындай бұлақтың.
Жүрегіңді аулаған сенің жан бар ма,
Жауабын әлі таба алман осы сұрақсың.

Тек өзіңе ғашық болып шөлдеппің,
Жүрегімді нұр сезіммен тербеттің.
Жүрегіңде өзге біреу болса егер,
Қалқа қалай саған енді жетпекпін.

Асқақ сезім жалындатар жанымды,
Бір өзіңнен таппақ едім бағымды,
Амал қанша өзгелік екен жүрегің,
Қарсылық бар ма жазғанына тағдырдың.

Taukekhan

Alistagi mahabbat

Altinim seni kizganamin men tim katti,
Saginamin da daisindi sol bir tatti.
Umitamin dep ozime kanwa aitsam da,
Iwimde sezim tolkindap tasip ol jatti.

Siymaitindaymin osinwa ulken galamga,
Jir jaza berem kagaz ben kalam alam da.
Kiyinnan-kiyin manisi jok bul jalganda,
Asilim sensiz tagi da jalgiz kalam ba?

Oiladim seni kundiz de,ayli tunde de,
Tenegim keldi wuagin wawkan kunge de.
Betime karap suymeimin seni degenwe,
Otinem janim undemewi sen,undeme.

Tagi ozinsiz otti de ketti bir kunim,
Kuanip bireu,bakittan mas bop jur bugin.
Senimen birge bakitti kuwip juretin,
Magan da sol bir tuadi meken nurli kun?

Barmaidi tilim aituga suyetinimdi,
Oylasam seni ortenip kuyetinimdi.
Suyedi mumkin degen bir askak umitpen,
Kiyinwilikpen men omir suretinimdi.

Mumkin sen de bir bakitti jandi suyesin,
Jaulagan senin jurektin sogu juyesin.
Bukil alemdi aktarip karasandagi,
Tappaisin adam ozindi mendei suyetin.

Мукагали Макатаев

О махаббат.

О махаббат сегiз әрiп бiр арман,
Сол бiр арман кырык кыздын журегiнен нәр алган,
Аяк екеу, кол да екеу
Коз жанары ол да екеу,
Екеу кас та кулак та,
Журек жалгыз бiрак та,
Журек шiркiн iздейдi екен егiзiн,
Тындандаршы махаббаттын осындай бiр лебiзiн!
 
Форум » Жеке өмір » Махаббат » Махаббатқа махаббат жасап жүрміз бе? (Махаббатқа махаббат жасап жүрміз бе?)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: