Жұма, 26.04.2024, 07:04
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ

Әйгілі Мөңкеден тараған ұрпақтарды бала кезімізде Мөңке әулиенің тұқымы ғой деп құрметпен қараушы еді. Ол кезде Мөңке би демейтін, Мөңке әулие дейтін. «Мөңкенің балаларына қатты сөйлемеңдер, ауыр сөз айтпаңдар, әулиенің аруағына ауыр тиеді» деп отырушы еді үлкендер. «Әулие десе әулие ғой, көрмейсің бе бүгінгі күнді қалай болжап кеткен?!» деп бастарын шайқап отыратын сол кездің адамдары. Мөңкенің толғауларында айтылған болжамдар бүгінгі күні де мәнін жойған жоқ. Бәрі де айнадай келіп отыр. Мысал ма?
Келтірейік. Әулие былай депті:
Бай құрып, бақсы азады,
Кен көбейіп, бейшара озады.
Қу моладан үйің болады,
Қу баладан биің болады.
Кебір жерге теңеледі,
Әйел ерге теңеледі.
Немесе:
Адам ақысыз жұмыс істемейді,
Дүниені түрлеп кестелейді.
Ащыны ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
Алһам білгенін молла дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса көрші көршіге кірмейді.
Уақыт өте бәрі расқа айналды. Кешегі кеңес өкіметі тұсында қазақты бай мен жарлыға бөліп, халықтың малын талан-таражға салды, айдады, асты, атты. Билікке жеткен бала әкесін не атасын тыңдамайды, өзі біледі. Көршілер бір бірін танымайтыны, арнайы шақырмаса босағасынан аттамайтыны өтірік емес. Көрші болғасын сәлем беріп бара қалсаң жақтырмайтыны, «бұл не ғып жүр» деп күдіктенетіні тағы бар. Коммунистер дінсіз қоғам құрамыз деп небір ғұламаларымызды, ишандарымызды, моллаларымызды қудалады. Мешіттер бұзылды. Ақыры «бір алһам, үш құлһуалланы» ғана білетін дүмше моллалар пайда болды. Еркек пен әйелді теңестіреміз деп ұлттық тәрбиемізден, әдебімізден айрылып қалдық. Әйел алдында ол не дер екен деп, жалтақтаған, бүгежектеген аты еркекке айналдық. Ол ол ма, қыздан тию кетті, әйелден қию кетті. Қырықтың қырқасына шыққан сарықарып қатындардың шаштарын қиып тастағаны ештеңе емес, омырауларын ашып, балтырларын жалтыратып жүргенін күнде көріп жүрміз. Бұл туралы әулие:
Орай салып бастарын,
Желпілдетіп шаштарын,
Тақымдары жалтылап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар, — деді.
Міне, келешекті болжап, осылайша содан сақтануды ескерткен Мөңке есімі күні бүгінге дейін аталмай келді. Дұрысы айтқызбады. Кешегі коммунистік қоғамның идеологиясына қарама қайшы келетін Мөңкенің айтып кеткендерінен қорықты. Неге қорықпасын? Қазақы салт-дәстүрдің, ұлттық игіліктің — тіліміз бен дініміздің, рухтың жоғалатынын айтқан Мөңке толғамдары шошытып жіберді. Коммунизге барамыз деп жүргенде мұндай «ескіліктің қалдықтары» халыққа басқаша тәрбие беретін еді. Содан қорықты. Оның үстіне: «Қоныс болса алдыңнан орыс шығар» деді Мөңке. «Орыс, қазақ қосылып, бір-біріне үйір болар, Сөйткен заман кез болса, түзелуі қиын болар» деген де Мөңке. Сондықтан Мөңкенің шығармаларын насихаттамақ түгілі, оның есімін де ауызға алдырмады.
Лаулап жанған халқымыздың өнері мен мәдениетін бір ізге түсіріп, жинақтауға еңбек сіңірген дуалы ауыз Ахмет Жұбановтың өзі тақырып Мөңкеге келгенде аса сақтықпен қарады. Соның өзінде Мөңкенің атын еңбегіне сыналап енгізіп, ерлік жасады. 1975 жылы жарық көрген «Замана бұлбұлдары» кітабында атақты Батақтың Сарысы туралы еңбегінде былай депті: «... Сарының өскен ортасы басқа қазақтың мал баққан ауылындай тек құйрық пен мүйіз санап өткендер емес, өнердің де базары болды. Аталары Мөңке би өз заманында аса тапқыр, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен адам болған. Кердері Әбубәкір сияқты Мөңкенің жаңа заманның бірқатар көріністеріне «бәленің басы» деп қарауы да болған. Бірақ Мөңкеден басталған тапқыр сөз дәстүрі ол өреде үлкен орын алады». Академиктің «бәленің басы деп қарады» деп бұлтарып кетуіне тура келді.
Есімі тарихта Шекті Мөңке би деп қалған Мөңке Тілеуұлы шамамен 1675-1756 жылдары өмір сүрген. Мөңкенің арғы бабасы — атақты Ер Едіге. Мөңкенің ата-бабасы туралы Мұхтар Құл-Мұхаммед былай деп жазады: «Ендеше Мөңке би мен Едігенің арасын төмендегідей желімен жалғауға болады. Мөңке би — Тілеу — Айт — Бөлек — Қалу — Сирақ — Мұса хан — Уақас би — Нұраддин мырза — Едіге би». Мұндағы Тілеу — әкесі, 1684 жылы тарихта «Сайрам соғысы» деп қалған шайқаста ерлікпен опат болған. Мұса хан — атақты «Қырымның қырық батырындағы» «Мұса хан» жырындағы Мұса. Айтылған тұлғалар Мұхаммеджан Тынышпаевтың 1925 жылы Ташкент қаласында шыққан «Қырғыз-қазақ халқының тарихына материалдар» атты еңбегінде де анық көрсетілген.
Мөңке би бала кезінен өзінің шешендігімен, кесіп айтар көрегендігімен көзге түскен. Мөңкенің шешендік, билік сөздеріне, толғауларына алғашқылардың бірі болып назар аударған Ахмет Байтұрсынов. А.Байтұрсынов 1926 жылы жарыққа шыққан «Сауат ашқыш» атты кітабында Мөңкенің бала кезіндегі бір билігін мысал-ға келтіреді. «Шекті ұлы Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен дейді» деп келіп соңын былай аяқтайды: «... Жұрт бала билігіне ырза болады. Сол бала үш жүзге белгілі Мөң-ке би атанып, аты аспанға шығады».
Ал Жүсіпбек Аймауытовтың 1925 жылы Ташкентте шыққан «Ел қорғаны» атты пьесасында мынадай жолдар бар:
«Жарықтық Мөңке би болжап кетті ғой.
Жас баладан биің болар,
Жас балшықтан үйің болар.
Ат жақсысы арбада болар,
Жігіт жақсысы саудада болар, — депті ғой өтерінде». Мөңкенің шығармалары Қазақстан Республикасы Орталық кітапханасында сақталған. Кітапхана директоры Г.Әбуғалиева1999 жылы Шекті Мөңке биге қатысты архивтік құжаттардың көшірмелерін берген болатын.
Исі қазақққа қажет философиялық ойлар түйіп, данышпандық тұжырымдар жасаған, болжампаздықпен толғаулар жырлаған Мөңке жырау ғана емес, би ретінде қоғам қайраткері болған. Ірі саясаткер. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Мөңке, ең алдымен, Әбілқайырдың замандасы. Ханның жақын кеңесшілерінің бірі, ақылгөй абызы болған», — деп жазады. Әбіш Кекілбаевтың «Елең-Алаң» атты тарихи романында Әбілқайыр ханға орыс елшілігі келгенде Мөңкенің де болғанын суреттейтін жері бар. «... қарақшыдан аты келген Мөңке, Мойнақ, Мәметек, Айдаралы билер бастаған шектілер тобы Шалқар бетке... жылыстап шыға берді» делінген. Мөңкенің есімі орыс мұрағатына Әбілқайыр хан өлімінен кейін 1748 жылы хатқа түскен. Әбілқайырдың өлімін анықтауға жіберген аудармашы Юмағұл Гуляев өзінің жазбасында былай дейді: «И того же числа все знатные бий и батыры, согласясь, четырех биев: а именно: Чюмекейского роду — Джалгана; Чиктенского — Сырлыбая, да Баия и Мунка». Яғни патша өкіметінің қазақтарды жақсы білетін Гуляеві Мөңкенің еліне ықпалын біліп, төрт бидің қатарына қосқан. «Орта жүз және кіші жүз билері мен батырларының Нұралы сұлтанды кіші жүз және орта жүз қазақтарына хан етіп тағайындау туралы император Елизавета ханымға хатына» қол қойған отыз екі адамның бірі осы Мөңке би. Таққа отырған Нұралы хан өзінің хан екендігін тануды Ресей патшасына бекіт-пек болғанда хандықты жақтаған Мөңке болды.
Елдігімізді танытып, тәуелсіз мемлекет болған бүгінгі күні Мөңкенің айт-қандарына назар аудара бастадық. Оның шығармаларының құндылығын білген ғалымдарымыз өздерінің еңбектеріне енгізді. Әсіресе, тәуелсіздігіміз жариялан-ған 1991 жылдан бастап-ақ халыққа керекті дүниелер жарыққа шықты. Балтабай Адамбаев «Шешендік сөздер», «Шешендік шиырлары», «Тозған қазды топтанған қарға жейді», Серғали Толыбеков «Қазақ шежіресі», Тұрсынбек Кәкішев «Билер сөзі», Серік Негимов «Шешендік өнер» атты кітаптарына Мөңкенің билік, шешендік сөздерін енгізді. Ал Серік Негимов Мөңке бидің мына тол-ғауын мысалға келтірген:
Ақырзаман болғанда:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ.
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын,
Бежірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Домалақ, домалақ түймедей дәрің болады,
Жастарға билігі жүрмес кәрің болады.
Ертеңіңе сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Халықтың қанын сорған адамдар болады,
Қабағын түйіп қайыр тілейтін адамдар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,
Ит пен мысықтай ырылдасқан
Еркек пен қатының болады.
Сарылып көлік тосасың,
Құны жоқ қағазды судай шашасың.
Осы болжамды ала отырып, ғалым былай деп баға береді: «Алдымен Мөңке бидің бұл тақпақтап айтылған толғамы келер заманның кейпін кемел көрегендікпен сипаттауымен ерекшеленеді. Кесек ойлар кестелі, ұйқасты тілмен өрнектелген. Болжаудың әрбір сөзінде суреткерлік сипат бар. Түйінді тұжырым, бейнелі ой, сұлу сурет, эмоциялық-экспрессивтік қуат бар».
2000 жылы 26 мамырда Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның орындалуы туралы парламенттік тыңдау өткен болатын. Сонда Мәжіліс депутаты, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза былайша шыр-пыр болды: «Болашақ туралы Мөңке би баяғыда-ақ айтып кетті:
Құрамалы-жалғамалы үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады, — деп.
... Қаншама заң шықты, қаншама қаулы шықты. Пайдасы шамалы. Біздің осы жиынымыз да сондай болмаса екен деп тілеймін. ... Нострадамустың бір айтқаны келсе, бір айт-қаны келмейді. Ал, баяғы Мөңке бидің айтқанының бәрі келіп тұр.
Ала-шұбар тілден арыла алмадық. Дүдәмалдау дін қаптап кетті».
Осыдан үш ғасырдан астам уақыт бұрын өмір сүрген Мөңке әулиенің сөздеріне құлақ түріп, ойланып көрейікші...
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 12061 | Теги: МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ | Рейтинг: 3.6/12
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу