Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық әдістемелік-нұсқау - Форум
Сейсенбі, 07.12.2016, 11:21
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Жалпы қоғам » Колледж » Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық әдістемелік-нұсқау (Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық әдістемелік-нұсқау)
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық әдістемелік-нұсқау
AmankulovДата: Сәрсенбі, 30.08.2011, 12:53 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Сайтың бастығы
Сообщений: 15
Репутация: 0
Статус: Отырған жоқ
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің
2006-2007 жылындағы тамыз мәслихатын өткізу туралы
әдістемелік-нұсқау хат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халықына Жолдауында былай делінген: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек».
Он екі жылдық білім беруге көшуде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие деңгейі ерекше маңызға ие болып отыр, өйткені республиканың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түпкілікті өзгерістер, біздің мемлекетіміздің әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуы, бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүріп еңбек ете алатын өскелең ұрпақтың білім алуының дайындық сапасына жоғары талаптар қояды. Сондықтан, біздің міндетіміз балалардың толыққанды білім алуын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім жүйесі қоғамның қажеттілігіне сәйкес сұраныс есебінен құрылады. Осыған байланысты, ол балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар үлгісімен және жаңа формалы ұйымдардың пайда болуымен, білім беру қызметінің әр-түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі күні ата-аналарға әрбір баланың жеке бас қабілеттерін дамытуға сай келетін балабақшаны таңдау мүмкіндігі пайда болды. Бұл аз уақыттық болу топтары, шағын-орталықтар, жеке меншік балабақшалар, оқу-тәрбие және сауықтыру орталықтары, мектеп-балабақшалар, мектепке дейінгі гимназиялар, жексенбі күні болатын мектептер, көркем-эстетика, математикға бейімделген мектепке дейінгі топтар және т.б. Балабақшада педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың үлкен маңызы бар, атап айтқанда, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім беру және вариативтік бағдарламаларды енгізу, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдану, мектепке дейінгі білім беру менеджментін дамыту. Әр-түрлі үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдармен мектеп жасына дейінгі балаларды қамту тенденциясының өсуі байқалады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға құқығы мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды сыныптарда, балалар үйінің және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардағы мектепке дейінгі топтарда, мектептен тыс ұйымдардағы мектепке дейінгі топтарда жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта республиканың мектепке дейінгі жүйесінде 1283 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (бұдан әрі – МДҰ), онда 192,5 бала тәрбиеленуде, оның ішінде қалалық жерде – МДҰ 908, 2004 жылға қарағанда 29 бірлікке көбейді, ал ауылдық жерде – МДҰ 375, 2004 жылға қарағанда 58 бірлікке көбейді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 2004 жылмен салыстырғанда 88 бірлікке, құрамы 16,6 мың балаға артты.
Елімізде орташа есеппен алғанда мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшалармен қамту 2,5%-ға өсті және 23,2 %-ы құрайды. Бес-алты жастағы балалардың тегін және міндетті мектепалды дайындығы туралы ҚР «Білім туралы» Заңының 23-бабының 4-тармағына сәйкес 2005 жылдың 1 қазанда берген мәліметтері бойынша балабақшалар мен мектептерде 13,2 мың мектепалды топтар мен сыныптар жұмыс істейді, оларға 235,1 мың бала барады, немесе 72%, өткен жылғы деңгейден 6% -ға жоғарлады.
Соңғы үш жыл ішінде білім беру органдары балабақшалар мен мектептерде 1187 мектепалды топтары мен сыныптарын ашты. Нәтижесінде, мектепалды дайындықпен бес-алты жастағы балалардың 72%-ы қамтылған, оның ішінде қалалық жерде - 75%, ауылдық жерде - 68%.
Балалардың денсаулығын қорғау және түзету үшін жалпы үлгідегі балабақшаларда 201 коррекциялық топтар мен 39 арнайы мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, бұл дамуындағы мүмкіндігі шектеулі 9591 баланы (624 балаға немесе 2001 жылға қарағанда 3,4 % көбейді) коррекцилық бағдарламалар мен қамтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 50 санаторлық балабақшалар мен мектепке дейінгі жалпы дамыту ұйымдардағы 96 санаторлық топтарда түберкүлезбен ауыратын адамдармен контактта болатын 6583 бала (не түберкүлез интоксикацияға ұшыраған) сауықтыру бағдарламаларын (1330 балаға немесе 2001 жылға қарағанда 24 %-ға көбейді) алады. Еліміздегі мектепке дейінгі білім беруге бөлінген жергілікті бюджет шығыстарының 2003 жылғы 30,7 млн. $-дан 2005 жылы 74,2 млн. $-ға дейін өскенін саралау көрсетеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда бір балаға жұмсалатын орташа шығыстар да 2003 жылғы 181,2 $-дан 2005 жылы 430$-ға дейін өскен.
Мектепке дейінгі білім берудегі жағымды өзгерістер динамикасы мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде проблемалардың бар екендігін жоққа шығармайды:
1. Мектепке дейінгі тәрбиені ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету осы күнге дейін мектепке дейінгі тәрбие – бұл мектепке дейінгі ұйым принципі бойынша іске асырылды. Сондықтан, мектепке дейінгі педагогика саласындағы ғылыми-әдістемелік зерттеулердің көбісі мектепке дейінгі мекемелерді ұйымдастыру проблемаларына келіп тірелді. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру методологиясы мойындалмай келді және қажетті нәтиже бермеді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына байланысты, әсіресе ауылдық жерлерде білім алуға қол жетімділік және оларды әдістемелік сүйемелдеу айтарлықтай шектелді. Осының бәрі мектепке дейінгі білім берудің стандарты мен сапасына қойылған талаптардың төмендеуіне әклді.
2. Соңғы уақытқа дейін кәсіптік және ақпараттық мониторингінің қажеттілігіне мән берілмеді, ал мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық кадрларын даярлау мен қайта даярлау жүйесі өте нашар дамыған және еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап бере алмады, бұған қоса, мектепке дейінгі білім беру жүйесі мамандарын даярлау әліде болса дәстүрлі кеңестік үлгіде қалып отыр.
3. Колледждер мен жоғарғы оқу орындары осы бағытта жеткіліксіз тиімді жұмыс істеді, себебі, елімізде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына байланысты мектепке дейінгі мамандарды даярлау қажеттілігі болмады. Қорыта айтқанда, бұл мәселе бүгін ерекше өзекті болып отыр, өйткені мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің педагогикалық мамандарының тапшылығы байқалады, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін педагог мамандығы жастарды қызықтырмайды, осыған байланысты мамандардың «қартаю» тенденциясы байқалады.
4. Мемлекет дамуының бұдан бұрынғы кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қысқаруына байланысты бір миллионнан аса бала үйде «тәрбиеленуде», ал, 2005 жылдың 1 қазандағы мәліметтері бойынша республиканың мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 1283 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, онда барлығы 192,5 мың бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдардың жеткіліксіз дамуы, әсіресе ауылдық жерлерде, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қол жетімділікті төмендетеді. Сонымен қатар, МДҰ- топтарда бала саны жеткілікті түрде толық (40-50 балаға дейін), осының өзі сапалы білім беруде біршама проблемалар тудырады.
5. Жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарын міндетті мектепалды дайындықпен қамтуды кеңейту және оны одан ары дамыту қажеттілігі бар.
6. Мектеп жасына дейінгі дамуы жағынан мүмкіндігі шектеулі балалардың 80% -ға жуығы өмірлерінің ең жауапты кезеңінде денсаулықтарын толыққанды физикалық және психикалық тұрғыда қалыптастыру мүмкіндігінен айырылған.
7. Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасы бұрынғысынша нашар күйде қалып отыр, олардың жалпы саны 1283-нің тек 638-і (57%) ғана типтік жоба бойынша салынған ғимараттарда орналасқан, 544-не (48,6%) күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарды толығымен жабдықтау өзекті мәселелердің бірі: ыстық сумен тек 828 (64,5%) ұйым ғана қамтамасыз етілген, 149-ы (11,6%) – әліде жағатын пешті қолданады, ал 298-де (26,6%) – дәретханалар аулада орналасқан. Бір қатар обылыстарда ауыз су мәселесі шешілмей келеді.
Сондықтан, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің алдағы болатын тамыз конференциясында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және Үкіметтің директивтік, нормативтік құжаттарын талқылауға мүмкіндік жасау керек, нақты айтқанда ҚР «Білім туралы» жаңа Заңының жобасын; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар енгізу, Президенттің халыққа жолдаған «Қазақстанның
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауының негізгі идеяларын жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстар жасау мақсатында білім беру және ақпараттық қызмет көрсету нарығын зерделеу.
Конференцияларда сапалы білім беру қызметін ұсынуды қамтамасыз ету, тиімді іс-әрекет етуші мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту жөніндегі мәселелер принципті баға алуы қажет.
Мектепке дейінгі білім берудің, оқу-әдістемелік әдебиеттердің сапасы, мектепке дейінгі білім беру жүйесін ақпараттандыру, педагогикадағы ғылыми-инновациялық технологиялар негізінде авторлық бағдарламалар құру, мемлекеттік тілде оқыту сапасын арттыру, шетел тілін ерте оқыту және көп тілді білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын әзірлеу жөнінде талқылау қажет.
Мектепке дейінгі білім беру саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру жүйесіндегі стратегиялық басымдықтарды анықтауға, сондай-ақ «мамандар тапшылығы» мәселесін шешуге, үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін дамыту үшін мектепке дейінгі білім беру саласының басымдықтарын анықтау, әлемдік білім беру кеңістігімен ықпалдасуға ерекше назар аудару керек.
Конференцияны ұйымдастыру тәртібін, жұмыс жүргізу нысандарын білім беруді басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы билік органдарының келісімімен жергілікті жердің жағдайы мен мүмкіндігін есепке ала отырып, анықтайды. Конференцияға қатысуға жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы билік органдарының, педагогикалық қауымның, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, шаруашылықтар, кәсіпорындар басшыларын тартуға болады. Пленарлық және секциялық отырыстарды өткізген орынды деп санаймыз.

Мынадай әдістемелік бірлестіктердің секциялық отырыстарын өткізуді ұсынамыз:

1. мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары;
2. мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері;
3. мектепке дейін білім беру ұйымдарының ерте жастағы топтардың тәрбиешілері;
4. жоғары және мектепалды топтарының тәрбиешілері;
5. әлеуметтік педагогтар мен психологтар;
6. ата-аналар қауымы.
Әдістемелік бірлестіктердің секциялық отырыстарында талқылауға мынадай мәселелерді ұсынамыз:
а) аудандық, қалалық, білім басқармалары, бөлімдері мамандары және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының секциясы:
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің сабақтастығын қамтамасыз ету.
1. Қазіргі заманғы жағдайларда мектепке дейінгі ұйымдарды басқару.
2. Бала құқығы. Ата-аналар, педагогтар, барлық деңгейдегі басшылар.
3. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының іс-әрекетерін әдістемелік-ұйымдастыру және нормативті-құқықтық қамтамасыз ету.
4. Балалармен, ата-аналармен, ұжыммен жұмыс істеудегі әлеуметтік бағыттылық.
5. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың басым бағыттары туралы.
6. Күнделікті педагогикадан – даму педагогикасына.
7. Мектепке дейінгі білім беру стандарты қандай болмақ? (Мектепке дейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының Техникалық талабын және жобасын жасаудың толық жоспарын талқылау)
8. Мектепке дейінгі ұйымдар маманының негізгі құзыреттері.
9. Мектепке дейінгі ұйымдардың жергілікті атқарушы билікпен өзара әрекет жасауы.
10. Тиімді әрекет етуші мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту жағдайындағы мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы.
11. Менеджмент білім беруде нәтижеге қол жеткізудің тиімді құралы ретінде.
12. Мектепке дейінгі ұйымдардың маркетингтік қызметінің жүйелі үлгісі.
13. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту.
14. Басқарушы кадрларды дайындаудағы жаңа тәсілдер туралы.
15. Білім берудің құзыретті, тұлғаға бағдарланған бағыттылығы – қазіргі заманның тұжырымдамалық мәселесі.
16.Білім беру мазмұнын жаңарту және басқарудың инновациялық технологиялары.
17. Кәсіби құзыреттілік, қазіргі заманғы жағдайларда басқарушы тұлғасын өздігінен дамыту негізі ретінде басқарушының имиджін қалыптастыру.
18. Білім беруді басқарудағы аттестаттаудың рөлі. Білім беру ұйымдарын, қызметкерлерді аттестаттаудың ынталандырушы және жігерлендіруші рөлі.
19. Жалпы білім беретін ұйымдардың түлектерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етудегі білім беруді басқару органдарының іс-әрекеті және өңірлік еңбек нарығы: әлеуметтік-құқықтық аспектілері.
20. Білім беру ұйымдарын лицензиялау және мемлекеттік аккредиттеу: жай-күйі, проблемалары, болашағы.
21. Білім беру ұйымдарындағы қосымша тегін және ақылы білім беру қызметтері жүйесін қалыптастырудың құқықтық негіздері.
22. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының жұмысында балалар құқығын қорғау мәселелері.
23. Ауылдық жерлердегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолайлылығы туралы.
24. Ауылдық жерлерде орналасқан мектепке дейінгі ұйымдар желісін құрылымсыздандыру.
25.МДҰ-дағы инновациялық процестерді басқару.

ә) білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілерінің (директорларының) орынбасарлары мен әдіскерлерінің секциясы:
1. Ғылым мен практиканы ықпалдастыру проблемалары 12 жылдық білім беруге көшудің негізі ретінде.
2. ҚР үздіксіз педагогикалық білім беру кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың жаңа кезеңі ретінде.
3. Білім процесінің мониторингі мектепке дейінгі білім беру сапасы тиімділігінің негізі ретінде.
4. Педагогтардың зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру кәсіби құзыреттілікті арттыру құралы ретінде.
5. Білім беру мекемелері іс-әрекетінің нормативтік-құқықтық негіздері.
6. Бастауыш мектеп және мектепке дейінгі ұйымдар жағдайындағы сабақтастықты іске асыру проблемалары.
7. Балабақшаның қазіргі заманғы тәрбие жүйесін дамытудағы тұжырымдамалық тәсілдер.
8. Мектепке дейінгі ұйымдарға инклюзивті білім беруді енгізудің артықшылықтары.
9. Балабақша жүйесіне инновациялық (авторлық) бағдарламаларды енгізу және әзірлеу технологиясы.
10. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа білім беру технологияларын пайдалану.
11.Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
12. Ата-аналарды білім беру процесіне тартудың инновациялық әдістері.
13. Табысты педагогикалық іс-әрекетті ынталандыру жүйесі.
14. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстардың дәстүрлі емес нысандары туралы.
15. Мектеп жасына дейінгі балаларды шетел тіліне үйретудің қазіргі заманғы әдістері.
16. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі «Өзін-өзі тану» курсының рөлі.
17. МДҰ бағдарламалық-әдістемелік жарақтандыру: проблемалары мен болашағы.
18. Бағдарлама – «Балабақша-мектеп» жүйесіндегі сабақтастықты іске асырудағы мақсатты тәсіл.
19. ОӘК - білім сапасын ақпараттық-заттық жарақтандыру ретінде.
20. Білім беру стандарттары мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастырудың негізі ретінде. (Мектепке дейінгі білім берудің жалпыға
міндетті мемлекеттік стандарттарының Техникалық талабын және жобасын жасаудың толық жоспарын талқылау)
21. Отбасында мектеп жасына дейінгі баланың заттық-дамытушы ортасын ұйымдастыру.
22. Балабақша және отбасы бірыңғай ойын кеңістігінде.
23. МДҰ топтарындағы заттық-дамытушы ортаны зерттеу әдістері.
24. МДҰ-да қысқа мерзімді уақытқа келу топтарын ұйымдастыру.

б) ерте жастағы балалар топтарындағы тәрбиешілердің секциясы:
1. Баланың ерте дамуының әдістемелік және психологиялық-педагогикалық негіздері.
2. Ерте жастағы балаларды бейімдеудегі жаңа тәсілдер.
3. Ерте жастағы ойын технологиялары.
4. Ерте балалық шақтағы тұлғаны дамыту.
5. Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістіктегі балалар мен ересектер.
6. Ерте жаста тұлғаны дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған ата-аналармен бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру мен негізгі мазмұны.
7. МДҰ басқарудың жаңа әдістері: инновациялар, тәжірибе, эксперимент.
8. ОӘК білім сапасын ақпараттық-заттық жарақтандыру ретінде.
9. Тәрбие процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.
10. Ерте жастағы сенсорлық тәрбие – бала дамуының негізі ретінде.
11. Ерте жастағы топтардың оқу-тәрбие процесіндегі денсаулықсақтаушы технологиялар.
12. Баланы ерте жастан физикалық және интеллектуалдық дамуы.

в) ересек және мектепалды топтар тәрбиешілерінің секциясы:
1. Ересек топтардағы және отбасыдағы заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру.
2. Білім беру стандарттары - оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыру негізі ретінде. (Мектепке дейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының Техникалық талабын және жобасын жасаудың толық жоспарын талқылау)
3. Тәрбиешінің әдістемелік жұмысы: оны қалай шығармашыл және тиімді етуге болады?
4. Білім беру кеңістігінде балаларға деген саралаушы тәсілдерді жетілдіру.
5. Бала дамуының бірыңғай кеңістігі аясында МДҰ мамандарын ықпалдастыру және үйлестіру.
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды шетел тіліне оқытудың қазіргі заманғы әдістері.
7. Балабақша жүйесіне инновациялық (авторлық) бағдарламаларды енгізу және әзірлеу технологиясы.
5. Бала дамуының бірыңғай кеңістік шеңберінде МДҰ мамандарын біріктіру және үйлестіру.
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды шет ел тіліне оқытудың қазіргі заманғы әдістері.
7. Балабақша жүйесіне инновациялық (авторлық) бағдарламаларды енгізу және дайындау технологиясы.
8. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа білім беру технологияларын қолдану.
9. Мектепке дейінгі ұйымдар маманының негізгі құзыреттіліктер.
10. Отбасыда баланы мектепке дайындаудың ерекшеліктері.
11. Мектепте оқытуға коммуникативті дайындық.
12. Мектепалды дайындық жағдайында білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту.
13. Ауылдық жерлерде мектепалды дайындықты ұйымдастырудың ерекшеліктері.
14.Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында дамытушы ортаны құру.
15.Ата-аналарды білім беру процесіне тартудың инновациялық тәсілдері.
16. Мектепалды дайындық бойынша оқу-әдістемелік кешен 5-6 жасар балалардың шығармашылық қабілеттерін белсендірудің көзі ретінде.
17. 12 жылдық эксперименттік мектептің болашақ бірінші сынып оқушыларының дайындық деңгейінің диагностикасы.
18. Тіл дамыту – мектеп жасына дейінгі балалар дамуының интеллектуалдық негізі.
19. Екінші (мемлекеттік, орыс) тілді оқыту процесіндегі қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
20. Балабақшадағы баланың физикалық дамуы.
21. Баланың танымдық-интеллектуалдық дамуының қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдері оның логикалық ойлауының негізі ретінде.

г) психологтар мен әлеуметтік педагогтар секциясы:
1. Мектеп жасына дейінгі балалар дамуының психологиялық-педагогикалық аспектілері.
2. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жағдайында бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін дамыту.
3. Балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеу мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жетістіктерінің кепілі ретінде.
4. Балабақша түлегінің әлеуметтік толысуы.
5. Балаларды мектепте оқуға дайындау барысындағы МДҰ–дың әлеуметтік-психологиялық қызмет.
6. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың қолайлы әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері.
7. Қазіргі замандағы әлеуметтік тәрбие.
8. Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік даму технологиясын игереміз.
9. Ұстамдылық – мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру шарты ретінде.
10. Білім беру ұйымдарындағы қосымша тегін және ақылы білім беру
жүйесін қалыптастырудың құқықтық негіздері.
11. Мектепке дейінгі ұйымдар мен білім басқару органдарының жұмысында балалар құқығын қорғау мәселелері.
12. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту сабақтастығын қамтамасыз ету.
13. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қарым-қатынастарды тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық принциптері.
14. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қарым-қатынастарының проблемалық нысандары.

д) мектепке дейінгі ұйым басшыларының және ата-аналар қауымының секциясы:
1. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту сабақтастығын қамтамасыз ету.
2. Балабақша түлегінің әлеуметтік толысуы.
3. Мектепке дейінгі білім беру стандарттары – ата-аналар-серіктес көзқарасы тұрғысынан. (Мектепке дейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының Техникалық талабын және жобасын жасаудың толық жоспарын талқылау)
4. Бала құқығы. Ата-аналар, педагогтар, барлық деңгейдегі басшылар.
5. Ұжым, ата-аналар, балалармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік бағыттылық.
6. Білім беру ұйымдарындағы қосымша тегін және ақылы білім беру жүйесін қалыптастырудың құқықтық негіздері.
7. Мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беруді басқару органдарының жұмысында балалар құқығын қорғау мәселелері.
8. Ауылдық жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолайлылығы туралы.
9. Ата-аналарды білім беру процесіне тартудың инновациялық әдістері.
10. 12 жылдық эксперимент мектебінің болашақ бірінші сынып оқушыларының дайындық деңгейінің диагностикасы.
11. Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтына баулудағы ата-аналардың рөлі.
12. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті.
13. Ата-аналардың білімін кеңейтудегі кеңес беру пункттерінің рөлі.
14. Мектепке дейінгі білім беру проблемаларын өзектендірудегі БАҚ-ның ықпалдастық рөлі.

Әдістемелік-нұсқау хатқа қосымша

І. Тамыз педагогикалық кеңестерінің пленарлық отырысына
арналған үлгілік нысандарын ұсынамыз

1. Рефлекстік-ұйымдастыру конференциясына өңірдегі, аудандағы, мектептегі өзгерістердің жылдық жобасы жасалады. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасын құрыла алатындай жекелеген ата-аналар, балалар, педагогтардың бастамалық жобалары ұсынылады. Осы уақытқа дейін айқындалған бірнеше негізгі қарама-қайшылықтарды алдын-ала тұжырымдап алып, оларды талқылау нысанына айналдыру қажет. Осындай конференцияны өткізу үшін: конференция жұмысын жобалық бейне түрінде ұйымдастыру, яғни, үш кезеңмен өткізу: түпкі ой – іске асыру – рефлексия (нәтижелерді рәсімдеу);
жеке жұмыс жүргізу үшін бөлінетін топтарға бөлу қажет, ал, жалпы пленарлық отырыста әрбір топтың жұмыс нәтижесі баяндалады; конференцияда жұмыс барысында туындаған жағдайларды басқаратын және оның түпкі ойларын іске асыратын, алдыға қойылған міндеттерді, проблемаларды және оларды шешудің жолдарын іздестіруде пікір-талас ұйымдастыра алатын құзыретті жүргізуші болу қажет; конференцияны өткізуге қазіргі заманғы басқару және қызметті ұйымдастыру мәдениетін пайдаланатын, рефлексиялық білім тәжірибесінде жұмыс істеуді үйренуге дайын дарынды, бастамашыл адамдарды тарту қажет.
2. Конференция ұйымдастыру-іс-әрекеттік ойын түрінде – бұл проблеманы қою және шешу бойынша өткізілетін ұжымдық жұмыс нысаны. Осы конференцияны өткізу барысында конференцияға қатысушыларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. МДҰ басшылары және ата-аналар;
2. Педагог-тәрбиешілер;
3. Мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет етуге дайын психологтар мен педагогтар;
4. Білім беру ұйымдарына қатысы жоқ сала өкілдері – білімге тапсырыс берушілер.
3. Білім беру форумы – бұл тамыз педагогикалық кеңесінің аясында жәрмеңке-көрме, іскерлік, ғылыми және мәдени шараларды біріктіретін нысан. Бұл білім беру форумы аудандық, облыстық деңгейде 3 кезеңде өтеді:
- бірінші дайындық кезеңінде (мамыр айы) білім беруде шешілуі тиіс проблемаларды, қиындықтарды, тапсырыстарды анықтау мақсатында диагностикалық-талдау жұмысы жүргізіледі;
- екінші кезеңде сұраныстарды қанағаттандыру, кемшіліктерді жою, шешу жолдарын іздестіру, анықтау бойынша әдістемелік қызметтері қарастырылған семинар-кеңестер өткізіледі.
Облыстық форумды дайындаудағы әдістемелік қызметтің рөлі осы жерде атқарылып отырған жұмыстардың ішіндегі құнды тұстарын аккумуляциялаудан, жергілікті орындардағы проблемаларды шешуден, сараптаудан, жинақтаудан және жұмыс тәжірибесін зерттеуден тұрады.
Осы жұмыстың нәтижесінде білім беру мекемелерінің алдыңғы озық іс-тәжірибелері ұсынылатын жәрмеңке-көрме өткізіледі. Осылайша, есеп беру және баяндамалар орнын білімнің қалай дамып келе жатқанын өз көзімен көруге мүмкіндік беретін көрнекі материалдар басады;
- тамыз форумының үшінші кезеңінде білімді дамытудың болашағы анықталады және айырықша маңызды бағыттар бойынша жасалған жұмыстардың қорытындыланады.
Білім беру форумы жалпы алғанда, қайсыбір проблеманы жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретін үш бағытты біріктіреді, олардың ең негізгісі – білім беру мазмұнын жаңарту, оның сапасы және дидактикалық түсініктілігі.
4. Интернет-педагогикалық кеңес телемарафондар, педагогикалық ойлар фестивалі, «ыстық линиялар» түрінде өтеді. Интернет-педкеңес өңірлерден келген білім қызметкерлерінің қарым-қатынасын, тәжірибе алмасуын қамтамасыз етеді, жоғарғы ұйымдарға және педкеңестің басқа да қатысушыларына – заңгерлер, психологтар, экономистерге толғандырып, қызықтырып жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік береді.
1) Телемарафон интерактивті қарым-қатынас жасаудың бір түрі болып табылады және педагогикалық қызметкерлерге Интернет пен спутниктік байланыс арқылы білім беру проблемаларын кеңінен талқылауға мүмкіндік береді. Телемарафонға қатысу үшін оқушылар, ата-аналар мен қауымдастықтар байланысқа шыға алады және олардың марафон тақырыбы бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндіктері бар.
2) Педагогикалық ойлар фестивалі – «Ашық сабақ» барлық білім қызметкерлеріне өзіндік педагогикалық ойлар мен жаңалықтарды жариялау үшін ашық мінбені ұсыну мақсатында өткізіледі. Қатысуға арналған мәлімдеме ұйымдастыру комитетіне поштамен жіберіледі, сондай-ақ фестиваль сайтына беруге де болады. Ұсынылатын материалдардың тақырыбына шек қойылмайды, бірақ та олар фестиваль тарауларының біреуіне арналуы тиіс. Белгіленген өлшемдер бойынша материалдардың сәйкестігі туралы шешімді фестивалдің ұйымдастыру комитеті қабылдайды.
Фестиваль тараулары:

- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс;
- мектепалды дайындық;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын басқару;
- сыныптан тыс жұмыс;
- педагогикалық технологиялар;
- ата-аналармен жұмыс;
- психологиялық қызмет;
- әлеуметтік педагогика.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды техникалық өңдеуден өткізеді және түзету құқығын өздеріне қалдырады. Бұдан кейін қатысушылардың материалдары фестиваль сайтына орналастырылады. Фестиваль аяқталған соң әрбір қатысушыға қорытынды құжаттар диплом, фестивальға қатысушылар туралы мәліметтер және олардың фестивальға ұсынған барлық материалдары басылған кітапша салынып жіберіледі. Фестивальді ұйымдастыру және өткізу мерзімі жергілікті басқару органдарының шешімімен белгіленеді.
5. Қашықтықтан өткізу конференциясы (өткізу технологиясы)
Педагогикалық қашықтықтан өткізу клнференциясы қашықтықтан-тікелей өткізіледі. Телекоммуникацияның артықшылығы барлық аймақтарда әрбір оқу жылының басында өткізілетін дәстүрлі тамыз жиыны және ұстаздар кеңесімен біріктіріледі. Қатысушылар:
1. Ұйымдар - Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі білім беру департаменттері, министрлік, бөлімдер мен комитеттер, біліктілікті жоғарлату институттары, жоғарғы оқу орындары және олардың бөлімшелері, мектептер, лицейлер, гимназиялар, әдістемелік бірлестіктер, орталықтар, қосымша білім беру мекемелері, қорлар және т.б.
2. Жеке тұлғалар – гимназиялар, лицейлер, мектептер әкімшіліктері және мұғалімдері, әдіскерлер, жоғары оқу орындарының педагогтары, ғалымдар, оқушылардың ата-аналары.
Тіркеу. Қашықтықтан өткізу конференциясына қатысу үшін тіркеліп қою керек. Бұл үшін белгіленген формадағы мәлімдемені ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы жіберу қажет. Міәлімдеме формасы конференция туралы Ережеде көрсетіледі.
Мастер-кластар және секциялар. Қашықтықтан өткізу мастер-кластары кейде конференция шеңберінде өткізіледі, оған қатысу ақылы негізде болады. Мастер-класс кезінде әр түрлі өзекті тақырыптарға арналған сабақтар өткізіледі. Мысалы: 5-ші Бүкілресейлік дистанттық конференция кезінде секциялар дистанттық-профильді – гуманитарлық профиль, математикалық-жаратылыс, технологиялық оқыту бойынша өткізілді.
Баяндамалар және сөз сөйлеу. Тіркелген қатысушылар конференцияның өту мерзімі ішінде баяндамалар мен басқа да материалдарды ұйымдастыру комитетінен электрондық пошта арқылы алады. Бұл материалдар арнаулы басылымдарға жіберіледі, конференция барысында басылымдар саны 15-20 және одан да көбірек болуы мүмкін.
Тікелей талқылау. Тіркелген қатысушы ұжымдардың (мектептер, білім департаменттері және т.б.) жергілікті координаторлары өз әріптестеріне конференция материалдарын жіберуді және конференцияның ұйымдастыру комитетіне алынған материалдардың талдау нәтижелері мен сұрақтарын, олардың пікірлерін салып жібереді қамтамасыз етеді. Конференцияға қатысушы ұжым ретінде тіркелген ұйымдар олардың жіберген материалдарын өздерінде өткізілетін тамыз конференциясына, семинары мен отырыстарына енгізеді, мұғалімдер мен басқа да білім қызметкерлерімен оларды талдауды ұйымдастырады, ғалым-авторларына
сұрақтар жібереді, талқыланатын мәселелер бойынша өз тұжырымдарын ұсынады.
Дистанттық талқылау. Конференцияның ұйымдастыру комитеті тіркелген қатысушылардың жіберген пікірлерін, лебіздерін, сұрақтарын, баяндамаларын конференцияның келесі басылымдарына енгізеді және проблемаларды талқылауды ұйымдастырады.
Өзекті материалдарды жылдам алу. Дистанттық тамыз конференциясы БЖИ, мектептер, аймақтық білім басқармаларының басшылары үшін ерекше маңызды. Дистанттық конференцияға қатыса отырып олар өздерінде тамыз конференциясы мен ұстаздар кеңесін өткізу үшін жаңа материалдар алу мүмкіндігіне ие болады. Алынған материалдар негізінде жергілікті жерде өткен пленарлық отырыстар кезінде білім берудің қазіргі жағдайы туралы баяндамалар дайындалады, пәндік секцияларда талқылау өткізіледі.
Конференция нәтижесі. Конференция қаралған және талқыланған материалдардың қорытындысымен аяқталады. Конференцияның нәтижесі конференцияға қатысушылардың эксперименттік-тәжірибе жұмысында және болашақ ғылыми-практикалық жоспарлау барысында көрсетіледі.

ІІ. Секциялық отырыстарға арналған

1. Виртуалды әдістемелік бірлестік – бұл оқу орындары құрған WEB-сайттар немесе серверлер, яғни берілген электрондық деректер базасына еркін кіруге қол жеткізу арқасында білім ұйымдарының жұмысын кеңейтету. Деректер базасының негізгі принципі пән бойынша материалдарды барынша толық беру, қажетті ішкі және сыртқы байланыстарды ұйымдастыру, берілген оқу материалын айырықша тиімді қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттар ұсыну. Жеке компьютерде жұмыс істейтін және деректер базасының жұмыс әдісімен қаруланған педагог қолайлы жұмыс кестесін таңдап алады. Оның қалауы бойынша сол немесе басқа материалды зерделеу формасы жеке немесе топтық-тренингтік болуы мүмкін. Оқыту бағдарламалары, бейнелекциялар, аудиокурстар қолданылады. Бұның бәрі материалды жылдам меңгеруге және сол немесе басқа кәсіби проблемаларды практикалық тұрғыда шешуге көмектеседі.
2. Жобаларды қорғау. Қорғау барысында белгіленген уақыт беріледі. Белгіленген уақыт ішінде автор жобаның өзектілігін, мақсаты мен міндетін, зерттеу әдістерін, ғылыми болжамын, жаңашылдығын, зерттеу кезеңдерін, қойылған мәселенің түйінін ашып баяндап беруі керек. Жобаны қорғау барысында қатысушы дайындалған материалдарға сүйенуіне болады. Жобаны қорғау кезінде эксперименттік, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттері мен шығармашылық жұмыс тәжірибесі туралы айтып беруге болады. Жобаны қорғау: жеке, топтық, ұжымдық түрлерге
бөлінеді. Жобаны қорғау бойынша бағалау өлшемдерін дайындайтын сараптау тобын жергілікті басқару органдары анықтайды. Жобаны қорғау – педагогтардың кәсіби біліктілігін жоғарлатудың негізі болып табылады. Оны жүзеге асыру барысында дәстүрлі баяндамалардың орнына қатысушының шығармашылық іс-әрекеті ұсынылады.
3. Тренинг – бұл топтық жұмыстың белсенді әдістемесіне негізделген арнайы ұйымдастырылған өзара әрекет жасау формасы.
Тренингтің құрылымы:
1. Танысу: бұл үшін әр түрлі ойындар қолданылады;
2. Топтың ережесі тренингтің басында әрбір топтың координаторларымен бірігіп құрылады;
3. Маңызды бөлімі: «миға шабуыл» қолдану арқылы тренингтің мақсаты ашылып жүзеге асырылады.
«Миға шабуыл» алгоритмі:
Анықтама: проблемалар, жұмыстың мақсаты (неге жету керек), диагностика, не жасалынды немесе нені жасауға тырысады.
Ой-пікір айту: жеке (әркім өз бетімен ойлайды), топтық, ми әрекеті, идеяларды таңдап алу және оларды жүзеге асыру.
§ Қорытындысын шығару: рефлексия, бағалау.

4. Дөңгелек үстел, пікірталас клубы кәсіби диалогты, пікірталасты және кеңесті қамтамасыз етеді. Диалог, пікірталас ғылыми-практикалық сипатта болу үшін, ғалымдарды, танымал педагогтарды, жаңашыл-ұстаздарды тарту керек. Пікірталастың сұрақтары бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ашық сайтта алдын-ала жарияланады. Проблемалық сұрақтардан басқа осы жерде жарлықтар, нормативтік актілер талқыланады және жаңа міндеттер анықталады.
5. Секция жұмысын жоспар бойынша құруға болады:
- өткен кезеңнің жұмысын талдау;
- жаңа оқу жылына арналған міндеттер;
- перспективалық жоспарлау;
- жұмысты жетілдіру жолдары, кемшіліктерді жою тәсілдері;
Жоғарыда айтылған тамыз кеңесін өткізу нысандарынан басқа: мастер класс, шығармашылық жұмысты қорғау, инновациялық технологиялар аукционы, балама оқулықтарды саралау, әдістемелік ойлар панорамасы, бағыт бойынша секция жұмыстары, тәжірибе алмасуға арналған конференция, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу, әлеуметтік-педагогикалық фестиваль, яғни, қоғамды, қалың бұқараның (атқарушы және өкілетті өкімет, бизнесмендер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар және т.б.) назарын аударатын жарқыраған, ауқымды акция лар өткізу ұсынылады.
 
Форум » Жалпы қоғам » Колледж » Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық әдістемелік-нұсқау (Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық әдістемелік-нұсқау)
Страница 1 из 11
Поиск: