Сәрсенбі, 23.04.2024, 08:22
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Жалпы қоғам » Мектеп » Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгiлерi (интернеттен) (Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгiлерi (интернеттен))
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгiлерi (интернеттен)
AmankulovДата: Жұма, 19.08.2011, 13:02 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Сайтың бастығы
Сообщений: 15
Репутация: 0
Статус: Отырған жоқ
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгiлерi

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 2006-2007 оқу жылынан бастап ҚР мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының Негiзгi ережелерiне сәйкес елiмiздiң жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң жоғары сатысына жаппай бағдарлы оқытуды еңгiзудi көздеп отыр. Осыған байланысты үстiмiздегi оқу жылының соңына дейiнгi аз уақыт iшiнде жалпы бiлiм беретiн мекемелер бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдайларға байланысты неғұрлым тиiмдi жолдарын анықтап алуы тиiс.

Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесiнiң құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық есекруге, олардың қабiлетiн дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерiнiң кәсiби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес бiлiм беру үшiн жағдай туғызуға мүмкiндiк беретiн саралау мен даралау құралы болып табылады.

"Бағдарлы оқыту” және "кәсiптiк бiлiм беру” ұғымдарын шатастыруға болмайды. Бағдарлы оқыту – бұл жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендiруге, сонымен бiрге мектептiң жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсiби бiлiм берудегi сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесi. Ал, кәсiптiк бiлiм беру деп жеке тұлғаның , қоғамның, мемлекеттiң мүддесi үшiн, нәтижесiнде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсiби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудiң мақсатты процесiн түсiнедi.

Бағдарлы оқыттуды енгiзудiң мақсаты – жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сыныптарында оушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендiруге бағытталған арнайы дайындау жүйесiн жасау болып табылады.

Бағдарлы оқытудың негiзгi мiндетi бағдарлардың икемдi жүйесiн жасауға және мектептiң жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелермен үйлестiруге келiп саяды. Сонымен бiрге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай мiндеттердi де шешудi қамтамасыз етуi қажет :

- Жалпы орта бiлiм бағдарламасының жеке пәндерiн тереңдете оқыту ;

- Бiлiм мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке бiлiмдiк траекториясын құруға жағдай жасау ;

- Жалпы орта және кәсiби бiлiм арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.

Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары, болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады. Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үшiн бiлiм беретiн мекеме, ең әуелi, бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдай үшiн неғұрлым тиiмдi үлгiсiн таңдап алуы қажет.

Бағдарлы оқытудың ұйымдастыру үлгiлерi деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерiн жүзеге асыру тәсiлдерiн айтады.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгiлерiнiң мүмкiн нұсқалары ретiнде мыналарды атауға болады :

1. бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепшiлiк үлгiсi;

2. бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгiсi:

- ресурстық орталық негiзiнде ұйымдастыру;

- әлеуметтiк серiктестiк негiзiнде ұйымдастыру.

Ұйымдастыру үлгiлерiнiң түрлiше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтерi мен формаларын үйлестiрудiң алуан түрлi болуынан туындайды.

Мектептiң бағдарлау үлгiсiн таңдау кезiнде мыналар ескерiлуi қажет :

- оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтерiңкi деңгейде бiлiм алуға әлеуметтiк сұраныстың болуы ;

- таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында бiлiмiн жалғастыруға талпынысы ;

- мектеп бiтiрушiле,рдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мәселесiнiң шешiлуi ;

- жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабiлетi мен бейiмдiлiгi ;

- сынып оқушыларының көпшiлiгiнiң таңдалып алынатын мамандану пәндерi бойынша нақты дайындық дәрежесi;

- бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетiк пән мұғалiмдерiнiң болуы;

- мектептiң материалдық-техникалық базасы.

1.Мектепшiлiк бағдарлау үлгiсi деп бағдарлы оқытуды бiлiм беретiн бiр ғана мекеменiң күшiмен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы бiлiм беретiн мекеме бiрбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкiн.

Бағдарлы бiлiм беретiн мекеме таңдалып алынған бiр ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Көпбағдарлы бiлiм беретiн мекеме оқытудың бiрнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Мектепшiлiк бағдарлау үлгiсiн жүзеге асыру қала жағдайында қолайды.

2.Шағын қала жағдайында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгiсi , яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтiк серiктестiк негiзiнде оқыту үлгiсi жүзеге асырылуы мүмкiн.

Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық базасында және әлеуметтiк серiктестiк негiзiнде жүзеге асыру бiлiм беру кеңiстiгiн қалыптастыру мақсатымен басқа да бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру корларын мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейдi. Бұл бiлiм беру үрдiсiне қалыптасушылардың барлық талап-тiлектерiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi.

Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық негiзiнде ұйымдастыру кезiнде жалпы орта бiлiм беретiн бiрнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеулетi жеткiлiктi, неғұрлым күштi бiр ғана жалпы бiлiм беретiн мекеме – «ресурстық орталық » төңрегiне шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы бiлiм беретiн мектеп базалық жалпы бiлiм беретiн оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы бiлiм беретiн курстарды жүзеге асырады. «Ресурстық орталық» үлгiсiнiң артықшылығы сол, онда бiлiм беретiн мекемелердiң әрқайсысының кадрлық немесе материалдық-техникалық әлеулетi жеткiлiксiз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бағдарлы дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады.

Бағдарлы оқытуды әлеуметтiк серiктестiк негiзiнде ұйымдастыру кезiнде бiлiм беретiн түрлi типтегi мекемелер – мектептiң әлеуметтiк секрiктестерi торабы шеңберiнде бағдарлы дайындық берiледi. Торап шеңберiнде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептiң әлеуметтiк серiктерстерi, яғни шағын (кiшiгiрiм қалада немесе iрi қаланың бiр ауданында) жинақы орналасқан бiлiм беру, мәдениет және спорт мекемелерiнiң әртүрлi типтерi мен түрлерi ұсынады.

Бұл жағдайда жалпы бiлiм беретiн мектеп базалық жалпы бiлiм беретiн оқу курстарын, ал мектептiң әлеуметтiк серiктестерi :

- бағдарлы жалпы бiлiм беретiн курстарды;

- тәжрибеден өткiзудi;

- жобалық және зерттеу жұмыстарын;

- оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамытуды жүзеге асырады.
 
Форум » Жалпы қоғам » Мектеп » Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгiлерi (интернеттен) (Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгiлерi (интернеттен))
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: