Сенбі, 20.04.2024, 04:18
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

Құралы ерекше суретші
Кәдімгі тастарды қолданып тамаша өнер туындыларын жасауға болады десе сенесіз бе? Ақтөбеде қолынан бал тамған сондай өнерлі суретші бар. Ол -Мақсат Жаңабаев. Яшма, кокс, омозанит пен мәрмар тастарын суретші Мақсат Жаңабаев өз туындыларының шикізаттары ретінде пайдаланады.
Әрине, қара тастың кез келгені сурет құралы бола алмайды. Сондықтан, суретші Мақсат Жаңабаев тау-тасты жиі аралайды. Ал мәрмәрді құлпытастың қалдықтарынан жинайды. Одан соң тас түйіршіктері бірнеше мәрте жуылады. Жұмыр тасты қақ жарып, оны түрлі кейіпте уақтау үшін көп күш қажет. Тарыдай, одан да ұсақ тастар елеп-екшелген соң, қалдықтарын күлдей етіп, диірменге тартады. Уатылып, суға бірнеше мәрте жуылған тастардың табиғи түсін сақтап қалатындары сирек. Мақсат оны өз қажетінше ал-уан түске бояйды. Түстердің санында шек жоқ.Суретші үнемі табиғатты бейнелейді. Оның айтуынша, дархан даланың төсіндегі қаншама құбылмалы түстің барлығы туындыда өз үйле-сімділігімен орын алса, шығарманың сәтті шыққаны екен. Майлы бояудың үстіне тас ұнтағын себу аса ұқыптылықты қажет етеді. Көз майын тауысып, еппен жасалатын жұмыстың дайын болу уақыты әр түрлі. Көбіне шабытқа байланысты. Мақсаттың туындыларының қай қайсысы да бағалы. Оның шығармаларына сұраныс та жоқ емес.
- Тапсырыстар жиі түсіп жатады. Қазір жұрт зәулім үйлеріне қытайдың арзан картиналарын алмайды. Өздеріне ұнайтын авторлық жұмыстарды алғысы келеді. Майлы бояу, зергелік бұйымдардан жасаймын,-дейді Мақсат Жаңабаев.
Қиялы ұшқыр Мақсаттың мамандығы - көлік жөндеуші. Соңғы жылдары ғана бала кезден өзімен біте қайнасып келе жат-қан суретшілік өнеріне қамшы салған.Бұған дейін ол көңілінің хошы болғанда ғана сурет салатын. Қазір үнемі ізденіс үстінде. Оның шығармашылыққа бет бұрғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен шаруасы дөңгеленіп келе жатқан Мақсат бүгінге дейін жиырмадан аса картина салған. Қазақстандықтар арасында оның туындылары жоғарғы бағаға ие болды. Өз ісін шыңдай түсу үшін әуесқой суретшінің кәсібилермен тәжірибе алмасу ойы бар. Мақсат секілді тастан зергерлік сурет салатындар Ақтөбеде жоқтың қасы. Бірақ оның өнеріне қызығушы жастар көп. Үйренуге ниеттілерді баулу үшін тә-жірибе қажет. Сондықтан Мақсат шәкірт тәр-биелеуге әлі ерте деп отыр. Әзірге оның жанында қол ұшын беріп жүрген інісі Жадырасын бар. Ол да ағасы секілді өнерге бейім. Екеулеп зергерлік сурет өнерін дамытпақ ойлары бар. Мақсат Жаңабаевтың болашаққа жоспары көп. Жаңашылдыққа жаны құмар әуесқой суретші өнерін шыңдау үшін бар күшін сарп етпекші.
Жаңалық Ахаш
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 1480 | Комментарии: 1 | Теги: Құралы ерекше суретші | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу