Жұма, 29.03.2024, 00:03
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Шетелдік жаңалықтар

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ


Баймағамбетова М.С.


М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі ағылшын тілі пәні оқытушысы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ. Білім беру саласында түбегейлі өзгерістер еңгізілуде. Жалпы орта мектепті 12 жылдық білім беруге көшіру мақсатында көп жұмыстар атқарылуда. Республикада бірнеше мектептерде экспериментальдік жұмыстар жұріп жатыр. Сондықтан кәсіптік орта және жоғары білім беру мекемелеріне 12 жылдық мектептерге кәсіби құзырлы, жаңа технологиялармен қаруланған, өз пәнін жетік меңгерген мамандарды даярлау жауапкершілігі жүктеліп отыр.

Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімдерін даярлауда колледждің «Шетел тілі» пәндік циклдық комиссия оқытушылары ізгілікті жұмыс жасауда. Жас ұрпаққа кәсіби білім беру терең теориялық білімді, жан-жақты біліктілікті талап етеді. Бұл салада әдістемелік пәндердің маңызы зор. Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Ұстаздың қолындағы мықты екі қарудың бірі – терең білімі болса, екіншісі – сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс – тәсілі болуы қажет. Әдіс грек тілінен еңген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынаны берген, яғни «белгілі бір пәнді оқытудың әдісі» дегенді білдіреді. Сонымен қатар әдіс дегеніміз – алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалімнің және оқушының жүйеленген іс - әрекеті. Бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғаламін даярлауда әсіресе түрлі әдістер арқылы оқушыларға шетел тілін меңгерту – баланың жан дүние рухын байытатын, әлемдік білім кеңестігіне жол ашатын, бәсекеге қабілетті, заман талабына бейімделгіш жас үрпақты тәрбиелеу болып табылады. 12 жылдық білім беруде шетел тілін бастауыштан бастап оқытудың себебі – білім негізі бастауышта қаланатындықтан және ең басты мақсаты – тілдің сапасын арттыру, яғни оқушыларға шет тілін сапалы түрде, бір-бірімен еркін қарым- қатынас жасай алу деңгейінде меңгерту талап етіледі.

Сөйлеу – оқытудың мақсаты. Сөйлеу - өте көп аспектілі және кұрделі құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Мұғалімге ең алдымен оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жұзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, сөйлеу – бұл қызмет, адам қызметінің бір түрі. Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі – пікір айту пайда болады.

Сөйлеу – қарым – қатынас құралы. Қарым – қатынас ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым- қатынастың екі құралын, сөйлеу мен тыңдап-түсінуді, екінші жағдайда жазу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Сондықтан, сөйлеу – сөздік қызметтің түрі ретінде қарым- қатынастың құралдарының бірі болып табылады.

Әдістемеде сөйлеу түрлерін «монологиялық» және «диалогиялық» сөйлеу деп те атайды.Оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады, ол студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және оның шетел тілін мәдениет аралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Бұл мәселені шешу үшін педагогтар оқыту процесінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану қажет.

Шетел тілін оқыту әдістемесі пәнін ағылшын тілінде жұргізу бірнеше қиындықтар туғызады. Әсіресе оқытушы мен студенттің сөйлесу қарым –қатынасы бір жақты болса. Студенттер көбінесе үнсіз қалады. Яғни:

- студент өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды таба алмайды;

- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылады;

- өз білімінің дәрежесі төмен екендігін көрсеткісі келмейді.

Бұл жағдайда студентті сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орнату қажет.

Студенттерге шетел тілін оқыту әдістемесі пәнінің теориялық негіздерін тірек – сызбалар арқылы түсіндіру тиімді және білім беру стандартының талаптарына сай теориялық сабақтарда тек оқытушы ғана емес студенттерде жұмыс жасау талабы орындалады. Мысалы:



Content of Foreign Language Teaching





1) Psychological component, i.e. habits and skills which ensure the use of the target language as a means of communication in oral (hearing, speaking) and written (reading, writing) forms
(2) Linguistic component, i.e. language and linguistic material which should be assimilated to be used in language skills
(3) Methodological component, i.e. the techniques which pupils should acquire to learn the foreign language in a most effective way





Осы сызба арқылы шетел тілін оқыту әдістемесінің мазмұның компоненттерінің түсіндірмелерін аудару арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын студенттер меңгере алады. Сонымен қатар сөздік жұмыс жасау арқылы сөз қорларын байытып, тақырыптың сұрағына ағылшын тілінде жауап беруге әр кезде дайын болады. Қысқаша тірек сызбаларды студенттер оңай есте сақтайды.

Практикалық сабақтарда студенттерге төменгідегідей тірек- сызбалар өз ойларын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беруге және де жауап беруші студент жаңылысса басқа студенттерге оның қателерін жөндеуге көмек береді:




Осындай тапсырмалар арқылы студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру мәселесі шешіледі және диалогтық қарым- қатынас жасауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру үшін түрлі топтық немесе жұптық тапсырмалар беріп, әрбір студентке жеке рольдер мен міндеттер атқаруды талап етіп, бірігіп жұмыс жасату бойынша білім деңгейлері төмен студенттер үлгірімі жоғары студенттермен кеңесіп жұмыс жасауына жағдай жасалады. Ондай болса студенттердің пәнге деген қызығушылығы, бәсекелестік сезімі негізінде студенттердің білуге құштарлықтары артады.


Қорыта келе студентердің коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында түрлі әдістер арқылы білім беру тиімділігін айтқан жөн. Әр сабақты түрлендіріп өткізу студенттердің білім деңгейін көтереді, қажетті білім алуға, біліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады.




Пайдаланылған әдебиеттер:

АмандықоваГ.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», Астана -2007
Бабинская П.К., Леонтьева Т.П., Андреасян И.М., Будько А.Ф., Чепик И.В. «Практический курс методики преподавания иностранных языков», Минск-2003
G.V.Rogova "Methods of teaching English”, Moscow – 1983
Шолпанбай С.К. «Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі», журнал «Мектептегі шет тілі» № 2-2008
Категория: Шетелдік жаңалықтар | Добавил: Amankulov (30.08.2011)
Просмотров: 11072 | Комментарии: 4 | Теги: ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
0  
1 ok   (13.07.2013 08:14) [Материал]
ok

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу