Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім м - Форум
Сейсенбі, 07.12.2016, 11:22
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Жалпы қоғам » Мектеп » Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім м (Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім м)
Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім м
AmankulovДата: Жұма, 19.08.2011, 13:02 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Сайтың бастығы
Сообщений: 15
Репутация: 0
Статус: Отырған жоқ
Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алудың теориялық негіздері

Мүмкін болатын қауіптер:

1) кей мектептерде тек бір ғана пәннің жеке тақырыптарын немесе тарауларын тереңдету көзделеді;

2) немесе тіптен жеке пән шығарады;

3) пәннің қолданбалы жағы қалыс қалады.

Ғылыми тұрғыда негізделген іс-шаралар:

1) қолданбалы курстарды оқытудың мақсат-міндеттерін айқындау;

2) қолданбалы курстардың атқаратын функцияларын белгілеу;

3) оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұнын таңдап алуда басшылыққа алынатын принциптерді анықтау;

4) қолданбалы курстардың бағадарламаларына енгізілетін білім мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау.

Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты:

– оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау

Міндеттері:

- оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;

- курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін материалды өмірмен байланыстыру;

- қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі, колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;

- жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.

Қолданбалы курстарға қойылатын талаптар:

- әлеуметтік және жеке тұлғалық мәнінің болуы, оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін өзектілігі;

- оқушының әлеуметтеуіне және түрлі жағдаяттарға бейімделуіне мүмкіндік туғызуы, саналы түрде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беруі;

- оқушыларды оқыту бағдарына сәйкес практикалық іс-әрекетке тарту;

- базалық және бағдарлы жалпы білім беретін пәндерді оқытуды қолдап, бағдарлы мамандандыру үшін жағдай жасауы;

- оқытуды ұйымдастырудың оқушының болашақ кәсіби іс-әрекетіне сәйкес әдістері мен формаларына сүйенуі;

- дамытушылық әлеуетінің болуы, жалпы білімдік, интеллектуалдық және кәсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беруі.

Қолданбалы курстардың функциялары:

- қазіргі заманғы түйінді проблемаларды зерделеу;

- болашақ кәсіби іс-әрекетке бағдарлау;

- танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке бағдарлау;

- базалық пәндік білімді толықтыру және тереңдету; бағдарлы пәндерді оқытудағы кемшіліктерді жою.

Білім мазмұнын таңдау принциптері

Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алу үш таған деп айтуға болатын мынадай маңызды принциптерге негізделуі қажет:

1. Қолданбалы сипатта болуы;

2. МЖМБС-қа сәйкес болуы;

3. Мамандыққа бағдарлауы.

Вариативті компоненттің білім мазмұны мына талаптарға жауап беруі тиіс:

- толымдылық,

- субъективті жаңалық,

- жалпылық,

- ғылымилық,

- сараланғандық,

- практикалық бағыттылығы

- жүйелілік,

- уақыт қорына лайықтылық.

Арнайы курс бағдарламалары құрылымы

1.Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні

2.Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау

3.Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:

-курстың мақсаты;

-оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар;

-пәнаралық кіріктіру;

-кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;

-уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.

4.Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.

5.Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.

6.Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).

7.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

8.Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі) .
 
Форум » Жалпы қоғам » Мектеп » Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім м (Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім м)
Страница 1 из 11
Поиск: