Сейсенбі, 24.04.2024, 06:40
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

«ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП ЖҮРМІН»...
«ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП ЖҮРМІН»...
«ЕКІ ЕЗУ» театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан:
«ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП ЖҮРМІН»...
- Нұреке, сіз 20 жылдан бері әзіл – қалжың, сатира жазумен айналысып келесіз. Бұл - ешкімге абырой әпере бермейтін жанр. Соны біле тұра осы салада жүрсіз?
- Жүрмей қайда кетемін. Әэіл- қалжыңды өте жақсы көремін. Бұл салаға бар өмірімді шүберекке түйіп арнап келген адаммын.Және өзімді мүйізім қарағайдай сатирикпін деп айтпаймын, дегенмен мүйізі қарағайдай сатириктермен ақылдасып, араласып – құраласып жүремін. Бұл жанрдың абырой әпермегені былай тұрсын, өте қауіпті жанр. Бірақ, «Аққа құдай жақ» дегендей, талай қиындық, дау-жанжалдарға кезіктік бірақ, бәрінен аман-есен өтіп, құдайға шүкір елдің хошеметіне бөлініп жүрміз.
- Сатира жанрын неліктен қауіпті деп, айтып отырсыз...?
- Біреудің немесе бір маман иесінің өрескел әрекеттерін сахнаға барша жұртқа күлкі ету біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Мысалы, дәрігер туралы әзілдейтін болсақ, барлығы болмаса да, сол маман иелері немесе оның туысқандары жаман көзбен қарауы мүмкін. Өкпелеп реніш білдіруі да ықтимал. Болмаса, театрдың атына алып қашпа әңгімелер айтуы мүмкін.
- Ондай кезеңдер басыңыздан өтті ме?
- Иә, анда-санда кездесіп тұрады. Бірақ көп емес.Көпшілік көрермендер көшеде танып, амандасып жатады. Кейбірулері өздерінің ақылдарын, пікірлерін айтып жатады. Халық біз туралы айтып жатса, біз өнерде бар екенімізді сезініп қуанамыз.
- Кейбір көрермендер «ЕКІ ЕЗУ» театрын жақсы деп, бағаласа, кейбіреулері керісінше баға береді, оған қалай қарайсыз?
-Бір адам «жақсы» деген сөзді айтса, одан жақсы болып кетпейсің, немесе бір адам «жаман» деген сөзді айтса, одан жаман болып кетпейсің.Сондықтан да әр өнер адамының, әр театрдың өзіндік ұстанымы болады. Бірін - бірі қайталамағаны дұрыс
- Сынға қалай қарайсыз?
- Мәселен сынды қандай адамның айтқанында...Сыншымын деп, өзінен басқаны «анау жаман, мынау жаман, деңгейі төмен, түкке тұрғысыз» деп, негізсіз тарсылдата беретін тасыр, тақырлар болады. Олар сыншы емес. Сыншы деген- сыршыл, шыншыл болуы керек. Сын айтатын адамның сол салаға еңбегі сіңген, өмір тәжірибесі мол, білім деңгейі басқалардан биік, сабырлы, көргендігі ұшан-теңіз азамат болуы шарт. Осындай адамдар сынды сыртыңнан немесе жасырын телефон арқылы емес, бетпе- бет жүздесіп айтса, жақсы қабылдаймын. Жалпы менің айтарым, жұртқа жұмыс істеуді үйреткеннен гөрі, жұмыс жасап жатқан адамдарға бөгет жасамай жөніңе жүргенің дұрыс.
- Өнерде өзіңді көре алмайтындар бар ма?
- Көреалмаушылық қай салада да кездеседі. Ол туралы Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқан бір даналық сөзі бар:-«Көреалмаушылық – біреудің мықтылығы мен өзінің әлсіздігін мойындаудан туған дүние» дейді
- Қазір көпшілік телеарналарда, «Сатира жоқ», «Сатира жазатын адам жоқ», «Әзіл арзандап кетті» деген сұрақтарды үнемі айтып жатады, бұған не айтасыз...
- Бұл сұрақты сатираны түсінетіндер де, түсінбейтіндер де, айтып жүр.Жұртың бәрі осы сұрақты күнделікті айтылатын әнге айналдырып алды. Сатира неге жоқ. Сатира бар. Сатира өлмейді. Сол сатираны оқитын, талдайтын, баға беретін адамдарды мен жоқ деп айта аламын. Сатираға жаны ашитын адамдар жоқ, соның қырсығыннан кім көрінген сатираны тепкілеп жүр. Болмаса, қазақ сатириктерін жіпке тізер болса көп-ақ. Олардың қаншама еңбектері, шығармалары, кітаптары шаң басып кітапханаларда тұр.
- Театрдың шығармашылығы туралы не айтасыз?
- Жаман емес, ел қатарлы алға басып келеміз. Биылғы Наурыз мерекесінде болатын концертімізде көптеген шығармашылық өзгерістер бар. «Жас ағаштың жануы қиын» демекші, ұжым жастармен толығып жатыр. Негізі актерлер театрдың моторы ғой.. Дрматург С. Балғабаевтың «Ғажайыптың қазынасы» атты комедиясын сахналадық. Өте сәтті шықты. Жылына бір рет комедиялық спекталь қоямыз деп міндетеме алдық. Республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» атты әзіл-сықақ сайысын өткіздік. Барлық облыстардан үміткерлер қатысты. Енді осы жобаны Мәдениет министрлігіне жолдаймыз деп отырмыз. Егер олар қолдау білдіріп жатса, нұр ұстіне нұр болар еді .
- Мынау жақсы жаңалық екен, Қазір қоғам дүниежүзілік дағдарыс деп, жұмыс орындары азайып жатса, сіздерде көбейіп жатыр. Қарқындарың жаман емес, театр әртістерінің тұрмыс тірішілігі қалай?
- Өзге театрлардың басында бар ауыртпашылық бізде де бар, яғни пәтер мәселесі шешілмей тұр. Осыдан екі жыл бұрын Жаңа жыл қарсаңында Облыс Әкімі Елеусін Сағындықов мырзаның қабылдауында болдым. Ол кісі театрдың әртістеріне өз алғысын, сәлемін жолдады. Жасап жатқан шығармашылық жұмыстарымызды жақсы бағалады. Қабылдау сәтінде жағдайымызды түсініп театр әртістеріне 3 бөлмелі үй беремін деп, өз уәдесін берді. Мен Облыс Әкіміне сенемін. Ел басқарып отырған ер азамат қой, айтқан сөзін орындайтын шығар. Қысқасы, мен жоғары жақтың жақсы жаңалығын күтіп жүрмін...
- Ақтөбе облысы, мұнайлы бай өңір ғой, бірінші басшылар сөз берген болса, театрды пәтерсіз, көліксіз қалдырмас деп ойлаймын...
- Мен де солай ойлаймын. Тек, «жақын отырған сыйдың құрметтісін алады, алыстағы ауысқанын алады» дегенге салмаса болды. Болмаса, біздің қазақтың көңілі ұшан-теңіз ғой, тойларда бір жылқыны ауызбен атай салады да, келесі тойда оның төлін қосып атайды. Бірер жылдан соң, атаған жылқыларын қасқыр жеп кетті дейді де, бір қой бере салады..
- Әрбір өнер адамы өзінің еңбегін жегісі келеді. Облыста әзіл-сықақ театрын құрып, оны Республика көлемінде таныттыңыз. Талай өнер адамдары «ЕКІ ЕЗУ» театры арқылы танылды. «Ауылдағы Айтқыштар» атты жеке кітабының шықты. Өнер саласында 20 жылдай қызмет жасапсыз. Қазақстанда сатириктер саусақпен санарлықтай болса, оның бірі өзіңіз. Ақтөбе қаласында отырып –ақ, қазақ еліне танымал болып отырсыз. Аз еңбек еткен жоқсыз, кейбір әншілер екі ән айтып мемлекеттік деңгейдегі атақ – дәрежелерге марапаттарға ие болып жатады. Сізде неге атақ жоқ?
- Ол сұрақты маған емес, Ақтөбенің мәдениет басқармасына қою керек. Негізі атақ жүрген жерде шатақ жүреді. Олай дейтінім, жаңа өзің айтқандай екі ән айтып немесе «менің атақ алатын уақытым жетті» деп, өзін- өзі ұсынып таныс- тамыр арқылы атақ алып жатқандар баршылық. Мен оны қызғанбаймын. Бірақ, олар сол алған атақтарын жасырып айтпайды, аларын алып көпшілікке айтуға ұялады. Міне, сондықтанда марапаттаудың да мәртебесі төмендеп бара жатыр. Шындығын айтар болсам, Ақтөбедегі шығармашылық адамдарына жасалып жатқан жылдық марапаттаулар мен сый-сыяпаттар біздің ауылдың іргесін айналып өтеді. Қазақ айтады: «Бермегенді беріп ұялт» дейді. Жұртың не беріп жатқынын қайдан білейін, біздер қазақ өнеріне бір адамдай бар күшімізді, жігерімізді салып тер төгіп жатырмыз. Өрге тек өзімді емес,өзгелерді де сүйреп жүрген жанмын. Әрине, ел үшін жасап жүрген еңбегімді сатпаймын. Әншейін, көңіл ғой...
- Жалпы, «ЕКІ ЕЗУ» театрының қоғамдағы ролі қандай?
- Өте жауапты, өте қиын, өте қызық. «Бастығының алдында шыбындаған жылқыдай, өз қатары алдында аспандағы бір құдай» дегендей, қоғамда орын алып жатқан келеңсіз, әділетсіз жағдайлармен қалжың арқылы әжуалап күресеміз. Кейде олар бізбен күреседі. Сүйтіп, айтысып, тартысып жүреміз.
- Өткір сатира деген не?
- Бізде өткір сатира болу үшін сатираны жазатын сатириктерді мемелекеттік деңгейде қолдау керек, қорғау керек. Оны тұзы жеңіл өнер деп қарамау керек. Кеңес үкіметі кезінде сатиралық «АРА» журналының бетіне кім сынға іліксе ол адам ертеңіне жұмыстан қуылатын еді. Елдің бәрі, әсіресе совхоз директорлары, парткомдардың «Ара» журналының әр-бір санын шошып, үрейленіп ақтарып, менің фамилиям жоқ па екен, құдай-ай, менің атым жазылмаса екен, деп қорқып отыратын. Қазір ондай басылымдар жоқ. Болса да жұрт қорықпайды. Қайта тегін жарнама болады деп, мәз болып жүр.
- Сатираға мемлекет тарапынан қандай көмектер керек?
-Моральдық көмек, қаржылай көмек керек. Және марқұм болып кеткен сатирик аталарымызды жас ұрпаққа танытып тәрбилеу керек. Біздер өткен ғасырдағы батырларымызды жоқтап, тойлап жатырмыз, жастар білсін деп жатқан шығар дұрыс делік. Сатираны қолдайтын болсақ, өткен жылдары қазақ сатирасының классигі болған Оспанхан Әубәкіровті, заманында белгілі болған сатириктер Асқар Тоқпағанбетовті, Шона Смаханұлын тағыда басқаларын бүгінгі ұрпаққа дәріптеуіміз керек.Тірі жүргендері де түгендеп жатқан ешкім жоқ. Өйткені бүгінгі қоғамда сатириктер көзге шыққан сүйелмен бірдей...
-Гастролдік сапарларда көп жүресіз, есте қалған бір қызық оқиға айтып берсеңіз. -2003 жылдың күз айы жаңбырлы болды. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында гастролдік сапарда жүргенбіз. Біз мінген көлік ауылға 15 шақырымдай қалғанда жанар майы таусылып, тұрып қалды. Бұған дейін көлік ішінде қасқырлар туралы әңгіме айтылған болатын Өйткені, сол жылы далалықта қасқырлар көп болды. Қасқырлардың адамдарға шапқаны туралы қорқынышты әңгімелерден кейін 15 шақырымдағы ауылдан жанар май алып келуге ешкімнің батылы бармады. Бір сағаттай отырдық. Болмаған соң бір әртісіміз «мен барамын» деп қолын көтерді. Содан бәріміз оны көліктегі заттармен қаруландырдық. Аяғына етік, екі қолын қасқыр тістегенде тісі батпасын деп, үстіміздегі киім-кеншекпен орадық. Бір қолына күрек, бір қолына лом, беліне пышақ байлап, қалтасын темір-терсекпен толтырып көліктен шығарып жатсақ, бір аттылы кісі келіп күлді:
- Сендер ауылға концерт қоюға келе жатырсыңдар ма, әлде қасқыр аулауға келе жатырсыңдар ма?- деді. Сүйтсек, айналамызда ауылдың қора-қора қойы, сиырлары жайылып жүр. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы екен ғой деп, бәріміз мәз болып күліп жатырмыз.
Сұхбат алған Бақыт Жаншаева
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 1710 | Комментарии: 1 | Теги: «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу