Жұма, 29.03.2024, 01:57
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақстандағы №1 - сайт

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Жалпы қоғам » Университет » Университет - Құрылымдық бөлімдер (Университет - Құрылымдық бөлімдер)
Университет - Құрылымдық бөлімдер
AmankulovДата: Сәрсенбі, 30.08.2011, 11:19 | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Сайтың бастығы
Сообщений: 15
Репутация: 0
Статус: Отырған жоқ


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мемлекетіміздегі ең ірі ЖОО-ның бірі.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Республикамыздағы ең ірі мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет 62 мамандық бойынша бакалавриат, 31 мамандық бойынша магистратура және 6 мамандық бойынша PһD – докторантура мамандарын дайындайды. ТарМУ-да барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар бөлінген. Сонымен қатар, университетте әскери кафедра жұмыс істейді.
Университетте 41 кафедраны біріктіретін 9 институт бар. Олар: «Мұнай газ ісі»; «Су шаруашылығы, экология және құрылыс»; «Ақпараттық жүйе және технология»; «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар»; «Экономика және бизнес»; «Заң» институты; «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті жоғарылату» институты; «Сырттай және қашықтан оқыту» институты; Қаратау қаласында орналасқан «Жалпы инженерлік, қашықтан оқыту» институты. Білімгерлердің контингенті 10 мыңнан астам, оның ішінде мыңнан астамы мемлекеттік грант бойынша оқиды.
Білім ордамызда 600 оқытушы, оның ішінде 29 ғылым докторлары, профессорлар, 179 ғылым кандидаттары, доценттер, 6 PhD докторлар бар. Бұл дегеніміз, ТарМУ ұжымы ғылыми-педагогикалық деңгейі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамынан тұрады. Оқытушылардың 95% сабақты мемлекеттік тілде жүргізеді. Елбасының тапсырмасы бойынша, 2006 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінде «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атты конкурс өткізіледі. Осы уақытқа дейін біздің университеттің 15 оқытушысы осы құрметпен марапатталды.
Университеттің алдыңғы қатарлы ғылым кадрлары докторантура бойынша республикалық мемлекеттік білім стандартын жасауға қалтықсыз қатысты. Осындай нәтижелі көрсеткіштердің арқасында, университетіміз Қазақстанның ғылыми мамандықтары бойынша докторлық (PһD) бағдарламаларын жасау тапсырылған 5 ЖОО-ның құрамына кіреді.
2006 жылдың 15 қыркүйегінде Болон (Италия) қаласында өткен университеттердің Ұлы Хартиясы президиумының шешімі білім ордамыздың ең үлкен жетістігі болып табылады. Яғни, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ұлттық білім беру саласындағы әлемнің 600 көшбасшы университетін біріктіретін Хартия Коллегиясының толық мүшесі болды. ТарМУ-дың Университеттердің Ұлы Хартиясына кіруі маңызды тарихи оқиға. Бұл әлемдегі көшбасшы жоғарғы оқу орындарымен білім, ғылым саласында ғана емес, мәдени, саяси салада да ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
2007 жылы университетіміздің бастамасымен, жалпы даму стратегиясын анықтауда және әрі қарай еліміздің халықаралық ұстанымын нығайту жолында қызмет ететін қазақстандық жоғарғы білім ордаларының ынтымақтастығын күшейту мақсатында ТарМУ мен еліміздің ірі ЖОО арасында Қазақстан университеттерінің Меморандумына қол қойылды. Бұл құжатта қазақстандық жоғарғы оқу орындары жұмысының негізгі қағидалары көрсетілген. Қазақстандық ЖОО-ның ынтымақтастыққа деген құлшынысын білдіретін аталмыш меморандумға қойылған қол отандық білім беру жүйесін жетілдіру жолындағы сапалы жаңа деңгей болып табылады.
ТарМУ 2004 жылдан бастап оқытудың кредиттік технологиясына толығымен көшкен алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі. Университет негізінде кредиттік жүйемен оқытуды жүзеге асыру бойынша Республикалық консалтинг орталығы жоғары деңгейде қызмет етеді.
2005 жылы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ИСО – 9000-2001 Халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған. Жан-жақты басқару «Университет» интегративті білім жүйесін жасау мен еңгізу, яғни Visual FoxPro және Delphi бағдарламалау тілімен SQL Server платформасының базасы жолымен сапалы және үздіксіз ақпарат алмасуға қол жеткізді.
2008 жылы басқару үрдісіне «Tamos University Suite» білім порталы еңгізілді. Соның көмегімен білімгерлер сабақ кестесін, сабақ үлгерімін кез-келген уақытта көре алады және силлабустарын on-lineға аударып алуға мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, Қазақстандағы 10 жоғарғы оқу орындарының ішінде университетімізде 2007 жылы «Зерттеудің наноинжерерлік әдістері» атты ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды. Қазіргі уақытта университет ғалымдары шет ел мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Зертханалар ашу – ғылыми зерттеу интенсификациясына, ұғылым мен білім интеграциясына, өнім мен инновациялық технологиялар коммерциализациясына мүмкіндік береді.
 
Форум » Жалпы қоғам » Университет » Университет - Құрылымдық бөлімдер (Университет - Құрылымдық бөлімдер)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: