Ферғана жазығында болған 7 баллдық жойқын сілкініс толқыны еліміздің оңтүстігіне дейін жетті - 18 Августа 2011 - Ustaz
Сейсенбі, 07.12.2016, 11:21
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Главная » 2011 » Тамыз » 18 » Ферғана жазығында болған 7 баллдық жойқын сілкініс толқыны еліміздің оңтүстігіне дейін жетті
12:02
Ферғана жазығында болған 7 баллдық жойқын сілкініс толқыны еліміздің оңтүстігіне дейін жетті
Ферғана жазығында болған 7 баллдық жойқын сілкініс толқыны еліміздің оңтүстігіне дейін жетті


– Осы жойқын зілзала толқыны еліміздің оңтүстік аймақтарында да сезілді. Күші 3-4 баллдық жер асты дүмпулері Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Барлығы дін аман. Бірақ жер сілкінгенде жедел әрекет етпек түгілі, телефон қоңрауларына тұщымды жауап қайтара алмады деп жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне халықтың ашуы жоқ емес, деп хабарлайды «КТК».

Шымкенттіктер алғашқы дүмпуді түнгі бір жарымда сезіпті. Бес минуттан кейін жер одан күштірек сілкінген. Дүкендегі бақылау камерасына түскен көріністе зілзаладан сөредегі тауарлардың құлап жатқаны көрініп тұр.

«Түнде 2-ге 20 мин қалғанда сықырлап жатты, одан осы мына үй шайқалды. Лифтке жүгіріп бардым, істемейді екен. Ашһәдуалла деп отырдақ, не істейміз басқа», - дейді Шымкент қаласының тұрғыны.

«Құтқару қызметіне телефон шалдық, болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін деді. Барып жата беріңіз деді. Сонда да біз 5-6 ға дейін отырдық», - деді тағы бір Шымкент қаласының азаматы.

Тараздықтардан да өткен түні ұйқы қашты. Тұрғындар дабыра көтеріп, өткен түнді далада өткізді. Халық құтқару қызметі оларды сабыр сақтауға шақырмақ түгілі, дабыл қағуды ұмытып кетті деп налиды.

«Теледидардан да, радиодан да ешқандай хабар болған жоқ. Дабыл, ештеңе ойнаған жоқ. Әлі өзім қорыққанымнан дірілдеп тұрмын. Мүмкін тағы да болса, құлап, үйдің астында мыжылып қалатын жағдайымыз жоқ. Ертерек хабар болса, біз оған дайындалатын едік», - деген мұңымен бөлісті Тараз қаласының тұрғыны Мұхамедәли Тілдабаев.

Ал олардың шымкенттік әріптестері «ештен кеш жақсы» десе керек, дабылды жер сілкінген соң 1 жарым сағаттан кейін қосқан.

«Біздің диспечерлер мен шұғыл кезекші халықты әрі қарай поникавать етпеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықтардан әртүрлі сұрақтар болған, обратный талчок болған. Оны дүние жүзінде ешкім айта алмайды», - деп ақталуда ОҚО ТЖД бастығының орынбасары Дарын Байсариев.

Әзірше зілзаладан қираған ғимараттар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Просмотров: 1238 | Добавил: Amankulov | Теги: Ферғана жазығында болған 7 баллдық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 3

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 197

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Күнтізбе

«  Тамыз 2011  »
ДССБЖСЖ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Сайт бойынша іздеу