Жұма, 19.04.2024, 02:59
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

Мұхтар Ғалиұлы АРЫН
Мұхтар Ғалиұлы АРЫН... Бұл кісі туралы жазу - әрі оңай, әрі қиын.
Оңайы – елдің ертеңі үшін жаны шырқырап жүріп еңбек еткен, нағыз шынайы адами қасиеттерді өзінен танытып, үлгі ете білген жан туралы қалай айтсаң да сияды.
Қиыны – білетіндерге менсіз де бәрі аян, ал білмейтіндер үшін «әр қазақты жалғызым» деп таныған, соған қызмет етуге жараған жұдырықтай жүрек иесін лайықты таныта алу еді.
Биыл педагог-ғалым, тума тәрбиеші Мұхтар Арынның туғанына 75 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтойға орай Қарғалы ауданындағы оның есімі берілген орта мектепте тағылымы биік тұлғаны еске алып, оның өнегесіне тағзым ету шарасы өтті. Өмірінің нағыз салиқалы да күш-жігерге толы кезеңін Ақтөбе топырағында өткізіп, осы өңірдің үлкен-кішісіне зерделі ой құйып кеткен, шын мәніндегі білімді де білікті жанның азаматтық іс-әрекеті, қадір-қасиеті сөз болған осынау кездесу оған қатысқан үлкен-кішінің зердесіне тағы да үлкен ой салды. Педагог-ғалымның істері мен өнегесін ұрпаққа үлгі етуден шаршамай, талмай жүрген мектептегі «Қазақ тілі» ұйымының төрайымы, білікті ұстаз Зағипа Бисенованың еңбегі зор.
Ғалымның жұбайы Райхан апай, баласы Нұрлан, тағы да басқа онымен қызметтес, дос-жолдас осы мерейтойға арнайы келген. Кездесу аталмыш мектептегі Мұхтар Арын мұражайына саяхат жасаудан басталды. Онда ғалымның қолжазбалары, өмір жолынан сыр шертетін фотошежірелер, жеке құжаттары мен марапаттары сақтал-ған. Келген қонақтар ғалымды еске алып, ол туралы естеліктер айтып, мектеп оқушыларының күшімен көрсетілген «Ұмытылмас ұлы есім» атты сахналық қойылымын тамашалады.
Райхан апа, Мұхтар Арынның жұбайы:
-Мұхаң өте парасатты, зерделі кісі болатын. Ол үлкенге де, кішіге де тірек бола білді. Ел қамын, ұрпақ туралы ойлайтын. Ақтөбе өңірі жұртшылығына, зиялы қауымына ризамын. Мұхтардың еткен еңбегін елеп, ескеріп, осындай үлкен шаралар ұйымдастырып жатыр. Оның атындағы мектеп оқушыларының үлгілі, биіктерден көрініп жүргеніне қуанып отырмын. Олардың Мұхтар аталары қазақ жастарының өнерлі, өнегелі, білімді, тәрбиелі азамат болғандығын қалады. Жастарымыз сол үрдістен шыға білсе екен деймін.
Нұрлан АРЫН, дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
- Ақтөбе өңіріне жол түскен сайын үлкен толғаныспен, әкеге деген сағынышпен келемін. Өйткені, бұл жердің топырағында, сай-саласы, құмы, суында әкемнің іздері жатыр. Ол кісі тәрбиенің тамырын қазақтың қаймағы бұзылмаған ауылдан іздеді. Аттары аталмай жатқан
арыстарды жарыққа шығаруға күш салды. Оның еңбегінің бәрін санамалап шығу міндет емес, ең бастысы оны халқы біліп, ел-жұрты елеп, еске алып жатыр. Ақтөбе педагогикалық институтында үлкен ғылыми конференция ұйымдастырылды. Әкемнің тәрбие саласындағы тағылымдары жан-жақты айтылуда. Көзін көрген, бірге қызметтес болған жандар адами қасиеттерін айтып жатыр. Бұл, оның ұрпақтары, біз үшін үлкен мәртебе.
Мені бұл жерде адамды оның еңбегіне қарай бағалайтын жандардың көптігі қуантып тұр. Қарапайым халыққа, жалпы елге еткен еңбектің ескерусіз қалмайтынының дәлелі осы болса керек. Әкеміздің атын ардақтап жатқан Ақтөбе жұртшылығына алғыстан басқа айтарым жоқ.
Кәдірхан ИГИСЕНОВ, М.Арын атындағы
Қарғалы қазақ орта мектебінің директоры:
-Қарғалы қазақ орта мектебі 1996 жылдан бері М.Арын ағамыздың атымен аталады. Бұл мектептің оқушылары да, ұстаздары да оны мақтан тұтады. Мұхтар ағамыздың «Бес анық» кітабы біздің тәрбие жұмысында басшылыққа алар басты құралымыз. Мектептегі тәрбие сағаттары, конференция, кездесулер осы кітаптағы айтылған тұжырымдарға қарай жоспарланып өткізіліп келеді. Мектебіміздің жетістіктері аз емес. Былтыр екі оқушымыз «Алтын белгі» иегері болды. Биыл тағы екі үміткеріміз бар. Бір оқушымыз биыл Сүлеймен Демирел атындағы университеттің, бір оқушымыз Ақтөбе педагогикалық институты физика-математика факультетінің грантын жеңіп алды. Осындай жетістіктеріміз өте көп.

Ағарту саласының көшбасшысы
Мұхтар Арын жер жәннаты – Жетісу өңірінің төл перзенті. Ол бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданында 1936 жылы дүниеге келген. 30-жылдары өз өлкесінде оқу-ағарту жүйесін ұйымдастырып, алғашқы басшы болған әкесі Арын 37-нің нәубетіне ілігеді. «Халық жауы» деген жасанды жала Мұхтар аға дүниеге келер-келместен асқар таудай әкесінен айырса, өз соңына «халық жауының баласы» деген түртпекпен түсіп, көп қиындықтарға кезіктіреді. Анасы Қанипадан он жасында айырылады. Осылайша, әкеден де, шешеден де ерте көз жазып қалған бала Мұхтарды әкесінің ағасы Ғали бауырына басып, тәрбиелеп өсіреді. Оқу, біліммен ғана биік мақсаттарға қол жеткізуге болатынын түсінген ол ілім-ғылым жолына ерекше ынтамен кіріседі. Осылайша, орта мектепті, одан кейін жоғары оқу орнын (Алматы педагогикалық шет тілдер институтын неміс филологиясы бойынша) үздік бітіріп, қызметке араласады.
Ақтөбе өңірінде тарихи-мәдени һәм ағарту саласының көшбасшы, көсемі болып, жанын жалдап, аянбай еліне еңбек еткен, көкірегі сергек Мұхтар ағаның айтуға тұрарлық істері көп бол-ғаны белгілі.
Ақтөбе жеріне қызметке келген ол өз жұмысымен шектеліп қалмай, өңірде қазақ тілінің көсегесін көгертуге күш салды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жаппай жабылып қалған қазақ мектептерінің қайта ашылуына, жер-су атауларының қазақша аталуына, тарих қойнауында қалған арыстар мен абыздардың еңбектерін зерттеп, оны жарыққа шығаруда қыруар шаруа тындырған адам. Бүгінде тек айтуға ғана жеңіл, кезінде білектің күшімен емес ақыл, парасат, терең біліммен, елге, жерге деген шынайы махаббатпен, азаматтық ар-ожданмен орындалатын істер екенін есті адам сезіне алар. Мұхтар Арынның қазақтан шыққан тұңғыш лингвист ғалым Құдайберген Жұбановтың есімін педагогикалық институт-қа беру туралы ұсынысы жүзеге асты.
Тама Есет батырға кесене тұрғызып, тәлім-тәр-биенің тереңі тарихтың қойнауында жатқанын ұғындырды. «Тәрбие деген тәңір бар» деген оның бір ауыз сөзінің түсіндірмесі «Бес анық» еңбегінде айқын жазылды. «Нағыз қазақ бес тірегін білуі керек. Олар – тілі, діні, тарихы, дәстүрі, атамекені. Тіл – қазақтың діңгегі, елім тілін жоғалтса, түбінен шайқалғаны, исламнан қиыс тартса, ол – қазақтың азғаны. Өткенін білмеген алға баспас, дәстүрін ұмытқан ел оңбас»,- деп жазып, «бес анықты» бес саусақтай жаттатып кетті. Ол 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры болды. Мұхтар Ғалиұлы 1995 жылдың қыркүйегінде Абай еліне экспедиция сапарында, жолда, Әйтеке би ауданы «Жабасақ» ауылында жүрек талмасынан мәңгілікке көз жұмды. Бірақ оның бастап кеткен ісі өмір көшімен алға жылжуда.
Ирина ҚОСПАҒАНБЕТОВА.
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 4508 | Комментарии: 1 | Теги: Мұхтар Ғалиұлы АРЫН | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу