Бейсенбі, 28.03.2024, 10:46
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Жаңалықтар

Главная » Статьи » Жаңалықтар » Мәдениет

ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ, КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ!
ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ, КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ!
Қазақ қызы. Осы ұғымның ішіне барлық әдемілік пен сұлулық атауы сіңіп кеткендей... Өрлік пен ерлік те, намыс пен қажырлық, қайсарлық, нәзіктік – бәрі, бәрі қазақ қызының бойынан табылатыны шындық. «Қазақ қызына қайран қалатындығымыз» да сондықтан болса керек. Қазақ қызы! Жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттандырып, қолыңды серметіп, сезіміңді гүлдетіп, жүректі үдетіп жіберетін құдірет иесі – біздер боламыз! Қазақтың қыздары... Бүгін сондай арудың бірі – балерина Бақытнұр Дүйсенбаева туралы әңгімелемекпіз.

«ҰЛТТЫҚ БИДІҢ МӘРТЕБЕСІН ӨСІРГІМ КЕЛЕДІ»
- дейді жас биші. Бақытнұр Дүйсенбаева кішкентай кезінен бимен әуестеніп қана қоймай, кәсіби деңгейде билеп жүр. Қазір Алматыдағы Селезнев атындағы хореографиялық училищесінде білім алып жатыр. Жақында Бақытнұр Парижде қазақ биінің мәртебесін тағы бір әуелетіп қайтты. Еуропаның жүрегіндегі Париж қаласында өткен халықаралық байқауда бас жүлде алып, қазақ қызының дәрежесі мен қазақ биін шетелдіктерге мойындатып келді.
ТМД елдерінен барған өнерпаздарды Санкт-Петербург қаласындағы «Событие» деген мекеме ұйымдастырып, алыстан келгендерді туристік бағдарлама ретінде Еуропаның үлкен қалаларына сая-хат жасатты. Бұл байқау биыл 7-ші рет өткізіліп отыр. Бақытнұр байқаудың екі турына Қазақ биін және ұйғыр билерін апарған.
- Классикалық балетпен шетелдіктерді таң қалдыра алмайтынымды білдім. Ұлттық калоритпен таңдай қаққызғым келді. Біздің қазақ биі ерекше, қимылы да, көрінісі де өте әдемі билердің қатарына жатады. Әлем бойынша. Мен ұстаздарыма алғыс айтамын. Осындай дәрежеге көтергендері үшін. Енді келесі жылы Санкт-Петербургте өтетін супер финалға жолдама алдым. Сол жерде тағы да қазақтың биін жоғары деңгейге көтерсем деймін,- дейді Бақытнұр бізге берген сұхбатында.
- Францияда, Парижде байқау екі турмен өтті. Бірінші турға қазақ биін, екінші турға ұйғыр биін алып барған едім. Қазақ биін өзімнің апайым А. Садыкова қойды. Байқауға аттанар алдында оқу орнынан шығармашылық кеңестен өтіп, барлық жағынан да еліміздің атына кір келтірместей болып аттанғанбыз. Ұстаздарым мен ата-анамның артқан үмітін ақтап, сонау Еуропадан жүлдемен оралдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Менімен бірге Әсия есімді қыз барды. Бірақ ол классика номинациясы бойынша сынға түсті. Ол да өз номинациясында 1-ші орынға ие болып, Қазақстанның атын тағы бір таныттық. Байқауға қатысушылар Франция мен Ресей елінен көп болды. Қатысушылардың көптігіне байланысты екі күнге созылды. Мен өз өнерімді көрсеткеннен кейін экскурсиялық саяхатқа шығып, қаланы аралап, күнді жақсы өткіздім.
Қойған билерімнің сюжеті – Қазақтың алып даласы, ондағы мәдениет, домбыра, жаугершілік замандардағы қазақ өнеріні құрылды. Өз деңгейіне жеткізіп, шетелдік қазылардың әділ бағасына ие болғанымызға қуанамын.
Бақытнұр біздің әріптесіміз, «Керек.info» газеті шеф-редакторының орынбасары Самал Абдрахманованың тұңғышы. Болашағынан үлкен үміт күттірген биші қыздың анасы былай дейді:
- Қызымды алғашында көркем гимнастикаға апар-ғанмын. Үш жылдай сонда қатысып жүрді. Содан бір күні Ақтөбеге гастрольдік сапармен Болат Аюханов келді де, қызымды балетке апардым. Жалпы балаларымның барлығын да үнемі театрларға, түрлі концерттерге жиі апарып тұратынмын. Балетті көргенде қызымның көзі жайнап кетті. Балет бітіп, концерттің соңында сахнаның сыртында ата-аналар ұл-қыздарын көрсетіп жатыр екен. Біз де бардық. Қызым балетке барлық жағынан сәйкес келетінін байқаған Аюханов «келесі жылы училищеге келсін. Жасы жетеді» деді. Сұрас-тырып көрсем, Ақтөбеде сол оқу орнына түсем дегендерді апаратын жеке балет мектебі бар екен. Соған апардым. Бір жыл сол мектепте дәріс алды. Қазіргі педагогы Л. В. Макарцева сол жерге сабақ беруге Алматыдан шақыртылыпты. Бір жылға келісімшартпен. Келесі жылы Алматыға сол кісінің класына қабылданып, әлі сол кісіден дәріс алып жатыр. Кеше жарысқа да еріп барды.
Би өнері қазақтың қанына жақын. Сондықтан да болар, Шара Жиенқұлова, Гүлжан Талпақова, Дәурен Әбіров, Зауыр Райбаев, есімі жер жаһанға мәшһүр болған көрнекті балетмейстер Болат Аюханов сынды бірқатар бишілеріміздің сонау социализм жылдарының өзінде ұлтымыздың би өнерін дүниежүзіе танытып қана қоймай, әлемдік сахнада өнер көрсетуі – бұл пікіріміздің нақты дәлелі. Ол – ол ма, қазақ халқының өзге ұлттардан бір ерекшелігі, ол өзінің би өнері арқылы күнделікті тұрмыстағы тыныс-тіршілікті дөп басып бейнелей білген. Мысалы, сонау ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен «Өрмек биі», аңшылар өмірін сипаттайтын «Қоян биі», әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған «Аю биі», сондай-ақ өмірдің өзінен алынған «Насыбайшы», «Ортеке», «Тепеңкөк», «Қоян-бүркіт» «Қаражорға» секілді билердің барлығы дерлік халқымыздың күнделікті тұрмысының би болып өрілген сипаттамасы. Бір ерекшелігі, қазақ халқы ежелден ән айтып жүріп би билеген, би билеп жүріп ән айтуға машықтанған. Бұл да болса, қазақ би өнерінің өзіндік айырмашылығы. Бұған қоса, той-томалақтарда қазақтың қыз-келіншектері мен жігіттері би өнері арқылы сайысқа түсіп, жеңімпаздарға ұлттық дәстүр бойынша сый-сияпат көрсетіліп, жол-жоралғы жасалып отырған. Мен «қазақта би өнері болмаған, бұл халыққа кейіннен жеткен» деген сықылды алып-қашпа сөздермен ешқашан келіспеймін. Бұл қазақ халқының тарихы мен мәдениетін бұрмалап көрсетуге тырысып жүрген қайсыбір айтқыштардың дүдәмал, кержақ пікірі. Дүдамал дейтінім, мұндай пікірдің шындықпен он қайнаса сорпасы қосылмайды. Демек, шындыққа мүлде жанас-пайды. Басқаны былай қойғанда, қазақ халқының батырлары да биге өте жақын болған. Олай дейтінім, сол батырларымыздың жауын жеңіп, жеңіспен елге оралып келе жатқанын қарапайым ауыл адамдары олардың биі арқылы танып білген. Биі арқылы дейтінім, әдетте қазақ батырлары жауды ойсырата жеңіп, елге таяп қалғанда, анадай жерден аттарынан түсіп, ауылға қарай «Бүркіт» биін билеп келетін болған. Осылайша, олар ауылға жақсы хабарды жеткізе білген. Бұл, әрине, тек қазақ халқына ғана тән нәрсе.
Ойтүйін
Би… Бұл – үлкен өнер. Ал үлкен өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түйсінетіні ақиқат. Егер де біз, халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Міне, осыны түйсінбеген кейбіреулер бұл күндері «әсте, қазақта би болмаған, қазақ биі жүре келе, кейінгі жылдарда пайда болған» деп сәуегейлік айтуға тырысады. Әрине, мұның шындыққа жанаспайтынын шетелдіктерді сүріндірген Бақытнұрдың жеңісінен аңғаруға болады.
Категория: Мәдениет | Добавил: Amankulov (18.08.2011)
Просмотров: 1665 | Комментарии: 3 | Теги: КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ!, ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Сайт жаңалығы [8]
Сайт жаңалығы
Аймақтар [0]
Аймақтар
Билік және саясат [0]
Билік және саясат
Қоғам [1]
Қоғам
Экономика [1]
Экономика
Әлем [0]
Әлем
Мәдениет [13]
Мәдениет
Сұхбат [0]
Сұхбат
Спорт [0]
Спорт
Шетелдік жаңалықтар [4]
Шетелдік жаңалықтар

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу