Бейсенбі, 25.04.2024, 12:31
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН...
Сәйгүлік келеді. Тұяғынан от шашып. Бәлкім қанатты пырақ болар. Кең даланың төсінде көсіліп шапқан сайын, сымдай тартылған сымбатты келбеті көз алдыңызға елестейді. Бұл – күйдің құдіреті. Жыр-күйдің. Әуен арқылы санаға жыр болып өрнектелетін әдемі сурет. Шындық жатқан шұғылалы шамшырақ. Сәулелі сәт. Терең философия. Кеудені кернеген мақтаныш. Қазақ болып туылғаным үшін. Кең даланың төсінде сайран салғаным үшін. Көктей жайқалған кәусар жыр. Күй болып төгілген керемет композиция. Осылайша күй өнерін көкке өрлетіп, жыр-күй жанрын дамытуда аянбай еңбек етіп жүрген күйші, композитор Ерсайын Басығараевты Ақтөбе жұртшылығы жақсы біледі. Өткен аптада Ақтөбе халқы үшін өз өнерінің өрелі биігіне самғай шыққан ол «Керек.info» газетінің оқырмандары үшін сұхбет берген болатын.

ҚАЗАНҒАП – СІҢІРІ ШЫҚҚАН КЕДЕЙ БОЛҒАН
-Ерсайын ағай, қаламызға қош келіпсіз. Әңгімеміздің «әлқиссасын» күй өнерінен бастасақ...
-Дұрыс айтасыз. Күй өнері- шексіз көкжиек секілді, дархан дала секілді, тіпті тұңғиық теңіз секілді. Толқуы көп, талабы жоғары. Күйшілік немесе күйге еліктеу атамыз қазақтың басты қа-сиеті. Әлемнің ұлы композитор-халқы қазақ десем, қателеспес едім. Өйткені әр күй- бір-бір әлем. Ал сол әлемде әр қазақтың тағдыры, тыныс-тіршілігі, тартқан тауқыметі, кешкен ғұмыры жатыр. Сондықтан да, күй – қазақ үшін қасиетті. Өйткені, ықы-лым заманнан бері көрген қиыншылығын, тағдырдың таразысына түскен талай сәттерін күймен жеткізген. Әдемі жеткізген, әсерлі жеткізген. Қазақ музыкасы тарихында халық өмірін өз шығармашылығына арқау еткен, аспапты музыканың шолпан жұлдыздарының бірі – Қазанғап Тілепберген-ұлы. Қазанғаптың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеп, оның музыкалық мұраларын алғаш қағазға (нотаға) түсірген - академик Ахмет Жұбанов. Ол өзінің "Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы", "Ғасырлар пернесі" атты көлемді еңбектерінде Қазанғаптың композиторлық, орындаушылық өнер жолы туралы құнды пікірлер айтқан. Қазанғап - өзінен бұрынғы домбырашылардың асыл мұраларын халық арасында насихаттаумен қатар, өз жанынан да көптеген күйлер шығарған адам. Оның "Кіші қаратөс", "Үлкен қаратөс", "Торы ат", "Домалатпай", "Кербез Ақжелең", "Жаңылтпаш", "Дүркін-дүркін дүние", "Қап, әттеген-ай", "Ұмытты қалды, ұмытты", "Аманда бол шырағым", "Жұртта қалған", "Акоп" (Окоп), "Учитель", "Бөгелек", "Көкіл", "Бұраңбел" т.б. күйлері бұл күндері халыққа кеңінен танымал шығармаларға айналды. Болашақ ұрпақ үшін өмірге келген бабалардан қалған асыл мұралар, әсіресе, қазақтың ән-күйлері ХХ – ғасырдың екінші жартысынан бастап еркін жинала басталды. Соның нәтижесінде қазақтың атақты күйшілері жайлы мәліметтер мен күйлері таспаға түсіп белгілі бола бастады.

Керек дерек
Ерсайын Бақытұлы Басықара -Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консервато-риясының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазанғап күйлерінің таралуын зерттеуші. Қазанғап күйлерін жалғастырушы, күйші Отбасылы, төрт баланың әкесі. Жасынан әкесі Бақыт Басықараевтың жанында жүріп, күй өнерінің қыр- сырына қанып өсті. Бүгінде өзі де жыр-күй жанрын дамытуда жетістіктерге жеткен адам.

-Күй тартқан кезде қандай әсерде боласыз?
-Күй тарту – кез-келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа. Трансқа түсіп кетемін мен. Басқа әлемде жүргендей болам. Жеті қат көкте қалықтап, тылсым еркіндікке қол жеткізем.Қазанғап - қазақ үшін дара тұлға. Қазақты домбырамен біріктірген. Халықтың сүйіспеншілігінен - өзіме берілген зор бағаны ұғынам.
-Қазанғап күйлері несімен ерекшеленеді?
-Қазанғап – үлкен мектеп. Ол тіпті академия десе де болады. Өйткені Қазанғаптың заманында туыл-ған дүниелер қазіргі таңда үлкен құндылықтарға ие болып келеді. Және, бай-қасаңыз, өз орнын жойған жоқ. Жоймайды да. Өйткені күй атасы – Құрманғазы десек, күй ұстазы – Қазанғап. Өнер құдіретін шын бағалай білген Қазанғап өмірдің не бір жоқшылық, ауыртпалық жолдарын басынан кешсе де, өз шығармашылығын ел өмірінің тілегімен ұштастырып, халықтың қамына арнады. Қа-занғап шығармаларының тақырыбы сан түрлі.
Мазмұны жан-жақты, әсем әуенге бай, музыкалық тілі шебер. Сондықтан да, Қазанғап күйлері қазақтың аспапты музыкасы – күй жанрының қорына қосылған баға жетпес мұра. Кейінгі кездері Қа-занғаптың өмірі мен шығармашылығына байланысты көптеген еңбектер жарыққа шықты. Айталық, А.Райымбергенов пен
С.Аманова шығарған "Күй қайнары", А.Райымбергенов шығарған "Қазанғап Ақжелең" атты құнды еңбектерді айтуға болады. Мұнымен қатар өзімнің әкем Бақыт Басығараев жеткізген Қазанғап күйлері де бұрынғы жинал-ған қорды толықтыра түсті.
Қазақтың ән-күйлерін халық арасынан жинау мақсатында мен және Құдайберген Жұбановтың үлкен баласы Ақыраб ағай екеуміз Ақтөбе қаласына экспедицияға шықтық. Ақтөбе қаласында тұратын атақты домбырашы, Қазанғаптың күйлерін алғаш жеткізуші Жәлекеш Айпақов қартқа жолығып, Қазанғаптың, Боғданың, Үсентөренің күйлерін магнитофон лентасына (үнтаспаға) жазып алдық. Сөз арасында Жәлекеш қарт, Қазанғаптың қасында екі жыл еріп жүріп күйін үйренген Кәдірәлі қарт туралы әңгіме етті. Ол уақытта Кәдірәлі қарт Шалқар ауданында тұрады екен. Кәдірәлі Ержанов қартты Шалқар ауданының жайлауында отырған жерінен іздеп таптық. Жасының 80-ге келгеніне қарамастан Кәдірәлі күйші қолына домбыраны алып тартқан кезде қанаттанып, жаңа күш біткендей шабыттанып кететін. Кәдірәлі Ержанов 1885-жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аяққұм дейтін жердегі Қаңбақты ауылында туған. Руы Әлім, оның ішінде Шекті, Шектінің Қаңбақтысы. Ержанның Сапарәлі, Кәдірәлі деген екі ұлы болған. Сапарәлі Қазан-ғаптың тікелей шәкірті атанған. Ағасының осындай өнерін көрген Кәдірәлі жасынан домбыраға әуестеніп, өнер жолына талпынады. Сапарәліден көптеген күйлер үйренеді.
Кәдірәлі қарт өзінің ұстазы атақты Қазанғап күйшінің қасында екі жыл еріп жүріп, күй үйренгенін мақтанышпен айтып, күйлерін тартты. Ал, ұстазы жайлы: "Қазанғап ұзын бойлы, қайың қаптал жіңішке қара кісі еді. Шоқша сақалы бар. Сіңірі шыққан кедей. Бір жалғыз көне шапанын жамаулап киіп жүретін еді. Ертеректе бір баласы өлгеннен соң, қайтіп балалы болмаған. Қазанғап өз өмірінде Төреш, Орынбай секілді домбырашылармен тартысып басым, ал Үсентөремен тең түскен. Бұдан кейін Қазанғаппен күй тартысуға ешбір домбырашылардың батылы бармапты. Қазанғап өз өмірінде 124 күй шығарып тартқан.Қазанғаптың күй тартысы тыңдаушысын бірден өзіне баурап алатын. Сол өңірдегі үлкен той, жиындарда жырау мен Қазан-ғап екеуі бірге барып, бір жерден жырау жыр айтып, екінші жерде Қазанғап күй тартқанда, жиналған ел жырауға бармай Қазанғапқа баратын еді..."- деп, Кәдірәлі қарт есіне алды.
1951 жылы жасы жетіп жұмыстан босаған, оған дейін тері дайындау жұмысында болған. Кәдірәлі әрбір күйді өз мәнерінде шебер орындайтын. Ол жасы сексеннен асып отырса да, күй тартқанда жасарып, қанаттанғандай болады. Кәдірәлі қарттың орындауында бізге өз күйлерімен қатар, ұстазы Қазанғаптың да көптеген күйлері жетті. Кәдірәлі қарт жайлы Қазақ ССР-на еңбек сіңірген артисі Жәлекеш Айпақов: "Кәдірәлі Қазанғаптың қасына ерген ең таңдаулы, мықты шәкірттерінің бірі"-дейді. Осындай үлкен өнер иесі, болашақ ұрпақ үшін өшпестей күй мұрасын сақтап қалдырған майталман күйші Кәдірәлі Ержанов – 1968-жылы сексен үш жасында қайтыс болды.
- Кәдірәлі ақсақал Қа-занғаптың тікелей шә-кірті болғанымен, өзі де күй шығарғанға ұқсай ма, қалай?
-Дұрыс. "Ілме", "Егіз", "Жетім бала", "Ұмытты қалды, ұмытты", "Қасқа-ау, ана арада – қасқа-ау, мына арада" атты күйлерін шығарады. "Қасқа-ау, ана арада - қасқа-ау, мына арада" күйінің әңгімесі. Қа-занғап, Боғда, Қаратөстің шығармаларын еркін меңгеріп, жұртшылыққа таратушы шебер домбырашы, өнер иесі - Кәдірәлі Ержановтың өмірі мен творчес-твосы туралы Т.Мерғалиевтің "Домбыра сазы" кітабында айтылған. Ал, Кәдірәлінің "Қасқа-ау, ана арада - қасқа-ау, мына арада" күйін, 1963 жылы автордың өзінің орында-уында, шығу тарихы жайлы әңгімесімен Т.Мерғалиев жазып алған.
Бір жылы Кәдірәлі Қазанғаптың қасында жүргенде Табын руының Тасыбай, Қонақбай сияқты белгілі домбырашыларымен тартысып, оларды жеңеді. Кәдірәлінің оларды жеңу себептері былай болыпты: Тасыбай мен Қонақбай ауылындағы жасы жетпістер шамасындағы бір бай төрт әйелдің үстіне бесінші етіп, көрші ауылдағы бір кедейдің жас қызын малға сатып алыпты. Қыз байдың үйінде бір жұма болғанда, елде қал-ған сүйген жігіті артынан іздеп келіп, бір түнде алып қашып кетеді. Түн ортасында бай жас "жұбайын" іздеп, шырт ұйқыда жат-қан ауылды бөрліктіріп оятады. Қыздың қашуына көмектескен сол ауылдың қу жігіттері байды мазақтап, қыз бен жігіт ауылдан ұзағанша оны алдарқатып, ауыл маңындағы қарабарақтың арасынан іздеген болып, "ана арада, мына арада" деп, түн ішінде қарауытып көрінген қарабарақтың арасын байға аралатып, әбден сілесін қатырыпты. Осы оқиғаны естіген Кәдірәлі Тасыбай, Қонақбай ауылының байларын мазақтап, "Қасқа-ау, ана арада - қасқа-ау, мына арада" деп күй шығарғанда Тасыбай мен Қонақбай: "Сараң байдың қырсығы бүкіл елге, ел намысына тиді",- деп, өздерінің жеңілгендерін мойындапты. Сөйтіп, Кәдірәлінің "Қасқа-ау, ана арада – қасқа-ау, мына арада" деген күйі, осы оқиғаға байланысты шыққан екен.
- Ендеше, әр күйдің өз тарихы бар деген сөз ғой бұл. Бүгінгі кешіңіз жайлы бірер сөз...
- Ия, әрине. Әр күйдің өз тарихы, өз ғұмырнамасы бар. Бүгінгі кешімде халық күйі «Жорға аю», Қабыкейдің «Желдірмесін», «Ортеке биі», Махамбеттің «Жұмыр қылышы», әкемнің «Толқындасын» және Ахмет Жұбановтың бірнеше күйлері орындалмақ.
- Әңгімеңізге рахмет! Күй-ғұмыр ұзақ болсын!
- Әумин! Сіздердің басылымдарыңыз жастар арасында халық мұрасын талмай насихаттайтын және көпшілік сүйіп, іздеп жүріп оқитын газетке айналсын!
P.S.: Филармония залын тербетіп тұрған құдіретті күштің тол-қынымен тербеле басып үйге беттедім. Көз алдымда «Ортекенің» орағыта секіргені елестеп, «жұмыр қылыш» сермеген намысты ұлан, көз ұшында бұлдырап «жез киік» кетіп бара жатты... Күй-құдірет демей көріңіз, енді!
Сұхбаттасқан Мұраттың Индирасы
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 2365 | Комментарии: 1 | Теги: КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Сайтымды бағалаңыз
Всего ответов: 318

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу