Сенбі, 20.04.2024, 05:42
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

Оқу үшін

Главная » Файлы » Рефераттар » Рефераты на казахском

Сыпатай батыр
21.08.2011, 06:29
Сыпатай* батыр
(дастан)
Ел үшін талай ұл-қыздар,
Соғыста құрбан болған жер.
Қарға менен құзғындар,
Қара бұлт болып қонған жер.
Бөктерлермен түздерге,
Адамның қаны тамған жер.
Мирас болып біздерге,
Бабалар қорғап қалған жер.

Яқсарттың** шалқар жағасына,
Сақтардың дархан даласына,
Зұлхарнайын*** ауыр қолмен аттың басын тіреді.
Жаудан қорқып сескенбеген,
Үш жүз-ақ мың әскерменен,
Миллион жарым Дарий**** қолын,
Тас-талқан ғып үш-ақ айда,
Атақ-даңқы төске өрлеген.
Дарий қолын күл еткізген,
Дүние жүзін дүр еткізген,
Жеңістерге масаттанған жүрегі,
Жас болса да,
Жердің жүзін жаулаушының бірі еді.

Қылышынан тек қан тамып,
Жата алмай жан жай тауып,
Көршілерге ашқарақ көз тігеді.
«Жаулап алдым барлығын,
Соғыспаған қалды кім?
Енді кімнің отанына кіремін?»

Қылышынан ажал кәрін төгеді,
Қара бұлт боп бейбіт елге төнеді.
Тып-типыл ғып жаулап алған қаласын,
Мәңгілікке жер астына көмеді.

Бала кезден көзге түскен ерекше,
Басқыншылық еді ерен өнері.
Көрсетті ол ғажап соғыс мәнерін,
Бағындырды Парсылардың бар елін.
Вавилонмен, Египетті алса да,
Аспан асты оған әлі тар еді.

Атағынан қорқып оны көп елдер,
Аспан асты әміршісі деп еді.
Аз әскермен қалың қолды күйрету,
Басқа елді табанында билету,
Соның ғана пәрменінен келеді.

Бермеседе халық жақсы батаны,
Тез жайылды ел ішінде атағы.
Халық қайтпас өркөкірек бұқаны,
"Қос мүйізді Ескендір” деп атады.
Жеңістермен,
Жеңістермен жер басқан,
Масаттанып екі көзін шел басқан.
Мас Ескендір,
Жас Ескендір кеп кірді,
Сақ жеріне қалың қолмен тер басқан.

**** **** **** ****
Жер қайысқан қалың қолды көрген соң,
Отанына қауіп-қатер төнген соң.
Атын ерттеп Тамыр ханы Сақтардың,
Елші болып Ескендірге аттанды.

"Ел үшін” деп атқа мініп шапқасын,
Ақ сарайға кеп тіреді ат басын.
-Шақыр, -деді өзі аттан түспестен,
Алақандай жердің үлкен патшасын!

Ақырғанда айбатынан сескеніп,
Күзетшілер ашты сарай қақпасын.

-Уа, Ескендір халық сені мақтасын,
Сақтар елі болсын десең жақтасың.
Найза шаншып, десең садақ атпасын,
Осы арадан бұр еліңе ат басын.

Сайын дала тек Сақтардың отаны,
Болған емес ешбір елдің отары.
Бейбіт елміз көз алартпас ешкімге,
Сыйлап өскен қой өргізген қотанын.

Аз болды ма шыққан сенің көктерің,
Аз болды ма басып алған бөктерің.
Сыйдыра алмай сол әлемді ішіңе,
Үрген шардай тарс жарылып кетпегің.
Көз алартпай тыныш елге шеттегі,
Есің барда еліңе сен беттегің.

-Ей Тамыр хан, Тамыр хан,
Неткен жансың ажалыңды сағынған.
Білемісің мен патшалар патшасы,
Бүкіл әлем әміріме бағынған,

Неткен жансың қағанасы қағынған,
Қара басып тәубәсынан жаңылған.
Ескендірге қарап бұлай сөз айтқан,
Қоштасады өмірімен жарымжан.

Бағытталса қай елге ақ таяғым,
Басса болды топырағын аяғым.
Сол жер менің отаным боп саналып,
Сол елге мен әмірімді жаямын.

Елшілікке келген маған бағың бар,
Сол себепті шықпай қалған жаның бар.
Қалың әскер ар жағаға өткен соң,
Отырармын ертең сенің тағыңда.

Ер екенсің еңіреген ел үшін,
Аңғартады соны мына келісің.
Сенің басың ертең кесіп алынған,
Ең қымбат сый саналады мен үшін.

Адам деген арманына жете ме,
Жете алмай әлде өмірден өте ме.
Еске алармын сені де мен әрдайым,
Шарап құйып ішкен сайын шекеңе.

-Ақ найзам бар жау кеудесін тесетін,
Қылышым бар жаудың басын кесетін.
Өкінішті-ақ қолданып ем бірінші,
Қызыл тілді бәрін бейбіт шешетін.

Енді менің бөгелетін жолым жоқ,
Даламыз кең, бірақ саған орын жоқ.
Аз болды ма басып алған жерлерің,
Жан екенсің екі көзге тойым жоқ.

Әрбір қамыс жебе болып атылар,
Әр сарбазым жүз адамға татылар.
Мен сақтардың аманатын ескерттім,
Қалма Ескендір енді, сірә, қапыда.
Таптатпаймын саған байтақ жерімді,-
Деп Тамыр хан атын қатты тебінді.
Өңбе, түспе түсіне алмай таңданып,
Күдірейіп кеткенменен жалдары.
Қапелімде дұрыс жауап таба алмай,
Ауызымен қалды ауа қарманып.
Тамырханның сөзі батты жанына,
Шоқ түскендей болды екі шабына.
Қалшылдайды айыра алмай көздерін,
Жалғыз аттың артта қалған шаңынан.
Ұлы әмірші еді қатты ызалы,
Асау қаны бір суып, бір қызады.
Куә болып бар жағдайға күн көзі,
Батып барад көкжиекте қызарып.
-Қайықтарды әзірлеңдер,
Деп тұс-тұстан әмір берген.
Зор дауыстар түн тылсымын бұзады.

**** **** ****

Ордасында келгеннен соң хан Тамыр,
Қоршап алды батырлары жан-жағын.
Жария етіп Ескендірдің хабарын,
Айтты сосын өзінің де байламын.

-Уа, жұртым, бейбіт жатқан ауылсың,
Бірің аға, бірің іні бауырсың.
Тыныш елге қасқыр шапты азулы,
Төнді бүгін ел басына ауыр сын.

Соққан кезде ала құйын дауыл шын,
Ұшып кетер дара тұрған қауырсын.
Мызғымайтын болса егер бірлігің,
Сонда ғана қара тастай ауырсың,
Тілейтінім осы айтқан қасиет,
Батырларым бойларыңнан табылсын.

Жауым көп деп қамықпаңдар, қорықпа,
Қас жауынгер танылады жорықта.
Мақсат біреу Отан үшін жан беру,
Одан үлкен бақыт сірә болып па.

Қызыңды да, ұлыңды да қалдырмай,
Ойнақтаған кездеріңнен балдырған,
Түрлі соғыс өнеріне баулыдым,
Кезім болды естеріңді тандырған.

Күштілерді таңдап қана қалдырып,
Әлсіздерді қой соңына салдырып,
Үйреткенмін соғысудың өнерін,
Ұстаздарды неше түрлі алдырып.
Бұл сендерге емес еді жаулығым,
Тілегенім елдің аман-саулығын.
Мына заман қорқаулардың ұясы,
Жеп қоятын әлсіздердің барлығын.

Табиғаттың заңы қатал байқасаң,
Егер әлсіз болса біреу,
Болса өмірге жарамсыз,
Сол жем болар қорқауларға әрқашан.
Осал тұсын сұм табиғат тап басар,
Күшті болып бір айласын таппасаң.

Алатауға, Қаратауға, Ақтауға,
Сарытауды мекендейтін сақтарға,
Дабыл қағып, дереу атой салыңдар,
Жан басына бір-бір алау жағыңдар.

Көрсетіңдер елдің берік бірлігін,
Сөйтіп жаудың зәре-құтын алыңдар.
Деп Тамыр хан сөзді бір-ақ доғарды,
Сол түні бар сахара от-жалынға оранды.
Қабыл болып Тамырханның тілегі,
Тұңғыш рет Ескендірдің тітіркенді жүрегі.
Тұңғыш рет Ескендірдің тітіркенді жүрегі,
Тұңғыш рет көңіліне сұмдық күдік кіреді.
Рухы асқақ,
Бірлігі зор,
Отан сүйгіш халықты,
Тас-талқан ғып жеңе алмасын біледі...

**** **** **** ****
Қып-қызыл боп шығыста көктің жиегі,
Көрінген кезде қылтиып күннің иегі.
Өзен бетін қаптаған сансыз қайыққа,
Ескендір патша қалың қолды тиеді.

Қайықтан кейін суға түсті салдары,
Тиелді соған атты әскер мен қалғаны.
Арғы жаға бері қарай жылжыды,
Тұтастықпен бұзылмастан жан-жағы.

Сақ әскері қалқа қылған қамыстар,
Олда жайлап ары қарай ауысқан.
Екі жаға қосылып бара жатқандай,
Қарап тұрсаң алыстан.

Яксарттың ну қамысын таса ғып,
Әзір тұрды сұр мергендер жасағы.
Жауға қарай садақтарын кезеніп,
Қолбасшының бұйрығын тек тосады.

Ең бірінші мергендердің кезегі,
Жау шебіне жебелерін кезеді.
Өзен беті сүт пісірім сәттен соң,
Қызыл түске бояларын сезеді.

Бұйрық берді көп кешікпей өктем ер,
«Аямаңдар,
жауға оқты төк!» деген.
Мың сандаған жебелердің селінен,
Жусап түсті жау жасағы көптеген.

Бірдей шіреп, бәрі бірдей атады,
Нілдей бұзды жаудың алғы қатарын.
Сом темірмен құрсауланған мүрделер,
Терең суға түскен тастай батады.

Кідірместен қайта тартып садақты,
Дұшпанына ажал оғын таратты.
Яқсарттың көк толқынын сол күні,
Адам қаны қып-қызыл ғып бояпты.

Мұздай қару асынған әскерменен,
Жауына ешқашанда дес бермеген.
Сақтардан дәл осындай қарсылыққа,
Ескендір тап болам деп ескермеген.

Ескендір қан шашуға тоймайтұғын,
Тонады талай елді қоймай түгін.
Далада көшіп жүрген Сақтар елін,
Оп-оңай жаулаймын деп ойлайтұғын.

Жер жарған атағынан қорықпаған,
Жолына жатып алған болып қамал.
Тас-түйін, дәті берік, өр халыққа,
Ескендір бұған дейін жолықпаған.

Батырып үштен бірін әскерінің,
Ілікті бір шетіне Сақ жерінің.
Жұртына шатыр тігіп Тамырханның,
Қажыған Явандар***** жатты ерініп.

Қашты деп Сақ әскері жоспарлады,
Алдында ескермеді тосқал барын.
Тығылып ал олардың қыр астына,
Сезбеді осы сәтті тосқандарын.

Күн батып, ай аспанға байланғанда,
Тынығып қалың әскер жайланғанда.
Сыпатай қайта оралып шағын қолмен,
Тап берді жаудың қосын ойрандауға.

Бұл болды Ескендірді қинаған шақ,
Жеңіске деген үміт қираған шақ.
Шабуылдап тұтқиылдан қырып салды,
Қалың қол етек-жеңін жинағанша.

Бес айда Сақтың жерін ала алмады,
Құл етіп табанына сала алмады.
Жас батыр Сыпатайды жоқ қылудың,
Айласын Македондар таба алмады.

Мойынды басқа жаққа бұрмаңыздар,
Бітірмей әңгімені тұрмаңыздар.
Тіліме қайта-қайта тиек болған,
Сыпатай жайлы сөзді тыңдаңыздар.

Барыстай жауын көрсе аласұрған,
Он-сегіз, он тоғыздың шамасында.
Сыпатай аты елге ерте шыққан,
Бір бала бар Сақтардың арасында.

Мінезі басқаларға шатақ еді,
Қайнайды көкірегінде ата кегі.
Әкесін Фарнух сұмның өлтіргені,
Сақталып кеудесінде жатар еді.

Бұл заман сол баланың өскен кезі,
Көкейін ата кегі тескен кезі.
Кетпейді көз алдынан әкесінің,
Ақ басын Фарнух сұмның кескен кезі.

Шешесін алып кетті байлап ерге,
Қызығып келбетіне жанға бермей.
Баланы шырылдаған он жастағы,
Кездескен сатып кетті саудагерге.

Сол сәтте Фарнух шіркін шат еді бір,
Жіберді сөйтіп кешпес қателігін.
Баланы өлтіруге әмір бермей,
Сатыпты бір байына сақ елінің.

Саудагер әккі еді көпті көрген,
Баланың жай емесін бірден білген.
Әкеліп Тамырханға тапсырады,
Жасырып шыққан тегін білгендерден.

Тамырхан болжап білген алыстарды,
Баланы бас уәзірге табыстады.
Келісті көрейік деп сынап қарап,
Баланың құрбылармен алысқанын.

Ешбіреу шақ келмеді алысқанда,
Күшімен, амал-айла табысқандай.
Барлығын екі бүктеп шаңға көмді,
Жемтігін олжалаған арыстандай.

Қайраты тау қопарған бойға сыймай,
Тұлғасы қозғалмайтын қорғасындай.
Тәсілін жекпе-жектің неше түрлі,
Меңгерген бала күннен жолдасындай.

Қас батыр келген нағыз кемеліне,
Жетілген соғыстың бар өнеріне.
Ұрыста талай-талай бағын сынап,
Айналды бүкіл елдің сенеріне.

Оқ бойы озық туған өңгелерден,
Сыпатайға ешкім жоқ тең келердей.
Сыйынатын ішінен тілек тілеп,
Фарнухпен кездесер сәт бір келер деп.

Қамалып кейде ойдың түрмесіне,
Алады сол қаралы күнді есіне.
Ант еткен: -Кегіңді ата қайтарам деп,
Сол күні құлап жатып мүрдесіне.

Сұм тағдыр біреулерді өкпелеткен,
Өгейсіп кейбіреуді шетке тепкен.
Құдайдың ерке өскен баласындай,
Тастарын кейбіреудің көкке өрлеткен.

Найзамен дүниені көктеп өткен,
Көңілін жеңістері көктем еткен.
Сақтардың ұланғайыр кең даласын,
Ескендір ала алмады ентелеп кеп.

Қосымша күш жинауға жері шалғай,
Жер болып шегінуге келісе алмай.
Екі әскер сап түзеді бетпе-бет кеп,
Шаршаған қан майданда жеңісе алмай.

Байлаған ат үстіне көк теректей,
Гүрілдеп дауысымен көкке жеткен.
Ортада Фарнух шығып ақырады:
-Кім барсың қарсы шығар жекпе-жекке?

Жаулармен арпалып кешкен өмір,
Жеріне қол сұққанға өштенетін.
Сақтардың батырлары тұрды еліріп,
Фарнух кім олар қорқып сескенетін.

Тұрсада талай батыр найза безеп,
Тамырхан Сыпатайға берді кезек,
- Осы сәтті тосып ең қаншама жыл,
Кегіңді қайтаратын келді мезет.

Сыпатай ханның сөзін қабыл алды,
Бойына бес қаруын тағып алды.
Бұлқынып ыза-кегі бойға сыймай,
Ішуге Фарнух қанын сағынады.

Жарқырап арнап соққан ер-тұрманы,
Көк айғыр тұяғымен жер тырнады.
Сезгендей сыналатын кез келгенін,
Қайшылап құлақтарын жұлқынады.

Фарнух ер Сыпатайды менсінбеді,
-Шілмиген қайдан шыққан ерсің деді.
Тамырхан жас баланың қанын шашпай,
Өзіме лайық батыр берсін деді.

-Әй Фарнух сен олайша есерленбе,
Басыңды ақ алмасым кесер демде.
Қопарып іштегі өкпе-бауырыңды,
Тіліңді жұлып алам кесерленген.

Ұқпайсың құдайыңа табын десем,
Сыйынып, жалбарынып, жалын десем.
Бауыздап тамағыңнан аш қасқырдай,
Толтырып алақанға қаныңды ішем.

Батырлар әңгімесін аяқтады,
Түнерді қара бұлттай қабақтары.
Қасқайып бір-біріне қарсы тұрып,
Көтерді ең бірінші садақтарын.

Садақты қу жебемен жарақтады,
Құтқармас тілін умен жалатқан оқ.
Құлшылық қылып Сақтар сыйынады:
«Сақтай гөр Сыпатайды жаратқаным»
Әскердің таусылып тұр тағаттары.

Сыпатай жау жебесін дарытпады,
Түзелді ат үстінен ауып барып.
Босатты бар күшімен адырнасын,
Жауына ат үстінен шауып барып.

Жауына қу жебені дарытты анық,
Кеудеге қадалды оқ ағып барып.
Жүрекке бір-ақ елі жетпей қалды,
Сауыттың он қабатын жарып барып.

Денесі шайқалғанмен тұра қалып,
Фарнух ер ат үстінен құламады.
Суырып алдаспанын қыныбынан,
Жіберді аттың басын, шыдамады.

Батырлар бірін-бірі ала-алмады,
Айласын бір-бірінің таба алмады.
Құлаштап алдаспандар сілтенгенмен,
Ешкімнің жұмыр басын шаба алмады.

Қолына алды сосын найзаларын,
Көздері қарайғаны айдан анық.
-Аруақ. Деп Сыпатай шапқан кезде,
Сақ елі алақанын жайғаны анық.

Сақ елі бір құдайға табынады,
Сақта деп батырымды жалынады.
Ызасы Сыпатайдың бойға сыймай,
Ішуге Фарнух қанын сағынады.

Тұла бойын ашу ыза билегесін,
Найзасын қақ жүрекке түйрегесін,
Балықтай тайыз судан шаншып алған,
Тік көтерді Фарнухтың зор денесін.

Дүние деген осы дөңгеленген,
Ісіңе жауап берер кез келер бір.
Айналып ерте-кеші бір келеді,
Жасаған қиянатың өзгелерге.

**** **** **** ****
Сайын дала тартады ішке тынысын,
Қалың жұрттың шықпай қалды дыбысы.
Фарнух ердің тырбаңдайды денесі,
Найза ұшында жан бермеуге тырысып....

*Сыпатай – тарихта Спидомен
**Яқсарт – қазіргі Сырдария өзені
***Зұлқарнайын – Александр Македонский
****Дарий – Дарий111 патша
*****Явандар - әскер деген мағынада
Категория: Рефераты на казахском | Добавил: Amankulov | Теги: билері, Қазақ хандары, батырлары
Просмотров: 2976 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Menu

Бөлімдер

Рефераты на казахском [7]
Рефераты на казахском
Рефераты на Руский [1]
Рефераты на Руский

Счетчик

Comments: 854
Forum: 14/15
News: 11
Downloads: 28
Publisher: 27
FAQ: 6
Guestbook: 4

Сауалнама

Достар сайтқа комек бересінба?
Всего ответов: 200

Шайхана

500

Сайтқа кіру

Теги

жазушы БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗ ТУРАЛЫ Абай Құнанбаевтың педагогикалық көз МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН БОЛЖАҒАН МӨҢКЕ ӘУЛИЕ Шақыру КӨЗІНДЕ СҰЛУ ӘЛЕМІ! Рефераты по биологии Ферғана жазығында болған 7 баллдық ҒАЖАПТЫҢ БӘРІ ӨЗІНДЕ Капуста. КӨКБӨРІДЕН ЖЕТКЕН КӨМЕКЕЙ ҮНІ ақын іздеудеміз көмекші Оңғарсынова Сайтқа Фариза Мұхтар Ғалиұлы АРЫН психология философия 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі Мағжан Жұмабаев өлеңдері Қазақ әдеб АЙТАРЫ КӨП «ЕКІ ЕЗУ» ащық сабақ бір әлем қазақ әдебиеті КҮЙДІ ЖЫРМЕН ЖЫРЛАҒАН... Тапкырлар такырыбы «ЖОҒАРЫ ЖАҚТАН ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КҮТІП Ана - тілім ардағым және Хош келдің Наурыз география анықтама Ассалаумағалеукім!!! Құрметті бізді жер шары пән сіздерге арнап құрылды !!! ұнаған Р тағы басқада зат Арал Арал ойысы Арал теңізі Арал теңізінің тарихы Арал теңізінің экологиялық ахуалы Арал флотилиясы Арал қазба фаунасы Латино-американцы Принимают Ислам ( тарих 2ти летняя девочка говорит о конфли Ақтоғай Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) Мәдениеттану саясаттану ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ С батырлары билері Шетел тілі: екі шетел тілі Қазақ хандары Иманжүсіп Басқа ғылымдармен байланысы Салалары Химия Химия ғылымының дамуына үлес қосқан Химияның міндеті Химияның маңызы Химияның тарихы экономика Атырау согыстары ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДҰРЫС ЖҮЙЕ ӘЛІ Қ акымак болган жаналыгы жасар жыгыт зорламакшы К.А.ХАСЕИНОВ: ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА кызды отыр Сайт турмеде адамдары ауылына жатыр жыбермей казактарды озбекстан осындай блог жасап жүрген азаматтар Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы Назарбаев своим со Султаном сыном Математика — Википедия Математиканы оқытудың теориясы мен Н.Назарбаев Алматыда Д.Қонаевтың 10 Жұмыстағы араздыққа қарсы 10 амал Физика Уикипедиядан алынған мәлімет ашық энциклопедия Химия Уикипедиядан алынған мәлімет

Сайт бойынша іздеу