Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гусманова Шара Алтайқызының іс-тәжірибесінен. Батыс Қазақстан обылыс, Қаратөбе ауданы.
Іс-тәжірибеде мұғалімнің оқытудың озық технологияларының бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы негізінде өткізген сабақтар топтамасы жинақталған. Бұл жинақ оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру, ойланту, іздендіру, өз пікірін, көзқарасын қорғауға үйрету арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған интерактивтік жұмыстарымен құнды. Өзіндік танымдық жұмыстар интеграциялық білімге негізделген. Мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады. МАЗМҰНЫ
Алғы сөз Эвфемизм «Қырық өтірік» ертегісі Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата» әпсанасы «Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар») «Фантазия» (М.Мақатаев) «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді) Д.Исабеков «Дүние қалай етсең табылады?» (Ы.Алтынсарин) Сырым мен Малайсары «Елі үшін туған ер» («Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі) «Арман» (М.Шаханов) «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» «Қаратөбе - өнер ордасы» Сын есім Компьютер жанындағы жанжал