КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ - Мәдениет - Жаңалықтар - Жаңалықтар - Ustaz
Сейсенбі, 07.12.2016, 11:19
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ
Қазақ ұлттық музыкасы – бәз-біреулердің шатпағындай ХV ғасырдан бастау алған жоқ. Қазақтың ән өнерi - сонау көне заманнан қалыптасып келе жатқан халқымыздың асыл қазынасы. Фоль-клорлық музыка саласының бір тармағы. «Фольклор» деген сөз ағылшын тiлiнен алынған. Ол "халық даналығы, бiлiмi, ауызша шығарған туындылары” деген мағынаны бiлдiредi. Фольклорлық шығармалар халықтың әр дәуiрдегi тұрмыс-салтымен, наным-сенiмiмен, күнделiктi тiршiлiгiмен тығыз байланыста туады. Мұнда халықтың арман-үмiттерi дәл көрiнiс тауып, табиғат, өмiр құбылыстарынан сыр шертедi. Ән - халықтың сүйiп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бiр бай арнасы. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы ауыздан-ауызға тараған көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: "Сөз - күмiс, ән - алтын”, "Ел көркi - қыз, той көркi - ән” немесе "Ән өмiрді ұзартады” деген асыл сөздерi осы ән өнерiн құрметтегендiктен шыққан.
Ақтөбе – талай өнерпаз туатын бел екені бесенеден белгілі. Өнер өлкесіне айналып келе жатқан Ақтөбеде тағы да жаңалыққа толы ансамбль құрылды. Мақсаты – ежелгі ұлттық рухтың, көк бөріден бастау алған бабалар тарихын әуен арқылы халыққа жеткізу.

«ЕЖЕЛГІ ДӘСТҮРДІ ЖАҢҒЫРТҚЫМЫЗ КЕЛЕДІ»
дейді «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Елубай Кенжалин.
- Біздің ансамбль - ежелгі бақсылық өнерді, яғни фольклорлық әуенді жаңаша кейіпте елге жет-кізеді. Сондай-ақ, ұмытылып бара жатқан ұлттық аспаптарды да елге паш ету мақсатымыз бар. Менің ойымша әр облыста осындай бір ансамбль болғаны дұрыс. Біздердің құрылғанымызға міне екі айдың жүзі болды. Бүгінгі концертіміз біздің тұсау кесеріміз болды десек, қате айтқандық болмас.
- Ансамбльдің құрамы туралы айтып кетсеңіз?
- Ансамбльдің құрамы жастар. Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттері. Өздері ойнайтын аспаптарын жетік меңгерген. Арамызда ұмытылып бара жатқан сыбыз-ғы, сазсырнай, дауылпаз сынды аспаптарда шебер ойнайтын жастар бар. Өзіміздің арамызда өнерлі өрендеріміз бар, даладан өнерпаз іздеп не істейміз? Міне, осындай ойлармен «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблін құруды жоспарлаған едік, құдайға тәубе, ол ісіміз де жүзеге асты. Ендігі мақсат – көрермендеріміздің көңілінен шығып, тәуір дүниелер мен таңсық өнерді жалғағымыз келеді. Өзіңіз көргендей, шаманизм, яғни бақсылық өнерді түрлі аспаптармен әдемі жеткізуге болады. Ескiлiктi наным-сенiмнен туған әндердiң бiр алуаны - бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негiзiгi мақсаты - түрлi ауруларды емдеу. Бақсы жын-перiлердi музыка аспаптарымен қуған. Қазақтың емшiлiк кәсiбiнен туған бәдiк әндердiң өз заманы үшiн өмiрлiк мәнi болған. Өйткенi ол адам баласына қас дүлей күштер мен түрлi ауруларды әсерлi, сырлы сазбен көшiрiп, көндiруге болады деп сенген. Сондықтан бәдiк тек мал ауырып, адам сырқаттанған кезде ғана айтыл-ған.
- Репертуар туралы не айтасыз?
- Репертуар – тек көне күйлерден ғана емес, заман ағымына сәйкес түрлі композицияларды аспаптардың көмегімен көркемдегіміз келеді. Сосын тағы бір айта кетерлігі – біздің түпкі тегіміз көкбөрі болғанын анықтап жатырмыз ғой. Сол көкбөрінің дыбысы – көмей үнін де ансамбльдің репертуарына қостық. Әдемі үйлесті. Енді алдағы уақытта осы бір інжуімізді әрі өркендетсек деген ойымыз бар.
- Ансамбль құрамы кеңейтіле ме? Құрамындағы өнерпаздар ауыспайтын шығар енді?
- Олай деп кесіп айта алмаймын. Қазір ансамбльдің құрамындағы жастар – студенттер. Олар оқуларын аяқтағанша ансамбль құрамы өзгермесі анық. Дегенмен осы қалыптасқан күйімізде әрі қарай шығармашылығымызды жалғастырып әкетсек, жақсы болар еді әрине.
- Қолдап отыратын тұрақты демеушілеріңіз бар ма?
- Облыстық әкімшілік пен филармония ұжымы, сондай-ақ мәдениет басқармасы қолдап жатыр. Алдағы уақытта тек облыс көлемінде ғана қалып қоймай, осы ансамбльді республикаға, тіпті әлемге танытсақ деген үлкен жоспар-арманымыз бар. Әрине, онын бәрі алдағы күннің еншісіндегі жұмыстар.

ОЙ ТҮЙІН
Махамбеттің «Мен, мен едім» деп намысы кеудеге сыймаған өр тұлғасын, Құрманғазының «Адай» болып, арандағамын күй арқылы жеткізе білгек ансамбль төл өнерімізге сусаған біздер үшін қажет. Бiз өзiмiздi өзбектермен салыстырғанды ұнатамыз. "Олардан баймыз, ауқаттымыз”, - деп мақтанамыз. Шын мәнiнде, бiз олардан кедеймiз. Әлдеқайда жұтаңбыз. Ұлттық намыс, ұлттық рух тұрғысынан. Тiптi қазаққа жалданып жұмыс iстеп жүрген ала тақиялы ағайынның қолы қалт ете қалса, өзбек фильмiн көрiп, өзбекше ән тыңдайтынына талай мәрте куә болғанбыз. "Бiз әлi сендерден озамыз” дегенiн де естiдiк. Ендеше, "бiз мықтымыз!” деп кеуде соққанымыз жөн бе?…
Бағзы замандағы бабалар өмірін қаз-қалпында көз алдыңа әкелетін қобыздан төгілген күй, сыбызғы сызылып сезім иіріміне жетелесе, дауылпаздан дала майданының көріністері айқын аңғарылады. Ендеше, сонау Көкбөріден бері қарай жалғасын тауып келе жатқан төл туындыларымызды бағалай білсек, қандай жақсы!
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 979 | Комментарии: 2 | Теги: КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Арайлым   (10.09.2013 00:33)
"Керек.инфо" газетіне шыккан Индира Керееваның материалын ұрлап басуға арланбайсыздар ма? Маскара!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 3

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 197

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу